Материалдар / Тоғыз құмалақ

Тоғыз құмалақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.
Авторы:
28 Наурыз 2025
44
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі»

Исбасханов Тимур Шымырбекович

Тн 24-17 топ Студенті: Әріпхан Балжан Асылханқызы

Тоғыз құмалақ ойыны

Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.

Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз.

Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.

Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:

  • Бірліктер-тастар(құмалақтар)

  • Сан орны-отау

  • Сан белгісі-отаудағы тастар саны

  • Нөл-бос отау

  • Бөлшектік белгі-тұздық

  • Теңдік белгі-қазан

  • Қосу белгісі-ойда

  • Алу белгісі-ойда

  • Көбейту белгісі-ойда

  • Бөлу белгісі-ойда

Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:

Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы: Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы: Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы: Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.

Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.

Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:

  • Ондық санау жүйесі: 9 тас

  • Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас

  • Сегіздік санау жүйесі: 7 тас

  • Жетілік санау жүйесі: 6 тас

  • Алтылық санау жүйесі: 5 тас

  • Бестік санау жүйесі: 4 тас

  • Төрттік санау жүйесі: 3 тас

  • Үштік санау жүйесі: 2 тас

  • Екілік санау жүйесі: 1 тас

Санау жүйесінің бағыты: Сағат тіліне қарсы бағытта

Санау жүйесінің ережесі:

Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.

Тоғыз-құмалақ

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. ҚытайдаҚарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес АлтайдаҚарашай-ШеркештеСахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калахМоңғолияда эсон коргоолШри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкалагабатаабапанам-намбаотамподуоомвесомаработ, тұрақты америкалықтарда аджи-ботоварри роунд және роунд, азиялықтарда сунгкапаллангулигонгкак сынды ойындар бар.

Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

Қазақстанда

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.



Тоғызқұмалақ ережесі


Ағаш тақтасы

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

  • 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Тұздық алу ережесі

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

  • 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі