Тоғызқұмалақ ойынының оқушылардың үлгеріміне әсерін корреляция әдісі арқылы есептеу
Конырбаева Ж.М., Балгалиева А.Қ., Турдымбетова А.Ю.
Ақтау қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері
Түйінді сөздер: ойлау қабілеті, тоғызқұмалақ, логикалық ойлау, ойлау жылдамдығы, білім сапасы, үлгерім
Ключевые слова: мыслительная способность, тогыкумалак, логическое мышление, скорость мышления, качество обучения, успеваемость.
Key words: thinking ability, togykumalak, logical thinking, speed of thinking, quality of education, academic performance.
Аңдатпа
Мақала тоғызқұмалақ ойынының оқушылардың ойлау дағдыларын, логикалық есептерді шеше алу қабілеттерінің жақсартудағы рөлін зерделеу арқылы оқушылардың білім үлгерімдеріне ықпалын математикалық корреляция арқылы салыстыруға арналған. Мектептегі тәжірибені зерделеу арқылы тоғызқұмалақ ойыны үйірмеге қатысушы оқушылардың математикалық ойлау қабілеттері, логикалық есептерді шешу қабілеттері және сабақ үлгерімдеріне әсері салыстырмалы сипатталған.
Аннотация
Статья посвящена изучению роли игры тогызкумалак в совершенствовании мыслительных способностей учащихся, способности решать логические задачи, а также сопоставлению влияния игры на рост учащихся путем математической корреляции. На примере школьного опыта сравнительно описано влияние игры в тогизкумалак на способность математического мышления учащихся, умение решать логические задачи.
Abstract
The article is devoted to the study of the role of the game togyzkumalak in improving the mental abilities of students, the ability to solve logical problems, as well as comparing the influence of the game on the growth of students through mathematical correlation. On the example of school experience, the influence of playing togizkumalak on the ability of students to think mathematically, the ability to solve logical problems, and the course of the lesson is comparatively described.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті математикалық сауаттылық деңгейі бірнеше факторлармен анықталады. Оқушының сабақтағы білімді меңгеріп оны талдауы, сонымен қатар, оқушының сабақтан тыс кезде де ой белсенділігімен айналысуы маңызға ие фактор. Оқушының математикалық қабілетін нығайтуда тоғызқұмалақ ойынының маңызы зор екендігі белгілі. Математикалық сауаттылық пен логикалық ойлау қабілеттеріне бағытталған ұлттық ойынның оқушының біліміне қаншалықты әсері бар екендігін зерттеуге бағытталған, бұл іс әрекеттегі зерттеу жұмысының мақсаты: Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы оқушылардың математикалық сауаттылығы мен логикалық есептерді шешудегі қабілеттерін тәжірибе арқылы саралай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде үлгерім және жетістік нәтижелерін корреляциялау.
Зерттеудің міндеттері.
-
Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау;
-
Тоғызқұмалақ ойынының оқушылардың математикалық ойлау белсенділігі мен математикалық сауаттылық деңгейіне ықпалын анықтау.
-
Тоғызқұмалақ үйірмесін қатысушы оқушылардың логикалық ойлау белсенділігі мен үлгерімінің арасындағы байланысты зерделеу
-
Зерттеу нәтижелері мен оқушылардың үлгерім сапасын салыстыру арқылы корреляция көрсеткішін анықтау.
Зерттеу методологиясы: сауалнама, бақылау, синтез.
Бақылау әдісі – әр оқыту стильдеріне сәйкес жоспарланған сабақтарды белгіленген көрсеткіштер бойынша бақылау жүргізу.
Сауалнама әдісі – зерттеу жұмысын бастамас бұрын зерттеу тобындағы мұғалімдердің оқыту стильдері туралы түсініктерін анықтау мақсатында жүргізілді.
Синтез – бұл әдіс арқылы алынған деректерді жинақтап қорытындылау, біріктіре отырып зерттеу қорытындысы мен ұсыныстар әзірлеу кезінде қолданылды. Зерттеу оқыту стильдерін, әр стильдің қай көрсеткіштерде тиімді болатынын талдау.
Зерттеу кезеңдері:
-
Тоғызқұмалақ ойыны туралы деректер жинау, әдебиеттермен танысу;
-
Тоғызқұмалақ ойынына қатысатын оқушылар тізімін алу;
-
Оқушыларға сауалнама жүргізу;
-
Интервью алу;
-
Логикалық тапсырмалар құрастырып, оларға сол тапсырмаларды беру;
-
Әрбір тапсырмаларды орындағанда оқушылардың орындау уақыты мен жылдамдығын мұқият бақылап отыру;
-
Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысатын оқушылардың ойлау белсенділігіне әсерін зерттеу, талдау жасау, бағалау.
-
Тоғызқұмалақ ойыны оқушының білім сапасына қаншалықты әсер ететінін корреляция арқылы есептеу.
Зерттеу нысаны: тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы 7-8 сынып және 9-10 оқушылары.
Зерттеудің жаңашылдығы: Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы оқушыларды зерттеу арқылы тоғызқұмалақ ойынынының оқушының ойлау қабілетіне, математикалық сауаттылығына әсерін анықтауда корреляциялау әдісін қолдану.
Зерттеудің нәтижесі: Тоғызқұмалақтың оқушылардың білім сапасына әсерін корреляция көрсеткіші арқылы есептелді.
Қазақтың көне ұлттық ойындарының бірі – «Тоғыз құмалақ» ойыны. «Тоғыз құмалақ» – логикалық математикалық ойлау мен төзімділікті дамытуға арналған логика мен тапқырлыққа арналған тақтадағы үстел ойыны. Ойын манкала отбасына жатады, оның құрамына вари немесе калах сияқты ойындар кіреді. Ойынның негізін ежелгі моңғолдар мен түркілер киелі санаған 9 саны (9х9=81 және 2х9х9=162) құрайды. Ғылыми әлемде ол «қойшы алгебрасы» деп аталды, өйткені ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық операцияны қолдануы керек. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, тактикаға да құрылған.
Зерттеу жұмысы қазан және желтоқсан аралығында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы 23 оқушы фокус тобы ретінде алынып 3 ай мерзімде зерттеу жүргізілді. Оқушылардан сауалнама немесе логикалық тапсырмалар кезектесіп беріліп отырды. Сауалнамада оқушының үні, ойы, көзқарасы, пікірі мен дамуы ескеріліп отырды. Сонымен қатар, логикалық тапсырмаларды оқушылар тоғызқұмалақ үйірмеге дейін немесе үйірмеден кейінгі уақыттарда орындап отырды.
Зерттеу барысында жүргізілген сауалнама қорытындысы мынадай болды.
|
Нешінші сыныптан бастап тоғызқұмалақ ойнайсыз? |
Тоғызқұмалақ ойынына тәулігіне қанша уақыт жұмсайсыз? |
|
|
|
Сауалнама нәтижелеріне сай үйірме оқушыларының кейбірі (3 оқушы) 1 сыныптан бастап тоғызқұмалақпен айналысып келе жатқанын көреміз.
ОҚушылардың тәулігіне тоғызқұмалақ ойнаумен айналысу ұзақтызы 40 минуттан 1 сағатқа дейін екендігі анықталды. Оқушылар аптасына 3 реттен 10 ретке дейін тоғызқұмалақпен айналасады. Осы сауалнамадан оқушылардың бос уақытын жібермей үнемі даму үстінде жүретіні айқын көрініп тұр. Ал үнемі даму мен іздену бірден бір оқушының білім сапасына да, щығармашылығына да жақсы әсер ететіні бәрімізге белгілі.
Оқушылардың арасында тоғызқұмалақтан басқа да логикалық ойындармен шұғылданатындығын байқалады. Оның ішінде кейбір оқушылар тоғызқұмалақпен де шахматпен де айналысаты байқалды.
Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы оқушылармен әңгімелдесіп, қызығушылықтар мен қалай көмектесетіні туралы шағын сұхбат жүргізілді. Оқушылармен сұхбат барысында төмендегі сұрақтар қамтылды:
Құмалақ есебін есептеу әдісіңіз қандай? Тоғызқұмалақ ойнау дағдысы Сіздің сабағыңызға қалай әсер етеді? Тоғызқұмалақ ойынында сіз бастаушы болғанын құптайсызба? Ойын барысында неше жүрісті болжай аласыз?
Ойын сіз ойлағандай болмаса қандай сезім бойыңызда оянады (өршиді)?
Ойын кезінде қәтелессеңіз ойын соңына дейін реттей алатын арнайы тәсіліңіз бар ма?
Зерттеу жұмысының келесі бағыты оқушылардың үйірмеге дейін және кейін логикалық тапсырмаларды орындауын бақылау.
Оқушыларға мынадай тақырыптарға логикалық есептер берілді.
Бұл логикалық тапсырмалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
1.Миға шабуыл – оқушының креативті ойлау қабілетін оятады, сұраққа жауап іздеу дағдысын қалыптастырады.
2.Фигураларды иллюстрациялау – пішіндердің бейнесін көзге елестете отырып, санай алу.
3.Стандартты емес – оқу бағдарламасы мен жоспарға сай емес тақырыптан өзгеше әлемдегі тапсырмалар.
4.Сыйымдылыққа арналған – ерекше заңдылықты қажет ететін, сұйықтықты бөліп құюға арналған тапсырмалар.
5.Геометриялық интерпретация – берілген нүктелерден өзгеше фигура құрастыру.
6.Жоғары деңгейлі ойлануды қажет ететін тапсырмалар.
7.Талдау жасап, стратегия құру арқылы шығаратын тапсырмалар.
8.Теңдеу құру арқылы шығаратын белгісізі бар тапсырмалар.
Оушылардың тапсырмаларды орындау жылдамдығының үйірмеге дейінгі және үйірмеден кейінгі жылдамдықтары бақыланып, алынған деректер кестеге жинақталды.
|
№ |
Миға шабуыл – Брайн Джим. |
Логикалық тапсырма |
Сыныбы |
Уақыты |
|
|
7-8 сынып |
9-10 сынып |
||||
|
1. |
Дұрыс орындаған оқушылар |
13 |
9 оқушы |
4 оқушы |
2-3 секунд |
|
2. |
Орындауда біраз уақыт жіберіп алған оқушылар |
4 |
2 оқушы |
2 оқушы |
1 минут және одан көп |
|
3. |
Өзгеше жасауға ұмтылған оқушылар |
6 |
3 оқушы |
3 оқушы |
2 минут және одан көп |
Кестеге сай 13 оқушы дұрыс орындады, оның ішінде 7-8 сынып оқушылары 9, 4 оқушы 9-10 сыныптан болды. Уақыт жылдамдығы 2-3 секунд.
Ал 4 оқушы орындауда біраз уақыт жіберіп алды, тапсырманың дұрыс жауабын табуда қиындықтар болды. Уақыт жылдамдығы 1 минут және одан көп. Кейбір оқушылар тапсырманы өзгеше жолмен орындауға тырысты, олар 9 сыныпта - 1 оқушы, 8 сыныпта 2 оқушы, ал 7 сыныпта 3 оқушы.
Оқушыларға берілген
тапсырмаларды орындау нәтижелері төмендегі кестеде
берілген.




