400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Толағай- отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТОЛАҒАЙ»

спорттық жарысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

76 бастауыш мектебі

Өткізген: 3 «А» сынып бастауыш сынып мұғалімі

Сарсенбаева Дана Нураковна

9.02.18.ж. оқу жылы

Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, жалауша, кедергілер,шарлар.ҚР мемлекеттік туы, Гимн,

Өтілетін орны:  Мектеп алаңы

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, матрас, орындық,круг т.б құрал жабдықтар.

Жарыс өтілетін мектеп алаңын дайындау

1.Спорттық жабдықтарды санитарлық-гигеналық талаптарға сай тазалануы.

2. Жарыс алаңын талабына сай дайындау.

3.Жарыста қолданылатын спорт құралдарын реттері бойынша дайындап қою.

4.Жарыс кезінде көмектесуге, құралдарды құруға, жинауға көмекшілерді дайындау.

Өту барысы:

Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Жүрекке толы махаббат» атты өзін-өзі тану пәнәнен бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» спорттық сайысына  қош келдіңіздер!

Оқушылар ортаға шығады.Оларды «Барыс» атты ұлдар командасы, «Қарлығаш» атты қыздар топтары деп , 2 топқа бөлеміз.

1 команда: «Барыс»

2 команда: «Қарлығаш»

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Мектеп меңгерушісі- Полатова Азиза

2. Мектеп медбикесі – Шыршықбаева Бибіхан

3. Мектеп мұғалимасы- Тумашева Гульмира

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

1. «Желаяқтар» сайысы

2. «Футбаскет» сайысы.

3. «Қаңбақ шар» сайысы.

4.  «Мұртты кенгуру» сайысы.

5.  «Пингвин» сайысы.

6.  «Арқан тартыс» сайысы

7. «Тар жол» сайысы

1 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар секіргішпен жылдам кедергілердің арасымен жүгіріп барады да, қайтарда да жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)



Әділ қазылар: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады.

Қайтар жолда жүгіріп келу керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)



Әділ қазылар: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып,

қайтар жолда жүгіріп кету керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Қаңбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

4 конкурс: «Мергендер» сайысы.

Бала допты алып белгіленген сызықтан 8 м ұзақта тұрған кеглилерді атып құлату. Кезектесіп командадағы оқушылардың барлығы допты атады.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Мергендер» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

5 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Қаптың ішіне екі аяқпен кіріп  алып, жерге құламай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре

сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

 (Ата-аналар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

6 конкурс: «Арқан тартыс» сайысы.

Оқушылар ата-аналарымен бірге арқан тартыс жарысына белсене қатысады, арқанның белгіленген қызыл орамал сызықтың қай жағына көбірек өтсе, сол команда жеңіске жетеді..

 (Ойыншылар жарыса бастайды)



Әділ қазылар: Ал енді «Арқан тартыс» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

7 конкурс: «Тар жол» сайысы.

Велосипед камерінің ортасына 2 оқушы кіріп, мәреден айналып келу керек.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Тар жол» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады

Әділ қазылар: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын ағайын!

Бұл сайыста достық жеңді!

1-жүргізуші: Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар!

«Толағай»

Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,

Қ-сы: Толағай, Толағай, Толағай! (хормен)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі