Толағай эстафеталық ойыны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Толағай эстафеталық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Толағай эстафеталық ойыны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТОЛАҒАЙ эстафеталық сайысы

Shape1



Тақырыбы: «Толағай» эстафеталық сайысы

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

2. Оқушылардың демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану;

3. Оқушылардың дене қасиеттерін дамыту, дені сау ұрпақ тәрбиелеу;



Құрметті ұстаздар және оқушылар! Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі қажет. Олай болса, бүгінгі оқушыларымыздың демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 5 – сынып білім алушылары мен сынып жетекшілері арасында ұйымдастырылып отырған «Толағай» эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!

  1. Ұстанған салауатты өмір салтын,
    Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
    Болашақ спортшылар келді ортаға
    Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!


  1. Әр таңды бақытпенен атырамыз
    Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
    Сайысқа қатысуға енді ортаға
    «ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын командаларды шақырамыз – дей келе ортаға бүгінгі спортшы оқушыларымызды шақырамыз.



  1. Алғашқы болып ортаға шығатын, 5 «А» класын қол соғып қарсы алайық. Класс жетекшісі –

  2. Келесі болып ортаға шығатын, 5 «Ә» класын қарсы алайық. Класс жетекшісі –

  3. Ортамызға келесі болып шығатын 5 «Б» класын қол соғып ортаға шақырамыз. Класс жетекшісі –

  4. Келесі болып ортаға шығатын, 5 «В» класын қарсы алайық. Класс жетекшісі –













Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.________________________________________________

2.________________________________________________

3.________________________________________________

4.________________________________________________



Спорттық сайысымыз бес балдық жүйемен бағаланады.

Құрметті жарысқа түскелі тұрған командалар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:

  1. «Таныстыру» кезеңі (команда аты, ұраны, төсбелгісі)

  2. Эстафеталық таяқшамен жүгіру

  3. «Шар мен стакан» икемділер мен шапшаңдар сайысы;

  4. Ептілікті іске қосайық... (теннис шаригін стаанға түсіру)

  5. «Шығыршықтан өтіп көр» Шығыршықпен сайыс

  6. Дәл түсір... (баклашканы лақтырып түсіру)

  7. «Командаңды жина...» Шығыршықпен жүгіру сайысы

Ендеше сайысымызды бастаймыз.


1 - кезең: «Таныстыру» кезеңіне кезек берейік.
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

1. 5 «А» класын ортаға шақырамыз.

2. 5 «Ә» класын ортаға шақырамыз.

3. 5 «Б» класын ортаға шақырамыз.

4. 5 «В» класын ортаға шақырамыз.


2 кезең: «Эстафеталық таяқшамен жүгіру» сайысына кезек береміз.

Шарты: Белгі бойынша әр команда сайыскерлері эстафеталық таяқшаны ұстап жүгіріп барып – келіп таяқшаны келесі сайыскерге береді. Сайыс осылай жалғасады.

  1. кезең: «Шар мен стакан» икемділер мен шапшаңдар сайысы

Шарты: Шарды үру арқылы стаканды іліп алып жүгіріп барып мәреге жинау

4 кезең: Ептілікті іске қосайық... (теннис шаригін стаканға түсіру)

Шарты: Әр команда ойыншылары жүгіріп келіп стаканды көтеру арқылы үстінде тұрған шарикті ішіне түсіру қажет.



5 кезең: «Шығыршықтан өтіп көр» Шығыршықпен сайыс

Шарты: Әр команда жетекшісі ортада екі қолына шығыршық ұстап тұрады. Команда ойыншылары жүгіріп келіп арасынан өтуі қажет

6 кезең: Дәл түсір... (баклашканы лақтырып түсіру)

Шарты: Команда ойыншылары жүгіріп барып баклашканы айналдыра лақтырып дәл түсіру керек. Егер түсіре алмаған жағдайда конустан ұстап 3 рет айналып кері жүгіріп барады.

7 кезең: «Командаңды жина...» Шығыршықпен жүгіру сайысы

Шарты: Команда жетекшісі шығыршық арқылы команда ойыншыларын келесі мәре сызығына жинауы қажет.



Бүгінгі Толағай эстафеталық сайысы осымен аяқталды. Енді сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазы алқаларына беріледі..

«Толағай» әні қосылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі