жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Толағай" отбасылық сайыс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
Тәрбие сағаты:
«Толағай»
отбасылық сайыс
Бастауыш сынып мұғалімі:
Шайгөзов А.И.
Шайгөзова Г.Қ.
2011-2012 оқу жылы
«Толағай» отбасылық сайыс
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа еліміздің қорғаны , әр отбасының тірегі асқар таудай әкелер. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен асыл жандар, отбасының ұйытқысы аналар мен құлын тайдай тулаған, думандатып шулаған, шаңырақты шаттыққа бөлеген балалар қатысып отыр.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Айдралиевтер, Задарожный, Қалмұрзиновтар, Махановтар отбасын ортаға шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Құрметті жарысқа қатысушылар мен көрермен қауым!
Бүгінгі өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысы ел тәуелсіздігінің
20 жылдығына және салауатты өмір салтын насихаттауға арналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халқымыздың дені сау, ұрпағымыздың білімді азамат болып өсуі керек. Өйткені елдің болашағы жастардың еншісіне де тиетін болады.
Бүгінгі отбасылық мерекеге байланысты әр шаңыраққа шаттық тілей отыра, жарысқа қатысуға тілек білдірген ағайындарға алғысымды жеткізіп, рахмет айтамын.
Әнұран орындалады
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. ----------------------------------------------------
2.-----------------------------------------------------
3.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шмелев В.Ю.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасында
|
Топтың аты |
Таныстрыу |
Нысанадан өткізу |
обруч |
мерген |
кенгуру |
Ұзындыққасекіру |
Эстафета сайысы |
|
|
«Бәйтерек» тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Батылдар» тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Рамашка» тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Астана» тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегі --------------------------------------------------------------беріледі.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Батылдар»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Рамашка»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.
«Астана» тобы
2.Нысанадан өткізу. Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.
3. Обруч.
4.Мерген.
5.Кенгуру.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
6.Ұзындыққа секіру. Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.
7.Эстафета сайысы
ІІІ.Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.



шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген