Материалдар / «Толағай» отбасылық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Толағай» отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дене бітімін жақсарту,оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. ¬Өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс 

Мақсаты:Балалардың дене бітімін жақсарту,оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. ¬Өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты – болашаққа жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Осындай мақсатпен ұйымдастырылған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа «Біз көңілді балалар», «Гүлдер» орта топтарының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларды шақырамыз.
Жүргізуші:Әнұраным, жан, ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам-Әнұраным
(Әнұран орындалады).

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер,-деп әділқазы алқасымен таныстыру.


Спорттық сайысымыз 9 кезеңнен тұрады.Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші: Сайысқа 4 отбасы қатысады.!.




«Сұңқар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық

«Көгершін» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық

«Тұлпар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық

«Қарлығаш» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық



1 сайыс. Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
(Топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтады).
1. «Тұлпар» тобы
Біздің ұранымыз:
Биіктерге тұрамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бірлікпенен күш қосып 
Тұлпарларша шабамыз


2. «Көгершін» тобы
Біздің ұранымыз:
Көгершін самғар әлемді
Қабылда біздің сәлемді 
Қарлығаш пен Сұңқардай
Құспыз ғой бізде кәделі


3. «Сұңқар» тобы
Біздің ұранымыз:
«Сұңқардай самғаймыз
Жарыстан қалмаймыз».
Жеңіске жетеміз-деп,
Жалынды ұран тастаймыз.


4. «Қарлығаш» тобы 
Біздің ұранымыз:
Қарлығаш тобы сіздерге
Жалынды сәлем береді
Сүрінбей өтіп сындарған
Жалынды ұран тастаймыз
Жүргізуші:Жанға қуат-шынығу,
Жаттығу,тынығу.
Сымбатты болуда,
Спорттың жолында, - деп сайысымызды бастамас бұрын
сіздерді дене қыздыру жалпы жаттығуын жасауға ортаға шақырамын.
( Ән ырғағымен жалпы жаттығу орындалады )


Жүргізуші: Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойлайды.
Бала өсірген ата – ана,
Бала болып ойнайды.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық! – деп келесі сайысымызды бастаймыз.

2. « Навигатор » сайысы
Шарты: Топ мүшелері анасымен әкесі жұптасып бір-біріне арқа сүйеп,допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру.

3. «Секірмек »
Шарты: Бірінші ойыншы анасы скакалкамен секіріп белгіні айналып өтеді.. Екінші әкесі допты аяқ ортасына қысып секіріп келу ал үшінші ойыншы баласы атпен шауып келеді.


4. «Кенгуру »
Шарты: Ойын шарты:Әр команда мүшесі допға мініп,кедергілерден өтіп,белгіленген мәредегі кішкентай допты алжапқышқа салып өз командасына әкелу.натижесі кім көп доп жинайды.



Әрбір қазақ баласы,
Дәл осылай билесін.
Жар салып, алты Алашқа,
« Қара жорға » билесін!
5. « Қара жорға биін нақышына келтіріп билеу »


6. «Суретши.»
Шарты: Әкеси жүгіріп барып үйдің суретін салады,анасы жүгіріп барып үйдің қасына талдың суретін салады,соңында баласы барып күннің суретін салады.


7. «Құлатып алма»

Шарты: Әр отбасы мүшесі әкесі,анасы,баласы басына құм салынған қапты қойып белгіленген орынға дейін барып,кері қайту керек.Мақсат құма салынған қапты құлатып алмау.

8. «Баланы тамақтандыр.

Шарты: Әкесінін көзі байланады.Көзі байланулы қалыппен қарама-қарсы жақта столда тұрған конфетти алып анасына акеліп береді,анасы бір қырымен секіріп белгіленген мәреден өтіп конфеттің сыртын ашып балаға әкеліп беру керек.


9. «Тату отбасы».

Шарты: анасымен әкесі қолды айқастырып баланы отырғызып белгіні айналып оту керек.Кім бірінші келеді сол команда жеңімпаз.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-



Еңбектету, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Ендеше осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын, спортты сүйетін отбасылардың жетістіктеріне сайысымыздың шаттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтау үшін әділқазылар алқасына уақыт берейік.

Өнерсіздік – зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
Бимен шашу шашайық, - деп әділ қазылар алқасы дайын болғанша біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді.

Жүргізуші: Еліміздің болашағы – дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап «болашағымызды сәулелендірейік». «Толағай» отбасылық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп – көп рахмет!


Күтілетін нәтиже:
Жасады : Балалар ата-аналарымен бірігіп, жаттығулар жасады.
Түсінді : Ойын шарты мен ережелерін түсінді.
Қолданды : Балалар мен ата-аналар сайыста ойын шартына сай құралдарды қолданды.





7. « Кішкентай қонжықтар »
Шарты: Анасы баласын арқалап, мәредегі берілген конусты айналып келіп баланы әкесіне береді, әкесі тап солай жарысты жалғастырады. Жарыста мәреге бірінші болып келген топ жеңеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!