400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Толағай" отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шараға пайдалануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және қонақтар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына бастауыш сынып оқушылары және олардың отбасылары қатысады.

Ал,қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық. Сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз.

  1. Дошахаевтар отбасы

  2. Серіковтер отбасы

  3. Адайбаевтар отбасы

  4. Утешевтер отбасы

  5. Тасжановтар отбасы


Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Жанғалиева А.О.

  2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тельбаев Т.А.

  3. Ата –аналар комитетінің төрайымы Нургалиева Л.

Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

Өнер қуып отбасы өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді).

Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысқа берейік.

Бүгінгі сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

  1. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

  2. «Жорға» сайысы

  3. «Кенгурулар» сайысы

  4. «Құлатпай алып өт» немесе «Допты түсірме» сайысы

  5. «Аспазшы әкелер» сайысы

Әр сайыстан кейін әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Ендеше, сайыскерлерге сәттілік, сайысымызды бастаймыз.


  1. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

(әділ-қазылардан ұпайларын сұрау)

Жүргізуші:

Ойын ойнап,ән салмай

Өсер бала бола ма?

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеріне тола ма?

Айгөлек-ау, Айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би билейміз дөңгелеп,

Келесі сайысымыз «Жорға». (Қара жорға биін білеміз бе?)

  1. «Жорға» сайысы

Шарты: допты аяқтарына қысып алып белгіленген жерге дейін қара жорға биін билеп қайтадан орындарына келіп, допты келесі ойыншыға табыстайсыз, ойын осылай жалғасады.

(әділ-қазылардан ұпайларын сұрау)


Келесі сайысымыз

  1. «Кенгурулар» сайысы

Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіріп, белгіленген жерге барып өз орындарына қайтадан келіп қапты келесі ойыншыға береді. Ойынның шартын бұзбаймыз,бірінші келген топ жеңімпаз.

Ал,енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.


  1. «Құлатпай алып өт» сайысы

Шарты: Ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

  «Допты түсірме» сайысына кезек берейік.

Шарты: Әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасымен жүріп өтеді Бірінші келген топ жеңіске жетеді.


5. «Аспазшы әкелер» сайысы

Шарты: Бұл сайысқа тек қана әкелер қатысады, (ер адамдар)оларға бір картоп беріледі осы картоптың қабығын үзбей аршу керек.

Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы , топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, 4 сынып оқушыларының орындауында  «Әсем ән» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік. Сөз кезегі әділ қазыларда

(Марапаттау рәсімі)


Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі