"Толағай" отбасылық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Толағай" отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шараларға көмек болар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты: 1. Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.

2. Ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату.

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ата-аналар мен оқушылар және әріптестер!

Сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгін біздің «Шағала» шипажайы жанындағы орта мектебімізде Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арнап спорттық сайыс «Толағай» отбасылық сайысын ұйымдастырғалы отырмыз. Бұл сайысымызға 4-сынып оқушылары мен белсенді ата-аналарымыздың арасында 4 отбасы қатысқалы отыр.

«Толағай» спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп әкімшілігіне беріледі.

Ашылуы: Қазақстан Республикасының әнұраны.


Жүргізуші: Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшылар келді ортаға,

Қол соғып қарсы алайық, қане достар!


4a-сынып «Бүркіт» тобы

4ә-сынып «Бірлік» тобы

4б-сынып «Барыс» тобы

4в-сынып «Динамит» тобы


Ал, құрметті қонақтар!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер – деп сайысымызға баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.


Спорттық сайысымыз 6 балдық жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.


Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!


Сайыс алдында дене қыздыру «Қара жорға» биі.


Төрешілер сайысты бастайды.

Мусрепов Т.И.

Ишаулов Ж.М


Жүргізуші: Енді әділ қазылар алқасына сайыстың кезеңдерін қорытындылауға сөз береміз.


Бүгін сайысымызға алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз.

Жақсылықта, аманшылықта жүздескенше!


Сау болыңыздар!


«Толағай» отбасылық сайысының шарттары


1-кезең. «Таныстыру».

Команданың аты, ұраны және төсбелгісі.


2-кезең. «Көңілді эстафета» сайысы.

1) Эстафеталық таяқшамен кедергілер арқылы өтіп жүгіріп, командасына эстафеталық таяқшаны беру.

2) Секіртпемен кедергілерден өтіп секіру.

3) Баласы – баскетбол добын, анасы – волейбол добын, әкесі – футбол добын кедергілер арқылы жүргізеді.


3-кезең. «Батпақтан өту» сайысы.

Екі обручпен командасын тасымалдау және есепті шешу.


4-кезең. «Бекеттен өту» сайысы.

Теннис ракеткасымен шарикті соғу, қапшықпен секіру, обручпен допты алып жүру.


5-кезең. «Ептілер мен икемділер» сайысы.

Гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіру, төсеніште домалау, өрмекші тәрізді қалыпта допты алдына қойып жүру.


6-кезең. «Мергендер» сайысы.

Әкесінің мойынына баласы отырып, допты себетке лақтырады. Анасы себетті ұстап тұрады.


7-кезең. «Капитандар» сайысы.

Әкелері арасында қол күресі.


8-кезең. «Өз аяқ киіміңді тап!» сайысы.

Әр сайыскер сол аяқ киімін шешіп, төрешіге береді. Төреші барлық аяқ киімдерді жинап қорапқа салады. Қораптың қапталында бірнеше тесік болады. Қорап 25 метр жерде тұрады. Сайыскерлер өз кезегімен оң аяқпен секіріп барып, аяқ киімін іздеп тауып, киіп жүгіріп келуі керек.


9-кезең. «Арқан тартыс» сайысы.

Командалар бір-бірімен (жеребе бойынша) тартысады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі