Материалдар / "Толағай" отбасылық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Толағай" отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Толағай отбасылық сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
621
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кластан тыс жұмыс: «Толағай »отбасылық сайысы

Тақырыбы: «Толағай » отбасылық сайысы

Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру, денсаулық асыл қазына, асқан байлық, өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.


Жүргізуші:
Бүгінгі «Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1. Қыран тобы 2. Сұңқар тобы 3. Бірлік тобы 4. Барыс тобы
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)



Шарттары:
1. Үй тапсырмасы

2. Эстафеталық таяқпен жүгіру
3. Қапшықпен секіру
4. Допты баскетбол сеткасына салу
5. Секіртпемен секіру
6. Тізбектеліп жүгіру
7. Допты аяқпен қысып жүгіру
8. Кедергілерден өту


1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2 тур.Эстафеталық таяқпен өту.
Шарты:
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
3 тур « Қапшықпен секіру» сайысы
Шарты:,
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
4 тур «Допты баскетбол сеткасына салу.
5 тур «Секіртпемен секіру»
Шарты:

6 тур «Тізбектеп жүгіру»
Шарты:
7 тур «Допты аяқпен қысып жүгіру»

Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!
8 тур «Кедергілерден өту»

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін .........тобы иеленіп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!













































2 Мәртөк мектеп-гимназиясы









Сыныптан тыс жұмыс :

"Толағай " отбасылық сайысы

1 «А», «Ә» -кластар





Өткізгендер: Изтлеуова Г.Б.

Нартаева К.Ж.





 







2016-2017 оқу жылы

























Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру, денсаулық асыл қазына, асқан байлық, өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.
«Толағай» отбасылық спорттық сайысымызға қош келіпсіздер.
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой,
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.
Ден қойып, тыңдаңыздар, тамашалап.
«Ердің туы - намыс» екенін біліп қой!- дегендей, сайысқа қатысушы отбасыларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

Шарттары:
1. Эстафеталық таяқпен жүгіру
2. Қапшықпен секіру
3. Допты баскетбол сеткасына салу
4. Секіртпемен секіру
5. Әкелері гір көтеру
6. Тізбектеліп жүгіру
8. Допты аяқпен қысып жүгіру
9. Кедергілерден өту
10. Арқан тарту

Әділқазылар алқасы армысыздар,
Қош келіпсіз, есен - сау бармысыздар,
Сіздерге үміт артқан отбасыларға,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Уа, ағайын, туысқан,
Пайда болмас тұрыстан.
Басты көтер, белді жаз,
Кетер еңсе сайыстан!
Әнші қызды шақырып,
Әннен шашу шашайық!
Ән: «Астанам»
Әр шарт сайын әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
Жас ұрпақ өнегемен көгереді,
Дәстүрсіз жалаң қолдан не келеді?
Артыңа өшпес мұра сыйлап кеткен,
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты.
Келесі сайыстан – ақ байқайықшы.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Отбасылар аянбай – ақ жан салайықшы!
Эстафеталық таяқпен жүгіру, қапшықпен секіру, допты баскетбол сеткасына салу шарттары.
Жауырыны жерге тимеген,
Жалтақтауды білмеген.
Білекке иіп сом темір,
Қайыстай ғып илеген.
Әкелерім қайдасың? - гір көтеру, секіртпемен секіру, тізбектеліп жүгіру, велосипедпен жүру, допты аяқпен қысып жүру шарттары.
Отбасыларымыз тынығып алғанша әсем ән жолдаймыз.
«Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.
Соңғы шарттарымыз: кедергілерден өту және арқан тартыс.
Әділқазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бойтұмар ғып ар – ождан, қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!