«Толағай» спорттық
сайыс
Мақсаты: Балаларды спорттық сайыстарға
қатысуға баулу,көңіл күйлерін көтеру. Бір-біріне деген достық
қарым-қатынастарын дамыту. Шапшаңдыққа ,ептілікке , төзімділікке
үйрету.Отбасылар арасында бұқаралық спортты
насихаттау.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, аналар және
балалар! Мәңгілік ел «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған
«Толағай» командалық сайысына қош
келдіңіздер.
Шынықсан шымыр
боласың,
Сауығып айдай
толасың,
Спортты серік ете
біл,
Жақсы азамат
боласың.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды
шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен
атырамыз.
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді
ортаға
___________командысын
шақырамыз.
Денсаулық-басты байлық
өмірдегі
Нәр беретін асыл ғой
көңілдегі.
Салауатты өмір салтын
насихаттап,
Атанайық жақсы азамат
өңірдегі,-дей келе ___________командысын
шақырамыз.
Спорт-біздің досымыз
,
Күш қайратын сынға
алған.
Спорт біздің
досымыз,
Бала кезден шыңдалған,-деп
___________командысын шақырамыз.
Жүргізуші:
Өнер паздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер
шабыстырып.
Әділетті қолдайтын баға
берер,
Жіберейін қазыларды
таныстырып.
Әділ қазылар
мүшесі:
1.Әдіскер Торғын
Серіккалиқызы
2.2кіші топ тәрбиешісі
Бибигуль Гайнуллиевна
3. Ата-аналар мүшесі Асель
Ана
Топтармен , қазылар алқасымен
таныс болдық. Енді сайыс кезеңдерімен таныс
болыңыздар.
1-кезең «Менің
командам»;
2-кезең «Кім
жылдам?»;
3-кезең «Кім
епті?»;
Жүргізуші:Сайыс кезеңдерімен таныс
болдық. Жарысқа қатысушылар топ тік
тұрамыз.
«Әнұран»
Ендігі кезекте топтарға
сәттілік тілей отырып бірінші кезеңді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Бірінші кезең «Менің
командам».
Бұл кезеңнің шарты бойынша әр
топ өздерін таныстырып өтуі керек . Сайыстың кезендерін сайыс
соңында әділ қазылар бағалайды .
Сайыскерлеріміз дайын болса
таныстыруды бастайық.
Жүргізуші:
Айналайын
гүлдерім,
Ақ шуақты
күндерім.
Ерекше қызық
тілдерің,
Сендердікі болашақ,- деп
келесі кезеңіміз.
«Кім
жылдам?»
Ойын
шарты: Допты бір-біріне беру арқылы
кедергілерден айналып келу.
Жүргізуші: Сайыскерлер дайынсыздар ма?
Бір,екі үш алғааа!!!
Жүргізуші:
Білім оймен
арымыз,
Рухани
нәріміз.
Сайыскерлер
сіздерге,
Қол созамыз бәріміз,- деп
сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.
«Кім
епті?»
Ойын
шарты:Аналарымыз қапшықпен кедергі
арасымен секіріп ,ал балалары атпен секіріп айналып
келеді.
Жүргізуші: Ойын шартты түсінікті болса
Бір,екі үш алғааа!!!
Жүргізуші:Сөз кезегі әділ
қазыларда
/сайыскерлерді
марапаттау/.
Демеңіздер біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Сау болып тұрыңыздар
кездескенше
Осымен сайысымыз
аяқталды.Ата-аналар,уақыттарыңызды бөліпкелгендеріңізге көп-көп
рахмет!
Келесі кездескенше
сау-саламатта болыңыздар!!!