400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Толағай" спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Толағай» отбасылық  сайысы.

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға  спорттық  ойындарды  орындата  отырып, спортқа  деген  қызығушылықтарын  арттыру. Адам  жанының  да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының  жақсаруы, салауатты  өмір  салтын ұстануға   тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Мектеп спорт  кешені.

Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық,жуа   т. б.

Жүргізуші:

Шынықсаң  шымыр боласың,

Сауығып  айдай толасың.

Спортты  серік ете біл,

Жақсы  азамат  боласың.

Жеңімпаз болу оңайма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп  қалайда.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар және  оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға  хош  келдіңіздер!  «Білім марафоны» атты бастауыш  сыныптар  аралығында   онкүндікке   ата-аналарымыз да ат салыса келіпті.

Жарысқа қатысатындарды  шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға   Жұбаназаровтар   отбасын    шақырамыз.

Ойнайық, та ойлайық!

Күшімізді  көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз  болайық,

Қаймықпайық , көңілді  болып  тарайық  деп ортаға Рүстемовтар отбасын шақырамыз.

Денсаулық  басты байлық өмірдегі

Нәр беретін  асыл ғой  көңілдегі .

Салауатты  өмір  салтын насихаттап,

Атанайық  жақсы азамат  өңірдегі   дей келе  Тлеубергеновтар  отбасын  шақырамыз.

Спорт біздің досымыз,

Күш қайратын  сынға  алған.

Спорта біздің  досымыз,

Бала кезден  шыңдалған  деп Сәрсеновтар  отбасын  ортаған шақырамыз.

Жүргізуші: Тәлімді  тәрбие  отбасынан  бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында  ата-ана – шаңырақтың  негізгі  іргетасы  болып  есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  әке мен ананың рөлі орасан зор.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты  енді  көріңдер

Әділ  қазы  алқасы

Әділ  баға  беріңдер!  Сайысты  бастамас  бұрын, сайысымызға  әділ   баға  беретін әділқазылар   алқасымен  таныстырайық.

  1. ______________________________________________________________

  2. Тәрбие  ісінің  меңгерушісі: __________________________________________________________

  3. Дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі: _____________________________________________________

Спорттық  сайысымыз 5 балдық  жүйемен  бағаланады.

 Сайыстың  бағдарламасы:

  1. «Желаяқтар» (кедергілер  арасымен жүгіріп,мәреге жеткенде келесі ойыншының қолын соғу керек)

  2. Егін егу,егін жинау (жуаны ата-анасы егіп кетеді,балалары жинайды)

  3. Қапшықпен секіру (қапшықты киіп секіру,қайтарда жүгіріп келеміз)

  4. Матрастан айналу (жүгіріп,матрастың үстінен айналу,қайтарда тағы айналып келу)

  5. Скалкалкамен секіру(әр топтан бір қатысушы шығып секіреді)

  6. Ожаумен су тасу (суды шашып-төкпей межелеген жерге тасу)

  7. Паравоз ойыны (бәрі бірге жүгіріп,қайтып келеді)

8.Допты шеңберге салу.

Әр  кезеңнен  кейін  әділқазылар   өз бағаларын   береді. Құрметті  сайыскерлер!  Сіздерге   сәт сапар!

Сайысымызды   бастаймыз.

«Жұбаназаров» тобын  ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны:   Бәріміз  біріміз  үшін!

Біріміз бәріміз үшін.

«Рүстемовтар»  тобын  ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны: Біз  әрқашанда  мықты

Бәрін  жеңіп  шықты

«Тлеубергеновтер»тобын  ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны: Шынықсаң шымыр боласың,

Толысып айдай толасың.

«Сәрсеновтар» тобын  ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны: Біз  шымыр  сергек  денеміз,

өнер  сүйер   өренбіз.

Жүргізуші:

Жарыс  заңы  ежелден —

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол —

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тараса бізге  жарады

Демекші  сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз  әділқазыларға  беріледі.

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен биге басайық.

Арасында тағы бір,

Би  мен шашу шашайық

Би: «Бақалар»  4-сынып оқушылары

(Әділқазылардың  ұпайларын  тыңдау)

І орын________________________________________________________

ІІ орын_______________________________________________________

ІІІ орын_______________________________________________________

Алғыс хат  отбасы______________________________________________

Жүргізуші:

Уа, халқым  назар аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті  қонақтар! Келгендеріңізге  көп-көп рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.01.2018
755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі