"Толағай" спорттық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Толағай" спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру және бастауыш сынып пәні мұғалімдеріне салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастыратын шараларға дайын материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Толағай» спорттық сайыс

Алматы облысы Райымбек ауданы «Шалкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Ахметова Эльмира Мухамеджановна

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Отбасылар күніне орай өткен көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара.
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты: Көп балалы отбасы балаларына
жайдарлы отбасылық мейрам сыйлау,салауатты өмір салтын насихаттау.

Ашылуы: «Сарыжайлау» биі
1.
Салем достар
2. Армысыздар құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Толағай»
Толағай спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп директоры:
-
Оралова Райханға беріледі.
Өмірбек: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы
Абай данамызда
Шерхан: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Өмірбек: Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«
Сұңқар»тобын шақырамыз.
Шерхан: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз
Өмірбек: Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

Шерхан: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
----------------
Шерхан: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
(Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу)
Өмірбек: IV кезең: «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
V кезең: «Ептілік сайысы»
(
Теннис таяқшасымен кішкене допты алып жүру)
VI кезең: Секіртпемен жүгіру
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Өмірбек пен Шерхан бірге: Сайысымызды бастаймыз.
Өмірбек: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Сұңқар тобы: топтың ұраны: (4 адам)
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Сұңқар деп атадық
Сұңқар тобы алға, алға

«Қыран»тобының ұраны. (4 адам)
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға

Тұлпар тобының ұраны: ( 4 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
Өмірбек: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)

Шерхан: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.

Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам»
Шарты: Кру
гты айналдырып барып жұмбақ шешу»

Өмірбек: Сайысымыздың 4 бөлімі «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Би: «
Қазақ биі»
Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса

5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты:
Теннис таяқшасымен кішкене допты алып жүру
Шерхан: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 - сайыс «Секіртпемен жүгіру»
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Өмірбек: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Шерхан: Мектеп әкімшілігі атынан көп балалы отбасыларға арналған
сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар
!
Өмірбек: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2018
1012
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі