«Толағай» «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Толағай» «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар қаласы №28 сәбилер бақшасы МҚКК

«Толағай» «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс

сценарийі

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс



Тақырыбы: «Тәрбиеші және біз» топаралық сайыс

Мақсаты:

Балалар мен тәрбиешілерді ұлттық спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Салауатты  өмір  салтын  ұстануға тәрбиелеу.                                   

Керекті құрал-жабдықтар: 3 фитбол добы, 30 асық, 3 таяқ ат, 3 жолақ 1м, 15 тенге (крышка), 1 жұмсақ ойыншық , 18 кегли, 2 боулинг шары.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балалар бүгінгі «Толағай» топаралық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және даярлық топ бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысады.

Олай болса, ортаға топтарымызды шақырайық!!!


Күй «Адай »

Даярлық тобы (2 тәрбиеші,2 ұл,2 қыз)

Ересек «А» тобы (2 тәрбиеші,2 ұл,2 қыз)

Ересек «Ә» тобы (2 тәрбиеші,2 ұл,2 қыз)


(Даярлық «А» Ересек «А» және Ересек «Ә» топтары залға саппен кіреді, тәрбиешілері –біреуі алда екіншісі артта. Зал бойымен өтіп өз орындарына тұрады)

Жарыстың түрлерімен таныстырайын.

І кезең: «Таныстыру»

ІІ кезең: «Ат шабыс» сайысы
ІІІ кезең: «Тенге алу» сайысы

IV кезең: «Көкпар»ойыны

V кезең: «Асық» ойны»

VІ «Құрық тастау» ойыны

VІІ «Арқан тарту»

Жүргізуші:Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Спорт көркі өмірдің,

спорт досың серігің - деп
Сайысымызды бастайық!!!

І кезеңі: «Таныстыру»

(Топты таныстыру, ұраны)

Ойынның шарты:Әр топ топтың атауын, ұранын нақты,бірге айтуыкере.
Жүргізуші:

ІІ кезең: «Ат шабыс» сайысы
Ойынның шарты: Тұра шабыспен, белгіні айналып «атты» келесі қатысушыға беру.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау) 
Жүргізуші:

ІІІ кезең: «Тенге алу» сайысы
Ойынның шарты: Фитбол добына отырып тенгені орамалдын үстіне 1 тәрбиеші салып қояды, 2 бала жинайды, 3 бала салып қояды, 4 бала жинайды, 5 тәрбиеші салады,орамалды түйеді , 6 бала орамалдарды жинайды

Музыкалық үзіліс: Танец
Жүргізуші:

IV кезең: «Көкпар»ойыны: Ұлдар жарысы
Ойынның шарты: Шеңбердің ішінде жұмсақ ойыншық жатады. Ұлдар фитбол добымен шеңберді айнала секіреді.Музыка тоқтағанда шеңбердің ішінде жатқан ойыншықты алуға тырысады кім алады сол женеді ойын і рет өтеді.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау) 
Жүргізуші:

V кезең: «Асық» ойны
Ойынның шарты: Сызықшаның үстінде тұрған асықтарды , сақамен соғып түсіру. Кім құлатса соған ұпай беріледі.

.Жүргізуші:

VІ кезең «Құрық тастау»


Ойынның шарты:

Ойынға тәрбиешілер мен қыздар қатысады. Құрсауды белгіге лақтырып кигізу керек. 2 мүнкіндік беріледі.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау) 

Жүргізуші:

VІ І кезең «Арқан тарту» Екі жақ арқан тартысады. 

Ойынның шарты: Арқанды 1м дейін өз жағына тартып алу. Әр топ бір-бірімен кездеседі.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау) 
Музыкалық үзіліс : «Қара жорға биі»

(Ортаға әр топтын бір тәрбиешісі кезекпен шығып бидің қозғалыстарын көрсетеді)

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпаздарды анықтау, 
Жеңімпаз болу шарты сол, 
Еңбектену жалықпау. 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады. 


Эстафеталық сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау.

Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Музыкалық үзіліс: «Атамекен» әні

Жүргізуші:Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі