Материалдар / Толағай тауының байлығы мен пайдасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Толағай тауының байлығы мен пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Толағай тауының пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2021
475
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы



КММ «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі».







Тарбағатай ауданынан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» облыстық қашықтық интернет-байкауы. «Өлкетану атласы: Менің туған өлкем номинациясы».





Қатысушы оқушылар:

Советханова Дана Советханқызы 9 «а»сыныбы. Тел.87752339156

Маратов Дулат Аманжолұлы 9 «б»сыныбы.Тел. 87782509576

Жетекшісі: Машрапова Мадина Дүйсенбекқызы. География пәні мұғалімі. М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі. Тел.877822007937

Эл.почта: Nadi_vko_93@mail.ru



















Толағай тауының байлығы мен пайдасы.

Мазмұны

КІРІСПЕ

І. ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Толағай тауының картосхемасы бойынша көрсетілім.

1.2. Толағай тауының физикалық географиялық орнының сипаттамасы

ІІ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Толағай тауының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

2.2.Толағай тауының пайдалы қазбалары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер































КІРІСПЕ

"Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүріпті. Жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкеледі. Қуанған әке-шеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қояды. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селдетеді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады.

Байқау жұмысының мақсаты: Туған өлкенің көрікті орның зерттеу,өлкетану материалын табиғат компонентерін, өсімдік жануарларын карта схемада жинақтап,өлкетану сабағында жүйелі пайдаланады.

Байқау жұмысының міндеті: Карта схеманың мазмұнына байланысты, Толағай тауының рельефі,пайдалы қазбасы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін зерттеп,өлкетану курсын тереңдетіп оқиды.Туған өлкенің табиғатын қорғап,табиғи көрікті жерлерді сүйеді. Картографиялық негізгі сызба нұсқа жасап үйренеді, модельдейді, өлшейді, объектіні көріп, зерделейді.Картосхеманы графикалық түрде сызады. Мақсатқа жету үшін жекеше зерделейді,іздестіру зерттеу экспедициясының жұмысын ұсынады. Әр түрлі жан жануарларын,пайдалы қазбаларын анықтайды, саяхат жүргізеді






І. ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Толағай тауының картосхемасы бойынша көрсетілім.


1.2 Толағай тауының физикалық географиялық орнының сипаттамасы

Толағай тауында Шығыс Қазақстан аймағына тән климаттық әркелкілік басым. Яғни, таулы аймақ, жазық дала, шөлейт, жартылай шөлейт, сынды табиғи аймақтарға бөлінеді.

Жалпы Толағай тауы орташа биіктіктегі тауға жатады. Оның орташа биіктігі шамамен 1300-1530 м. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы жылы жалпы ауыл шаруашылығына оның ішінде мал шаруашылығына өте қолайлы. Қаңтар айындағы орташа температура шамамен -17-18º С құраса шілде айында +21 -22 º С. Бұл орташа температурада кей жылдарда өзгеріп тұрады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері едәуір аумақтық айырма жасайды: орташа алғанда 200 мм ден, таулы өңірлерде 500 мм шамасында болады. Еспе, Тайжүзген өзендері атақты Толағай тауын бөктерлей өтеді. Тайжүзген өзенінен бұрынғы одақ бойынша алғаш рет динозавр жұмыртқасының қабығы табылып мезозойдың соңы кайнозойдың басымен мерзімделген.

Негізінен климаты жағынан Толағай тауы , Сауыр-Тарбағатай таулары Оңтүстік Алтай тауларына ұқсас. Басты айырмашылық мұнда Алтаймен салыстырғанда жауын-шашын мөлшері аз. Сондай-ақ таулы жерлермен салыстырғанда жазықтықтар ыстық әрі құрғақ.

Толағай тауында көбіне су тапшы. Әрине ара-тұра тау бұлақтарын кездестіресіз. Бірақ олардың ағысы ұзаққа созылмайды. Біраз аққаннан кейін құрғап қалады. Жазда тау іші ыстық болады.

Толағай тауының беткейлерін негізінен таудың сары топырағымен қызғылт-қоңыр топырақты дала ландшафтысы алып жатыр. Толағай тауының кейбір бөктерінде орманды-шалғынды дала, шабындықтарды кезіктіруге болады. Негізгі осы өңірдің жазықтығына тән белгі ондағы жайылымдар мамыр-маусым айларында ғана өзінің табиғи жасыл түсін сақтайды. Шілде, тамыз айларында сары далаға айналады. Осы белгі Толағай тауына да тән.

Бұл тауда ерте көктемде көкорай шалғынға оранады да осы қалпын шілде айына дейін ғана сақтайды. Шілде, тамыз айлары келісімен шөптердің қурауы басталады. Сондай-ақ қыс мезгілінде мұнда қар аз түседі. Күнгейінде мүлде болмайды деуге де болады. Және жазықтықпен салыстырғанда әрі ық, әрі жылы. Мұның өзі осы тауды адам баласының ежелден мекендеуінің басты себебі деп ойлаймыз.









Толағай тауының жаз мезгілі мен қыз мезгіліндегі көрінісі.























2.2. Толағай тауының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Толағай тауындағы өсімдік сан алуан. Тау беткейі мен баурайында бұта аралас жусан, қараған, сұлыбас, бидайық, тобылғы, бетеге, , ши, қамыс, итмұрын,марал түбірі т.б. шөптесін өсімдіктер және емдік өсімдіктер өседі. Тауаралық далалар мен аңғарлар көктем мен жазда малдың барлық түрлерін қолайлы жайылым саналады.Мұндағы өсімдіктер түрлерінің барлығын атап шығу мүмкін емес. Сондықтан-да біз көпшілікке танымал деген өсімдіктердің түрлеріне ғана тоқталдық.

Тобылғы Итмұрын



Shape1 Ши Марал түбірі



Толағай тауын мекендейтін жануарлар әлемі Сауыр-Тарбағатай-Алтай тауларының қосындысы деуге болатындай. Мұнда оңтүстік Сібір тауларында кең таралған түрлерден, қасқыр, , борсық, таутеке, арқар, ақ қоян,елік, суыр,түлкі ,қарсақ бар. Толағай тауының құстар әлемі кейінгі кезге дейін белгісіз болып келді. Маңырақты мекен етуші құстарды неміс ғалымы Альфред Брэм және Виталий Хахловттар зерттеді. Олар төңкеріске дейін Зайсан қаласында тұрған. Сондай-ақ 1970 жылдары А.Сурвилов та осы жерде өз жұмыстарын жүргізді. Алайда таудың 90 % жұмбақ күйінде қалды.

Қоян Арқар

Елік Қасқыр

Қарсақ Таутеке



Соңғы жылдары Толағай - Маңырақта Б.Щербаков өз зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол бұл тауда 130-ға тарта құстың түрі барлығын айтады. Және қызыл кітапқа енген құс түрлеріне де кеңірек тоқталады.

Негізінен бізге танымал құс түрлерінен бүркіт, қаршыға, ителгі, лашын, кекілік, т.б. құс түрлерін кездестіруге болады. Және бұлардан басқа таулық, далалық, жартылай шөлейттік жануарлар кездеседі.

Бүркіт Қаршыға



Лашын Ителгі

Таулы жерде де жазықта да жылан, кесіртке, сарышұнақтарды көптеп кездестіруге болады.

Кесіртке Жылан

Саршұнақ

Сөзімізді қорытылар болсақ өзімізге белгілі адам баласы ежелден өзіне қолайлы, өсімдіктерге, жануарларға толы мекенді таңдай білген. Көкорай шалғын малдарына өріс болса, аң-құстардың да көшпенділер өмірінде алатын орнын айтпасақта болады. Толағай тауы да сондай мекендердің бірі болған деп сенімді түрде айта аламыз.




















2.3.Толағай тауының пайдалы қазбалары.

Толағай тауында кездесетін тау жыныстары әр алуан.Сонымен қатар,негізінен тау құрылымы әр түрлі пайдалы қазбаларға ие.Соның ішінде бізге белгілісі немесе мәлімі Гранит тастары, таудың етегінде жатқан бентонит саз балшықтары. Солтүстік –шығысына қарай орналасқан тайжүзген цеолит кен орны, тас көмірлерін ерекше атауға болады.

Тас көмір.Толағай тауында көмір бар деп ауылдың үлкендер айтатын. 90-жылдардың тоқырау кезінде ауыл халқы толағай тауынан көмір алып, үйлерін жылытқаны біреуге мәлім, кейбіреуіне мәлім емес.Олардың айтуы бойынша,Толағай тауының көмірі шикі әлі пыспаған,отқа дұрыс жанбайды.Ол нағыз көмір болып шығуы үшін, әлі де 100деген жылдар керек деп ойлаймыз.Толағай тауының пайдасын келешек ұрпақтарымыз көреді деген ойдамыз.



Тас көмір


Бентонит.Толағай тауының оңтүстік- шығысына қарай 6-7 шақырым жерден және Елікбай деген жерінен бентонит саз балшығын қазып алуда. Бентонит-(атауы АҚШ-тың Монтана штатыда ФортБентон деген жерден алғаш табылған)негізінен, кеуектеле және қабаттаса орналасқан бөлшектерден және гидратталған алюминий силикатынан тұратын коллоидтық саз балшық.

Қазіргі кезде минералды шикізаттардың жаңа дәстүрлі емес көздерін өндірістік қызметтерге тарту үрдістері байқалуда. Осыған байланысты жоғары адсорбциялық белсенділігі жоғары табиғи минералдар, нақты айтқанда бетониттердің орны ерекше. Бентониттердің жалпы қаситеттері бытыраңқылық, коллоидтық, дымқылдаңғыштық, адсорбциялық болып табылатын сазды түрдегі қатпарлы силикаттардың класына жатады. Олар жоғары байланыстырғыш қабілеттілікке, ион алмастырғыштық, сіңімділік жене ағарғыштық қасиеттерге ие, сонымен қатар күрделі экологиялық міндеттерді шешу үшін оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін төмендетілген бағаға жене кең ауқымды қолжетімділікке ие болып табылады.Табиғи минералдар мен бентониттердің әртүрлі қолдану салалары, кен орындары, құрылымдары мен құрамы сипатталған. Қолжетімді, әрі арзан табиғи сорбенттер мен бентониттердің көмегімен әралуан нысандарды токсиндерден тазартудың қазіргі заманғы аса тиімді жене қауіпсіз технологиялары ұсынылған. Суды тазалауда, ауылшаруашылығында, құрылыста,сонымен қатар медицина, экологиялық салаларда бентониттерді пайдалану бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың әзірлемелері толығымен ашылып көрсетілген. .Ол мұнай-газ өндірісі саласында сұранысқа ие өнім.Бентонит саз балшығын өндіру 2012 жылға қарағанда 9,5%-ға өсті. Қазір ауданның индустриалдық-инновациялық даму жобасы бойынша бентонит саз балшығын өндіру қарастылыған. Алдағы уақытта бентонит ұнтағын өндіретін шағын зауытты Ақжар ауылында бой көтеруі мүмкін, - деп, Тарбағай аудандық мәслихатының хатшысы Сәумен Жақаев айтқан болатын. Осы уақытқа дейін бентонитті өндірумен өзге елдің компаниялары айналысып көрген екен. Енді бұл бастаманы жергілікті кәсіпкерлердің өздері қолға алып көрмекші. Бентонитті медицинада да, қазба жұмыстарын да қолданылатын білеміз .

Бентонит Бентонит алынатын жер.

Цеолит.Толағай тауының солтүстік –шығысына қарай Тайжүзген цеолит кен орны бар. Бірақ, қазіргі уақытта оның жұмысы тоқтаған. Себебі бізге белгісіз. Бірақ ғалымдардың болжауы бойынша 7млн тонна қоры бар. Қазақстандағы ең көп қоры Толағай тауының қойнауында жатыр. Цеолит-сүзбе тәрізді ақ балшық.Осы балшықты өнеркәсіпте ұматады.Оны өнеркәсіптің әр түрлі аспаптарына салып, грануламен өлшейді.Оларды уақытша микроактивтендіреді. Кептіріп, бөлшектеп, тазалап, одан микробөлшектер алынады. Микробөлшекті өлшеп оны, ұсақ бөлшектерге бөледі.Микробөлшек кристаллдар деп аталады. Кристаллдар 1гр бастап үлкен аппараттарда мамандар арқылы іске асырылады.Кристалдардан кислород бөлініп шығады.мысалы,пластик терезелерді алатын болсақ, кезекпен кезек орналастырып, барлық бөліктері орналастыратын кезде цеолит қолданылады.Терезенің мұз қатпауы, буланбауы,қалпын сақтауы ішіндегі сұйықтық кислородқа байланысты. Ол сұйықтық цеолиттен алынады. Осыны өнеркәсіпте жүзеге асырады.

Цеолит

Гранит. Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристалды, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтанкалийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2,5 – 2,7 г/см3. Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп.Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.

  • Бірінші жүйелеу қағидасына сәйкес дараланған граниттер түрлері:

    • байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%);

    • адамелиттер (калийлі дала шпатгары мен плагиоклаздар мөлшері бір-бірімен шамалас);

    • плагиограниттер немесе плагиоклазды граниттер (тек қана плагиоклаздардан, кварцтан және түсті минералдардан тұрады, яғни бұлардың құрамында калийлі дала шпаттары мүлдем болмайды немесе өте мардымсыз мөлшерде кездеседі);

    • сілтілі граниттер (сілтілі дала шпаггарын және сілтілі пироксендер мен амфиболдарды кіріктіреді).

Өз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рөліне қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар өте аз мөлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп аталады. Осы аталған гранит , біз зерттеп отырған Толағай тауының тастарының негізін құрайды. Бұл тастардың пайдасы Майқапшағай- Қалбатау тас жолын салуға алынып жатыр.Зерттеу жұмыстары кезінде,біз барған Толағай тауында қызу жұмыс жасалынып жатты. Толағай тауының тастарың алуға 3 экскаватор ,3 фронтальды тиеуші және көптеген жүк машиналарының күш жұмылдырылған байқадық.Толағай тауының тастарын қалай алып жатқандығын білдік. Ең алдымен жерді бұрғылап ,жердің астына жарылғыш зат тастап, тауды қопсытып тасты босатады. Босаған тастарды экскаватормен қазып,жүк көліктеріне салып тасымалдайды.



Жерді бұрғылау сәті





Толағай тауының тастарымен танысу





Тастарды жол салуға тасымалдау

















Қорытынды.

Шығыс Қазақстан облысының Ақжар ауылында ескерткіш бар. Айналасы мәрмәрланған әуіт, оның ішіне су атқылаған түтіктер жасалған. Фонтанның ортасында тау көтерген мүсін тұр. Бұл – Толағай. Аңыз бен аңыздан туған дастанның желісімен жасалған ескерткіш.

Жобамызды қорытындылай келе, зерттеген жұмысымыздағы алдыға қойған мақсатымызды толық аша алдық деп ойлаймыз..Толағай тауындағы кездесетін жануарлармен дәрілік және шөптесін өсімдіктер туралы білдік.Толағай тауының пайдалы қазбаларымен таныстық. Толағай тауы тасының жол жөндеуге алынып жатқанын білдік.Зерттеу жұмысын көріп қана қоймай, Толағай тауының табиғатын әсемдігіне шолу жасап қайттық. Ауасы кең, таза. Мал жайылымына қолайлы екенін көрдік.Қайтар жолда қыс мезгілінің қолайсыздығынан көлігіміз қар қойнауына батып калды. Бізге көмек көрсетушілер сол жердегі Толағай тасын тасушылары еді.Бізді шығарамыз деп,олардың да жүк көліктері батып, қар күреуші көлік келіп шығарып алды.Қызыққа то

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!