Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төлдер айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Мақал-мәтел, жұмбақ шешу және ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамыту. Үй жануарларымен дала жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картсы

Айшагүл” ересек тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Төлдер айтысы»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Мақал-мәтел, жұмбақ шешу және ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамыту. Үй жануарларымен дала жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Үй жануарларымен таныстыру

Әдіс – тәсілдер:, Суреттермен түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, тақпақ, мақал т.б.

Көрнекіліктер: Слайд көрсету, үй жануарлары бейнеленген суреттер

Билингвалдық компонент: Түйе-верблюд-camel, жылқы-лошадь-horse, сиыр-корова-cow, қой-баран-sheep, ешкі-коза-goat.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Қыс айларын атап беріндерші.

Тентек лақ тынымсыз
Мінезі бар ұғымсыз
Ертелі кешке ермейді
Қозыға маза бермейді.

Балалар тәрбиешімен амандасады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлен жолдарын қайталайды.


Тәрбиешінің сұрақтарына толық, әрі нақты жауап береді.


Балалар 2-3 рет қайталады.

Ұйымдастыру іздестіру


- Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдымызға ауылдағы төлдердің, үй жануарларына не жатады дедік айтайық.
- Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз.
Түйенің төлі - ботақан,
Қойдың төлі - қошақан,
Ешкінің төлі - лақ,
Жылқының төлі - құлын,
Сиырдың төлі - бұзау.

-Балалар енді бүл жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік. Түйе боздайды. Қой маңырайды. Ешкі маңырай. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді.

Әңгіме «Төлдер айтысы»

Үй және дала жануарларын ажырату.

Сергіту сәті

Маңдайыңнан ботақан,

Сипайын деп келдім ғой

Ойнақтамай тоқтасаң,

Дұрыс болар еді ғой.

Д/О «Атын тап»

Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзің үлбіреп, - деп нені айтамыз.

Әукім-әукім әукешім,
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Әукешім - деп нені айтамыз.

-Балалар сендер үй жануарларының аталары туралы тақпақ айтып беріңдерші.


Жылқы атасы – Қамбар ата

Сиыр атасы – Зеңгі баба

Түйе атасы – Ойсыл қара

Қой атасы – Шопан ата

Ешкі атасы – Сесек ата.

Мақал-мәтел

Мал өсірсең қой өсір,

Пайдасы оның көл –көсір.

Төлден мал өседі,

Шыбықтан тал өседі.

Д/О «Төлін тап»

Малдардың төлін дұрыс табу.

Ш/Ж Қойды мүсіндеу.

Балалар

тәрбиешіні мұқият

тыңдады.




Сұрақтарға толық, әрі нақты жауап береді.





Тақтаға бейнеленген суретті мазмұндайды.








Әңгімені қызыға тыңдады.



Сергіту сәтін қимылдармен жасайды.





Дидактикалық

ойынды

қызығушылықпен

ойнайды.








Балалар тақпақ

айтып,

мақал-мәтелді

түсінді.





Балалар ойын ойнап,

қойды мүсіндеп қызыға ойнады.

Рефлексивті түзетушілік

ҰОІӘ –сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалар ҰОІӘ не б

елсене қатысады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үй жануарлары туралы толық білді.

Қандай түсініктерді игерді: Үй және дала жануарларын ажыратуды және олардың пайдасын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дидактикалық ойынды, сергіту сәтін, қимылды ойынды, тіл жаттықтыру жаттығуын, жұмбақ шешуді, үй жануарларына қамқор болуға.







Тексерілді: Орындаған: Табимбаева Н.Ж


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картсы

Айшагүл” ересек тобы 10 желтоқсан 2014жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Хайуанаттар бағы»

Мақсаты: Балаларды қағаздардан көлемді фигуралар (хайуанаттар бағын) жасауға, бөлшектерді ұқыпты желімдеуге, қайшымен қиықтар қиюға үйрету. Шығармашылық ойлауымен қиялын дамыту. Жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Үй және дала-жануарларымен таныстыру

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, тақпақ, мақал т.б.

Көрнекіліктер: Үй жануарлары бейнеленген суреттер

Билингвалдық компонент: Түйе-верблюд-camel, жылқы-лошадь-horse, сиыр-корова-cow, қой-баран-sheep, ешкі-коза-goat, арыстан-лев-lion, маймыл-обьязана-monkey, қасқыр-волк-wolf, түлкі-лиса-fox.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Қыс айларын атап беріндерші.

-Балалар хайуанаттар бағына саяхатқа барғыларың келеме?

-Онда нелер бар?

Балалар тәрбиешімен амандасады.


Тәрбиешінің сұрақтарына толық, әрі нақты жауап береді.


-Ия

Қасқыр, түлкі.

Ұйымдастыру іздестіру


-Хайуанаттар бағында тек қана жабайы жануарлар болады.

Хайуанаттар бағы жабайы жануарларды қолда(торда) ұстайтын жер.Онда біздің жақта мекен етпейтін жануарларда, жыртқыш аңдарда болады. Бірақ оларға жақындауға тыйым салынады.

Жұмбақ

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.


Қаңғырамын үйім жоқ,

Ауылдардың қой көп.

Ұрлық, зорлық кәсібі

Тамақтанар кәсібім.


Д/О «Артығын тап»

Суреттердің хайуанаттар

ішінен артығын тауып шығару.

Тақпақ

Мен аюмын, аюмын.

Орманда мен тұрамын,

Қыс мезгілі келгенде.

Қар астында ұйықтаймын.


Мен түлкімін, түлкімін.

Мен айлакер түлкімін,

Қулығымды асырып,

Қуанып мен жүремін.
Түйенің төлі - ботақан,

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

Д/О «Артығын тап»

Үй және дала жануарларының ішінен артығын тауып шығару.
Тапсырма

Балаларға қайшымен жұмыс жасау ережесін естеріне түсіру.

Балалар алдарындағы берілген хайуанаттардың суретін қиып алып хайуанаттар бағының ішіне апарып жапсыруы керек.

Қ/О «Орныңды тап»

Аю ұйқысынан оянғанда орнын тауып отырып қалу.

Балалар

тәрбиешіні мұқият

тыңдады.







-Аю





-Қасқыр


Тақтаға бейнеленген суреттің артығын тауып айтты.





Балалар

Бірнеше рет

Қайталап айтып

Шықты.






Сергіту сәтін қимылдармен жасайды.


Дидактикалық

ойынды ойнайды.




Балалар қызыға жұмыстанды.



Балалар ойынды қызыға ойнады.

Рефлексивті түзетушілік

ҰОІӘ –сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Тақтадағы балалардың жұмысын жеке-жеке айтып жақсы қиып жапсырған баланы мақтау.

Балаларды мадақтау.

Балалар

ҰОІӘ не

белсене қатысады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Хайуанаттар бағы туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді: Хайуанаттар туралы тақпақ,жұмбақтар үйренді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қайшыны, қағазды дұрыс қолданануға дағдыланды.















Тексерілді: Орындаған: Табимбаева Н.Ж

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картсы

Айшагүл” ересек тобы 10 желтоқсан 2014жыл

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: «Ас қорыту мүшелері. Асқазан»

Мақсаты: Балаларға ас қорыту құрылымымен және қызметімен таныстыру. Танымдық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту. Өз ағзаларына күтім жасауғаттәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Адам дене мүшелерімен таныстыру.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, тақпақ, мақал т.б.

Көрнекіліктер: Адам ағзасының суреттері, слайд көрсету.

Билингвалдық компонент: Асқазан-желудок-the stomach, дене-тело-body.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Грек жаңғағын әкеледі.

-Балалар мен сендерге ғажайып жаңғағын әкелдім, оның көмегімен қолымызға, саусағымызғы жаттығу жасаймыз.

Грек жаңғағы таратылады.

Жаңғақты саусақ арасына салып айналыңдар. Саусақпен алақанға жасалған массаж ағзамызға пайдалы, ол біздің ішкі мүшелеріміздің жұмысын жақсартады.

Балалар тәрбиешімен амандасады.



Балалар

грек жаңғағымен

массаж жасады.

Ұйымдастыру іздестіру


-Балалар біз өткен ҰОІӘ қай дене мүшесі туралы айттық.

-Адамға тіл не үшін керек?

Жұмбақ

Аузымыздан өтеді,

Оған барып жетеді.

-Бүгін біз ағзамыздың ас қорыту жүйесі қалай жұмыс істейтінін білеміз.

-Асқазан біздің жеген тамағымыздың барлығын қорытады.

-Тамақ алдымен тарелкеге содан кейін қасыққа содан кейін барып ауызға ауыздан асқазанға түседі. Асқазанда тамақ ас қорыту кезіндебөлінетін асқазан сөлімен араласады.

Тамақ ауызға түскенне кейін тістер майдалайды, тіл айналдырады, тама ары қарай жеңіл өту үшін сілекей сулайды, тамағымыз арқылы асқазанға барады, асқазан қорытып ағзамызға пайдалы қоректік заттарға айналдырады, ең соңынан ішекке түсіп, табиғи жолменсыртқа шығады.

Сергіту сәті

Шеңберді біз құрамыз

Жаттығуға тұрамыз

Басымызды кезекпен,

Оңға, солға бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Жоғарыға созамыз,

Осылайша жаттығып

Сергек бала боламыз.

Асқорыту мүшелері дұрыс жұмыс істеу үшін мына ережелерді орындау керек.

  • Тмақ ауыз күйдіретін ыстық болмауы керек, тамақты асықпай жақсылап шайнап жеу керек.

  • Қуырылған, тұзды, ащы тамақты көп пайдаланбау керек, олар тәтті болғанмен денсаулыққа зиян.

  • Тамақты дұрыс уақытында ішу керек.

  • Таңертең міндетті түрде таңғы ас ішу керек.

  • Ұйқыға жатар алдында тойып тамақ үшуге болмайды.

Қ/О «Қимылды жаттығу жасау»

Балаларға әр түрлі қимылды жаттығулар жасап ойнау.

Балалар

тәрбиешіні мұқият

тыңдады.



- Ас қазан





Балалар

тәрбиешіні

мұқият,

қызығушылықпен

тыңдап отырды..











Сергіту

сәтін

қимылдармен

жасайды.






Балалар

асқазан дұрыс

жасау үшін керекті ережелерді

бернеше рет

қайталап,

күнделікті

қолдануға

тырысты.





Балалар ойынды қызыға ойнады.

Рефлексивті түзетушілік

ҰОІӘ –сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалар

ҰОІӘ не

белсене қатысады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ас қорыту жүйесінің құрылымын білді.

Қандай түсініктерді игерді: Ас қорыту жүйесінің жұмысы туралы түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ас уақытында дұрыс ішуге дағдыланды.

















Тексерілді: Орындаған: Табимбаева Н.Ж


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картсы

Айшагүл” ересек тобы 09 желтоқсан 2014жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру

Тақырыбы: «0 цифры»

Мақсаты: Балаларға 0 цифрын бос жиынның санды таңбасы ретінде таныстыру; 0цифрын жазуды үйрету; сан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру: Бір және бірде бір зат. Балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту, жинақылыққа тәрбиелеу.Санамақ айту.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, т.б.

Көрнекіліктер: Аяз атаның суреті, сандар, сандармен слайд.

Билингвалдық компонент: Сандар-цифры-numbers, аяз ата-дед мороз-santa-claus.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-Аяз ата не әкеледі?

Дұрыс сыйлықты Аяз ата дорбамен әкеледі.

Топқа аяз атаның дорбасын әкеліп балаларға ішіндегі ойыншықтарды шығарып көрсетемін

-Қыс

-Қар жауады т.б

-Жаңа жыл

-Аяз ата

-Сыйлықтар


Дорбадағы

ойыншықтарға

қарады

Ұйымдастыру іздестіру


-Балалар дорбадан ойыншықтарды шығарамын қараңдар.

-Бірінші қандай ойыншық мынау?

-ЕкіншісіҚандай ойыншық?

-Ал үшіншісі, 4, 5 ?

Аяз атаның қапшығында ойыншық бітті, 0дегенді білдіреді. «0» цифры ештеңе жоқ дегенді білдіреді, яғни бірде-бірі қалмады.

Логикалық есептер

Орманда кірпі келеді

Саңырауқұлақ тереді,

Екеуін терек қасынан

Екеуін қайың қасынан.


Ағашқа қонды қос торғай

Отыра алмай бір жерде,

Ұшып кетті қос торғай.


Өсіп тұрған төрт алмұртты

Мұратхан жеп тауысты.

Д/О «Орнын тап»

О/Ш Суретте қанша зат көрсетілсе, санды сол заттың астына қою керек.

1 гүлге – 1саны т.б.

-Балалар қараңдаршы «0» цифры қандай пішінге ұқсайды.

Д/О «Көршісін тап»

Сандардың алдыңғы және соңғы көршісін тауып орналастыру.

Сергіту сәті

Шеңберді біз құрамыз

Жаттығуға тұрамыз

Басымызды кезекпен,

Оңға, солға бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Жоғарыға созамыз,

Осылайша жаттығып

Сергек бала боламыз.

Дәптермен жұмыс.

Жіппен жұмыс

Бархат қағазына жіппен «0» цифрын жазып үйренеміз

Қ/О «Орныңды тап»

О/Ш Балалар музыкамен шашырап ойнайды, тоқтағанда әр бала өз орнын тауып тұра қалады.

Балалар

тәрбиешіні мұқият

тыңдап,

дорбадан шыққан ойыншықты

атап отырды.






4-саңырауқұлақ

Терді.




Ешқандай торғай қалмады, 0.


Алмұрт қалмады 0



Балалар сандарды

Дұрыс тауып

Қойды.



Сандардың көршісін дұрыс тапты.





Сергіту

сәтін

қимылдармен

жасайды.



Балалар

қызығушылықпен жұмысқа

кірісті.


Балалар ойынды

қызыға

ойнады.

Рефлексивті түзетушілік

ҰОІӘ –сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалар

ҰОІӘ не

белсене қатысады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 0 саны және цифрын (бос жиын көрсеткіші туралы түсінік) білді.

Қандай түсініктерді игерді: 0 цифрын жазуды түсінді, жоқ дегенді білдіретінін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 0 цифрын тану, бос жиынтықты сол цифрмен белгілеуге дағдыланды.













Тексерілді: Орындаған: Табимбаева Н.Ж









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12