"Төлдер айтысы" ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Төлдер айтысы" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру. балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту. үй жануарларына деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық ұйымдастырылған іс-әрекетінің жоспары



Күні:18.02.2025

Бағыты: (коммуникативтік дағдыларды дамыту, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту,

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Төлдер айтысы»

Міндеті: . Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту.
үй жануарларына  деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту (коммуникативтік дағдыларды дамыту), қоршған ортамен таныстыру (әлуметтік –эмоцияналдық дағдыларын қалыптастыру) Математика негіздері(танымдық және зияткерлік дағдыларын қалыптастыру)

Міндеті:

Сөйлеуді дамыту: - ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

Қоршаған ортамен танысу: Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Математика негіздері: - сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;


Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, сұрақ-жауап, әңгімелеу,есептеу,ойын, сергіту сәті,тақпақтар  Акт Технология


Көрнекіліктер: , тапсырмалардың үлгілері, сандардың суреттері т.б. геометриялық пішіндерден қиылып дайылдалған көлік түрлері

Дидақтикалық ойындар: «Адасқан сандар ». «Санға сәйкес суретті тап?» (үстел үстінде)


Шаттық шеңбері

Қане балалар барлығымыз бір – біріміздің қолымыздан ұстап, күн жасайық. Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Бізде амандасып алайық.

Армысың алтын күн ,

Армысың көк аспан .

Армысың жер ана ,

Армысыңдар достарым

Сендерді көргеніме қуаныштымын

Сәлеметсиздер бе, - дейік үлкенге.

Қайырлы күн қонақтар,

Қайырлы таң балалар!




Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде Көркем әдебиет ерекше оқу іс-әрекеті болды. Тақырыбымыз: «Төлдер айтысы і» деп аталады.Балалар 3 тілде амандасады


Неше жыл мезгілі бар?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

(балалардан кезек кезек сұрау)

-Күз мезгілінде неше айы бар?

Тәулік бөліктері атаңдар?

-Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Осы кезде есік қағылып сиқырыл сандықты тәрбиеші балаларға көрсетіп балалардың сыни олау қызығушылығын тудырады.



Қызығушылықты ояту.


Сөзжұмбақ шешейік.


Кішкене ғана бойы бар,


Айналдырып киген тоңы бар.


Төрт аяғы бар,


Сегіз тұяғы бар.


Иегінде сақалы бар.


Балалар,біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміздің тақырыбы не туралы екенін білуіміз үшін жұмбақ шешіп көрейік.


Жұмбақ шешу.


1.Кезекті бір жануар,


Үстінде екі тауы бар.


Түйе – верблюд – Camel



2.Аяғында тағасы бар,


Мойнында жағасы бар.


Мінсе көлік болар,


Сауса қымыз болар.


Жылқы – лошадь – Horse




3.Екі айнасы бар,


Екі найзасы бар.


Төрт сылдырмағы бар,


Бір шыбыртқысы бар.


Сиыр – корова – Cow



4.Кішкене ғана бойы бар,


Айналдырып киген тоңы бар.


Қой – баран – Sheep



5.Төрт аяғы бар,


Сегіз тұяғы бар.


Иегінде сақалы бар.


Ешкі – коза – Goat


Дидактикалық ойын:


«Төлін тап»


Ойының шарты:


Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына төлдерін тауып ілуі керек. Ойын осылай жалғаса береді.


Дәптермен жұмыс:


«Төлдер айтысы»


Төлдердің айтысы. (сахналау)

- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?

Лақ:- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады


Құлын:

- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.

Бұзау:

- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.


Қошақан:

- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда

тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнімнен жасалады.


Бота:

- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.


Адам:

- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.



-Төлдер бір- бірімен не үшін айтысты?



-Лақ не айтты ?


-Құлын ше?


-Бұзау не деді?


-Қошақан мен бота не деді?


-Адам не деп жауап берді?


Сергіту сәті:


Топ – топ етіп басайық,


Ауылға біз барайық.


Қозыларды санайық,


Қораларға қамайық.


Айналайын торпақ, бола берме қорқақ,


Айналайын қозым, малда жуас бозым.


Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,


Жалт- жұлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.


Жұмбақтың шешуін тап.


Жарысуға дайын,


менің қасқа........


Тастан тасқа секірген


ұзын салпаң құлақты,


Қойдан маза кетірген,


кім біледі........


Моп – момақан өзі,


сүп – сүйкімді .......


«Төлін тап”дидактикалық ойыны:

Берілген суреттерді пайдаланып үй жануарларымен төлдерін біріктіру.


Қой атасы – Шопаната

Жылқы атасы – Қамбарата

Ешкі атасы – Сексеката

Түйе атасы – Ойсылқара

Сиыр атасы – Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып күткен адам. Сол аталарымыз сендерге мынадай


сөз жұмбақ береді.


Біз ақылды баламыз,


Айтқан тілді аламыз.


Бүгінгі келген қонақтарға ,


Сау болыңыздар деп айтамыз.


Еске түсіру


Бәрі бірге хормен айтады.

(қозы)

(ешкі)

Ойынға қатысады Тыңдайды Жауап береді

Лақ

Құлын

Бұзау

Лақты

Қозы

Бота

Адам

Қимылмен көрсетеді.


Жұмбақтың шешуінүй жануарларының төлдерін балалар


біріктіріп тақтаға іліп қояды осылай ойын жалғаса береді.


Үй жануарларының пірі әрі қолдаушысы бар


Қорытынды


-Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?


-Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.


-Малдарды қалай шақырады?


Балалар жауаптарын тыңдау, балаларды мадақтау.


Бәрің де бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендердің бәріңді мына күлегеш смайликтермен бағалаймын,


жарайсыңдар!


Күтілетін нәтиже: Балалар осы сабаққа қатысып белсенді қатысып,қызығушылық танытады. Нені білу керек: Үй жануарлары мен төлдерін,олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.


Нені игереді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрлері екенін.


Нені біледі: Үй жануарларын күтіп-баптауды,оларға қамқорлық жасай білуді.



























9 «Жұлдыз-Ай» бөбекжай балабақшасы










Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет.

Бағыты: (Коммуникативтік дағдыларды дамыту )

Бөлімі: «Көркем әдебиет» .

Тақырыбы: «Төлдер айтысы »

Тобы : «Гүлдер» ересек












Өткізген :Толыбайқызы.А

















Хромтау қаласы 2024-2025 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.03.2025
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі