Төле би туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төле би туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Төле би туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы






Shape1




Shape2 Баяндама


Тақырыбы: Түгел сөздің жаршысы- Төле би









Дайындаған:







Биыл еліміздің көптеген өңірлерінде өз заманының ханы да, батыры да, биі де болған дала данышпаны Төле би Әлібекұлының 360 жылдық мерейтойы.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Рухы биік ел ғана ұлы мұраттарға жете алады», деп айтқандай, мемлекетіміз мерейінің үстем болуы оның тарихын, мәдениетін және әдеби құндылықтарын қас­терлеп, құрметтеуден баста­­­­лады. Бұл орайда, еліміз тәуелсіз­­дік алғалы бері ұрпағына ерлік ісі мен өлмейтұғын сөзін қалдыр­ған даңқты перзенттерінің бітім-бол­мысын биіктен-биікке көте­ріп, өмір жолдарын өнеге етуде ай­тарлықтай іс-шаралар атқа­рылып жатыр деп айтсақ артық болмас.

Сол атқарылып жатқан игі істердің,олардың басып өткен іздерін,жасаған жұмыстарын болашаққа жеткізу басты міндет болып саналады десекте артық айтпаймыз. Бүгінгі жақсылықтың жаршысы болған,ұлы тұлғалардың бірі,сөз данышпаны Ұлы жүздің атақты биі Төле би Әлібекұлы туралы білетін боламыз.

Қазақ сөз ұстаған халық. Сөз қадірі өз қадірім деп білген бабаларымыз кесімді сөзге тоқтап, бір ауыз сөзбен дау бетін қайырған. Ұлт басына алағай да бұлағай заман орнағанда би-шешендеріміз елдік үшін рухани күр аһәм бірегейі, қазақтың төбе биі Төле би бабамыз.

Төле Әлібекұлының өмір сүрген жылдары мен туған жері туралы нақты дерек жоқтың қасы. Кейбір деректер бойынша Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі аймағында дүниеге келген. Ұлы жүздің дулат тайпасы жаныс руынан.

Жас Төле бала күнінен әкесіне еріп жүріп, ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Әкесі Әлібек ортасына сыйлы шешен би болған. Атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған деседі. Бала Төле он беске толғанда, анасы дүниеден озады.

Төле билікке он бес жасынан араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Туралықты тұғыр еткен Төле биді халық арасында "Қарлығаш әулие" деп те атап кеткен. Аңыз бойынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.

Ұлы жүздің бас биі атанған Төле Қазыбек би, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланып, ел ішілік, ел аралық даулы мәселелерді шешкен. Қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.

Әз Тәуке хан құрған "Билер кеңесінің" мүшесі, "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға зор еңбек сіңірген.

Әйгілі Абылай ханның ел тізгінін ұстайтын тұлға болып қалыптасуында Төле бидің рөлі ерекше болған.

Ұлы жүздің атақты биі Төле түгел сөздің жаршысы,түгел сөздің биігі,төресі деген атақтарға ие болған тұлғалардың бірі.

«Нәрестенің бесігі — кең дүниенің есігі», «Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі», «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы — халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деген тағылымы терең сара сөздері үлгі шашады.
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,
Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.
Төле би даналығы – брегей даналық, биік даналық. Өткенін таныған ұрпақ қана болашақ терезесін еркін қағары сөзсіз. Ұлттың рухани сардарының есімі жылдан жылға жаңғырып, келешек ұрпақ есімімен біте қайнасары сөзсіз.

Қазақтың халық ретінде сақталып қалуына аянбай қажыр-қайрат жұмсаған Төле би Әлібекұлы табиғатынан дарынды туған, халқының ақындық, шешендік өнерінен құмарын қандырған, кеудесі алтын сандық, көкірегі ояу, терең кісі болған. Ел арасындағы билікке ерте араласып, әділдігімен, шешендігімен, тапқырлығымен халқын тәнті еткен. Төле би – түп-тұқиянынан, ата тегінен билік үзілмеген, көсілгенде көсем, шешілгенде шешен, қалың елдің қайғысын жұтып, қамын жеген, қара қылды қақ жарған, басына бақ қонған, қызыр дарыған, қаралы, жаралы жұртына тірек, пана болған, еліне сөзі ем болған, жұртына сөзі жөн болған, ақылы дария кен болған, ханға да, қараға да тең болған, сөйлеп бір кетсе сел болған, көңілі түссе көл болған кемеңгер, дала данышпаны, ақылман, данагөй, халық көсемі ретінде болашақтың ұрпақтарының есінде мәңгі сақталмақ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
77
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі