Материалдар / Төлеген Айбергенов "Сағыныш" өлеңі

Төлеген Айбергенов "Сағыныш" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлеген Айбергеновтың "Сағыныш" өлеңі. 9.1.4.1. көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану мақсатына құрылған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

М.Шахановқа


Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,
мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
Онсыз сен, тіпті, тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға.
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай.
Бұлбұлдың даусын ести алмайсың,бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап...
Үмітке толы, арманға толы әр жерде бір түп қарағай,
Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін жамырасуға да жарамай.
Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,
Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.
Балалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,
Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.
Көкірегіңде сағыныш барда мұрат та сенде бар, жаным,
Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.
Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,
Алдыңнан орман кес-кестеп шықса,сағынышыңмен көктеп өт!
Мен бұны саған жазып отырмын, арманымды орап сезімге,
Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.














II
Сағыныш жайлы қайтадан толғау болар да, бәлкім, қолайсыз,
Дегенмен, жаным, көгілдір дүние сағынбағансын арайсыз.
Өмірде мынау сағынбағандар – бақытсыз,бақсыз, талайсыз,
Қазақтың жыры Абайсыз!
Өткелі қыруар жолдарда жанға батқан да шығар сан ызғар,
Бір қасық суды аңсатқан шығар сан тарам – сарша тамыздар,
Бірақ та, жаным, өледі қыран қияға самғап баратып,
Болғасын бейбақ өз жүрегінің сағынышына қарыздар.
О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, қуану менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені көкірегі ыстық дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан!
Сағыныш деген – молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал, нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар, тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегіммен қара тасты да сағынам,
Қаланып қалса тәртіппен!
Сағыныш деген алдыңда тұрған ақ ала басты көк заңғар,
Бақытың сенің – бағытын солай бара жатсаалып пәк жандар.
Заманым менің жанарымда алып сағыныш болып жарқылдап,
Ағады тынбай күңіреніп-сыңсып аэропорттар мен вокзалдар.
Сағыныш шалғай сапарларыма жасаған шақта иелік,
Кеудеме менің сан рет кеткен табан астынан күй еніп.
Қойнымда менің қалғиды бүгін ақ жүпар әлем қыз-өмір,
Сол сағыныштың кірпіктеріне сүйеніп...
Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
Бірге қақ қанат қасымнан қалмай, сағынып көрген, қарағым,
Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем егер мен
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.
Қараңғы түнде қамығып жүрсең, қанатына алып қаусырар,
Бұл өзі, жаным, әйбат-ақ дүние, күні жоқ тіпті таусылар.
Сағыныштар да төбеңнен өтер түйдек те түйдек көш болып,
Көктемдегі барлық тырнаның онда даусы бар!
Зулайды ол бүгін – тұсымда менің жаңғырып барлық ендікпен,
Сұрша құмдарға, қүм шағылдарға таңдайы кеуіп, сел күткен,
Егер сен жарық жанарыңды алсаң қайғы мен мұңға қаптатып,
Сағынып жүрмегендіктен!
Сағыныш деп ұқ жүйткісе поезд босағасына әнді іліп,
Сағыныш деп ұқ далалар жатса, қалалар жатса жаңғырып.
О, сәлем саған, шартарап қырға жұлдыз боп ағып баратқан,
Өз жүрегімнің түкпіріндегі тұңғиық, түпсіз мәңгілік!
III
Ей, адамдар !
Айналайын туғандар,
Жалғыз минут тыңдаңдар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім,
Қазір түгел көкірегім өрт менің!
Шартарапқа жүргеніммен жүз аттап,
Бұрын мұндай кермеп едім ұзақтап.
Бір сағыныш мәңгі-бақи дос еткен,
Қазір мені жұлып алды төсектен.
Жатыр екем оянсам,
Көкірегімде астаң-кестең басталып,
Жастығыма жас тамып!
Шырт ұйқымнан жұлмалап,
Сағындырып оятты үш нәрестем.
Иә, кәдімгі ұшан-теңіз арманның
Ұшындағы үш-ақ түйір тал өскен.
Басқа дүние шығып кеткен бәрі естен.
Ұзақ жолдан шаршап келгем,
Жыр жазатын халде емен,
Жындандым ба әлде мен?!
Мұндай түстер бұрын маған енбеген,
Онсыз да мен сағыныштан кенде емен.
Мұндай халді шерткен бір кез өртене,
Жұмағали жырына да сенбегем.
Саясында болдым мен сан шынардың,
Мен жүз қызға ғашық болған шығармын.
Адаммын ғой, шын сағыныш тән маған,
Бірақ, менің тамды бүгін көз жасым,
Сол қыздардың біріне де тамбаған.
Қазір менің ессіз шөлім басталды,
Еш қайнардан қанбаған...
Ей, адамдар!
Айналайын жыр кені,
Менің осы қайнарымнан қанып іш!
Әкем өлген кезінде де бұл мені
Өртемеген сағыныш!
Мен сағынбас адамдармен дос емен,
Сан ағынға келдім толған кесемен.
Жүрмін қазір көрінгеннің баласын
Ұстап сүйіп көшеден.
Мен осынау азын-аулақ жасымда,
Сан заңғарлар төсінен,
Сан дария кешіп ем.
Құштарлығым бермегесін тіпті бой,
Бәрі бұдан терең болмай шықты ғой.
Ешқашан да менің мынау кеудемде
Ешбір теңіз мұншалықты тасқан жоқ.
Мен бармаған аспан жоқ,
Бәрі мұның биігінен асқан жоқ.
Мен осынау азын-аулақ жасымда,
Жүрегімнің лапылдаған отымен,
Сан жолдардан өтіп ем.
Сан орманның ұшар басын идіріп,
Сан тұлпардың құйрығын шарт түйдіріп,
Сан жарыққа өз шұғыласын сүйдіріп.
Бірақ менің мына мөлдір өз дертім,
Бара жатыр тиген жерін күйдіріп...
























IV
Сағыныш!
Көбірек жүріп кеттім-ау, деймін көшеңнен,
Жиірек тартып кеттім-ау, деймін кесеңнен.
Артық та болар ма екен-ау, осынау зымыран жылдар ішінде,
Күн сайын сені жүз рет көрдім десем мен!
Көріндің маған түнекте – жарық, өкпе түс болып түстіктен,
Сөйлейді сенің тіліңде барлық құс біткен
Махаббатымсың сен менің
Сан рет лаулап күйдіріп ала жаздаған
Жүрегімдегі ыстықпен.
Жолықтың ару армандар болып алысқа тартқан жолда кең,
Босатып қайта қоя да бергем, қондырып алып қолға әрең.
Орамал сыйлап Оралда қалдың, қара бұрымды қыз болып,
Сағынып кеткем сонда мен.
Кірпігімді ілмей қарадым саған, найзағай болып көк тілсең.
Жұлдызды күндер, басымнан талай өттің сен!
Көзтаңбақ ойнап көгілдір Ертіс кешінде
Омырауымның түймесін үзіп кеттің сен...
Болдың сен маған күндерде қиын дос сенген
Сен барда, жаным, еш сөнбен.
Жердегі барлық арбалар,
Вагондар, платформалар
Тарта алармысың жабылып
Осынау байтақ Сағынышыммен көшсем мен?!
Осылай да бір өссем мен!
Қарар еді онда әлем де маған көз қанбай,
Сағыныштардың керуеніндегі саз қандай!
Көшер еді онда дүние түгел, Жер түгел,
Ормандар, таулар жүпар иісімен қозғалмай...
Соңғы бір жылдар есімнен кетпей, түсіме сен ең көп енген,
Ағып та жүрсің ракеталар керуені болып төбемнен.
Жолдарың сенің осал да маған соққан жоқ,
Сағынып өттім дегенмен!









Бөлім:

3-бөлім: Адам жанының құпиясы

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Бердалина Г.К.

Күні:

12.03.2025ж.

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Т. Айбергенов "Сағыныш" өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут



















Сабақтың ортасы

15 минут















































10 минут
























10 минут





















Сабақтың соңы

5 минут







Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Талғат Жорабаевтың «Сағыныш сазы» әнін орындау


Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру


1.«QAZ MATH» платформасы арқылы Төлеген Айбергенов өлеңдері арқылы топқа бөлу

1-топ: «Ана»

2-топ: «Сағыныш»

3-топ: «Мен саған ғашық едім!»


«Көшбасшы» ойыны. «Quiz» платформасы арқылы тест тапсырмасына жауап беру

ҚБ: «Жарайсың!»


Ойтүрткі

Өлең жолдарын қалай түсіндіңіздер?

Сағыныш жайлы қайтадан толғау болар да, бәлкім, қолайсыз,
Дегенмен, жаным, көгілдір дүние сағынбағансын арайсыз.
Өмірде мынау сағынбағандар – бақытсыз,бақсыз, талайсыз,
Қазақтың жыры Абайсыз!

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, сен оны да ойла!»

Берілген үзінділерге сай келетін мақал-мәтелдер жазыңыз.






1-тапсырма.

Берілген үзінділерге сай келетін мақал-мәтелдер жазыңыз.

Прямоугольник 1

Ей, адамдар !
Айналайынтуғандар,
Жалғыз минут тыңдаңдар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім,
Қазір түгел көкірегім өрт менің!


Овал 2

Елін сағынбайтын ер болмайды,
Үйірін сағынбайтын ат болмайды








Прямоугольник 4

Сағынбай барсаң теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай.
Бұлбұлдың даусын ести алмайсың,бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап...




Овал 3

Саралақазкөлін сағынар.











Өзіңді тексеріп көр

Үзіндіге сай келетін мақал-мәтелдер:

  • Елін сағынбайтын ер болмайды,
    Үйірін сағынбайтын ат болмайды

  • Сарала қаз көлін сағынар

ҚБ: «Тамаша!»


Жұптық жұмыс «Егер мен...» әдісі

2-тапсырма

Кестені толтырыңыз.

Өлеңді

қалай атар едіңіз?

Өлеңнің қай тұсын өзгертер едіңіз?




Өзіңді тексеріп көр

Өлеңді

қалай атар едіңіз?

Өлеңнің қай тұсын өзгертер едіңіз?

Сағынуды білмейтін -тасжүрек

Өлеңге туған жерін сағынып алыстан жеткен кейіпкерді қосар едім.

ҚБ: «Керемет!»


Гүлмира Сарина - Сағыныш (әні: Гүлмира Сарина сөзі: Т. Айбергенов)

баяу орындалып тұрады

Жеке жұмыс. Өлеңнің мазмұны не үйретті? «Мен сағынбас адамдармен дос емен» тақырыбында ойтолғау жазыңыз


ҚБ. «Мөр басу»






Рефлексия.

«WhatsApp» сауалнама



Үйге тапсырма:

«Сағыныш» тақырыбында жазылған

қандай шығармаларды білесіздер? Өздері қалаған ақындарыңның өлеңдерін жаттап, талдап келу.



Психологиялық ахуал

Талғат Жорабаевтың «Сағыныш сазы» әнін орындату арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік алады






«QAZ MATH» платформасы арқылы топқа бөлінеді



Жасырын ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді




Берілген өлең жолдары бойынша өз пікірлерін білдіреді









Берілген үзінділерге сай келетін мақал-мәтелдер жазады.











































Кестені толтырып, өз ойын білдіреді.






















«Мен сағынбас адамдармен дос емен» тақырыбында ойтолғау жазады












Ұялы телефон арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс береді







«Сағыныш» тақырыбында жазылған шығармаларды тауып, үзінділер жаттап келеді









Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра

ды

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




































Дескритор

Білім алушы

-үзінділер бойынша сай келетін мақал-мәтелдерді жазады – 2 балл.

-мағынасын түсіндіреді – 2 балл






Дескритор

Білім алушы

-өлеңге өз ойынан басқа атау береді – 1 балл;

-себебін түсіндіреді – 1 балл;

-өз қиялы бойынша өлеңді өзгертеді – 2 балл.













Дескриптор:

  • өлеңдегі сағыныш ұғымын сипаттайды;

  • өз сезімін 7-8 сөйлеммен жеткізеді, ән айтады, өлең шығарады



https://yandex.kz/video/preview/9176860090376612300



https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/




https://wordwall.net/bg/resource/69024319/%d1%82%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d1%81%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d1%88-%d1%82%d0%b5%d1%81%d1%82




ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ



















Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл






















Гүлмира Сарина - Сағыныш (әні: Гүлмира Сарина сөзі: Т. Айбергенов) (youtube.com)






















ЖИ арқылы жасау
20 Наурыз 2025
486
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі