400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төлеген Тоқтаров-Кеңес Одағының Батыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Төлеген Тоқтаров жайлы яғни Кеңес Одағының батыры,ерліпен қаза тауып батырлығы жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төлеген Тоқтаров – Кеңес Одағының Батыры


Автор: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Журналистика факультетінің студенті

Тлеубергенова Айнур

Кеңесші: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

А.Н. Сагинаева


Төлеген Тоқтаров – Екінші дүниежүзілік соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен қазақ жауынгері, Кеңес Одағының Батыры. Ол, 1920 жылдың 19 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Жауынгер Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған.

Ата анасынан ерте айырылған Төлеген жастайынан жетімдіктің тауқыметін тартып, қайсар мінезімен ерекшеленді. Әкесінің інісі Ғадылқұмар оны Риддер қаласына алып келеді. Т. Тоқтаров сол жерде қазақ мектебінде жеті сыныптық білім алады. Т. Тоқтаров білімін аяқтағаннан кейін еңбекке ерте араласады.

Т. Тоқтаров 1941 жылдың желтоқсан айында майданға аттанады. Комиссия мүшелері «қай бөлімге барғың келеді?» деп сұрағанда, ол «қай бөлімде жауды көп құртуға болады, мені сонда жіберіңіздер» деп жауап берген екен. Оның ерлік жолы 1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылынан басталады. Соғыс алаңына бірінші болып кіріп, жеті жау сарбазын жойып, екеуін тұтқынға алады. Ал, 1942 жылдың 9 ақпанында Мәскеу маңындағы Бородино үшін болған ұрыста ротаның жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтере алмай жатқанда, Т.Тоқтаров қасындағы төрт жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастайды. Алдыңғы шепте, шеткі үйлерді жаудан азат етіп, бес басқыншының көзін жойды. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды.Шайқас кезінде оқ-дәрісі таусылған Төлеген ауыр жараланды. Бірақ ол ауыр жарақаттанғанына қарамастан неміс офицерінің басына автоматын сілтей ұрып өлтірді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың пулемет оғы оның кеудесіне тиіп, батыр жауынгер 1942 жылдың 10 ақпанында ерлікпен қаза тапты. Дивизияның «Отан үшін» газеті оның бір тәуліктің ішінде 150-ден астам жау әскерін жойғанын жазды. Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров небәрі 21 жасында кескілескен ұрыста ерлікпен қаза тапты.

1943 жылы Төлеген Тоқтаровқа майдан даласында ерлікпен қаза тапқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Т. Тоқтаров Бородино ауылының күншығыс жағына жерленген, қабір басына биіктігі төрт метр мәрмәр ескерткіш қойылған. Онда: «Бұл жерде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлері жатыр. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров бар» деп жазылған. Т. Тоқтаровтың ерлігі мәңгілік халық жадында, ешқашан ұмытылмайды.

Т. Тоқтаровтың ерлігі туралы көптеген шығармалар жазылып, әндер арналды. Атап С.Д. Құдабаевтың «Топ бастаған Төлеген» терме-толғауы – оның қаһармандық бейнесін сомдаған туындылар. Сонымен қатар, «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров», «Нәрін, дарын, бәрін берген – туған жер», «Намыс» атты кітаптар жарық көрген.

Т. Тоқтаровтың «Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің», - деген жалынды сөзі әлі күнге дейін батылдықтың айғағы болып қала беруде. Төлеген Тоқтаровтың бейнесі қазақ халқының жадында жаужүрек батыр ғана емес, сонымен қатар қайсар рухты, отансүйгіш жауынгер ретінде мәңгі сақталады!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі