Төлегеннің сағынышы (Төлеген Айбергенов "Сағыныш")

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төлегеннің сағынышы (Төлеген Айбергенов "Сағыныш")

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі негізгі ойларды анықтайды, талдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: ІІІ

Адам жанының құпиясы

Педагогтің аты-жөні:

Бертлеуова Клара Алибековна

Мектебі

М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы:


9 «А»

Қaтысқан оқушылар саны: 19

ЕБҚ оқушы саны: 1

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Төлегеннің сағынышы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Сабақтың мақсаты:


Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі негізгі ойларды анықтайды, талдайды.

Бағалау критерийі



ЕБҚ оқушыға

  • композициялық амалдарды анықтайды, талдайды;


  • анықталған амалдарды сәйкестендіреді.

Ойлау дағдылары деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут











7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу. «Жүректі тазарту»

Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.

Сәлемдеседі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.


Мұғалімнің қошемет сөздері.

2 интерактивті тақта слайд,

стикер таратылады.


Үй тапсырмасы: Т.Айбергеновтің өмір жолы туралы ақпараттар жинақтап, «Уақыт тізбесін» құрастыру.

Т.Айбергеновтің өмір жолы туралы ақпараттар жинақтап, құрастырған «Уақыт тізбесін» жаңа сабаққа қолданады.

Дескрипторы:

-«Уақыт тізбесі» құрастырады -1 балл


Ой қозғау. 2-тапсырма. Тақырып бойынша бірінші қадам.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар сандықшадан сұрақтар жазылған парақшаны алып, жұптасып, бір-бірімен ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.

1.Төлегеннің анасы Жібектің көрген қиындығы туралы не білесің?

2.Төлегеннің әкесі Айбергеннің туған жерден кетуіне не себеп болды? Олар туған жерін сағынды ма?

3. Төлегенге ақындық кімнен дарыған? Өлең көбінесе қандай сезімде пайда болады?

4.Төлегеннің Үрнисамен қалай танысқан? Неліктен Үрниса: «Алматы Төлегенге баянды болмады», - дейді. Қалай ойлайсыңдар, Алматы Төлегеннің сағынышын өтей алды ма?

5. Төлегеннің төс түйістерген достары кімдер? Олар бір-біріне деген сағынышын қалай білдірді?

6.Төлеген туралы кімдердің қандай пікірлерін білесің? Төлегенді қандай сағынышпен еске алады?

7. Төлегеннің қандай ерекше қасиеттерін білесің? Сендердің ойларыңша, Төлеген қандай адам?

8. Ақынның сүйегі қайда жерленген? Оны ақтық сапарға кімдер шығарып салған? Олар өз сезімдерін қалай жеткізді? (өлеңмен, естелікпен).

ЕБҚ оқушы үшін тапсырма.

Сәйкестендіру» әдісі арқылы сөйлемнің жалғасын анықтау.


1937

Төлеген Айбергенов 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген.

1957

Осы жылдан бастап алғашқы туындылары республикалық газет-журналдарда жариялана бастады.

1959

Ташкент педагогикалық институтын бітірді.

1959-1962

Қоңырат ауданындағы орта мектептерде мұғалім болып істейді.

1961

Бір топ өлеңдері «Жас дәурен» атты жинаққа енді.

1962-1965

Шымкент облыстық Сарыағаш ауданындағы орта мектеп директоры болады.

1963

«Арман сапары», «Өмірге саяхат» атты кітаптары жарық көрді.

1965-1967

Екі жыл жұмыссыз жүрді. Жеке шығармашылығымен айналысты.

1967

Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. 29 тамыз Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында қайтыс болды.

1997

«Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітабы жарық көрді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасқаннан кейін «Пазл» әдісімен түрлі түсті қағаз қиындыларына жазылған мақал-мәтелдердің жалғасын табады, топтасады.





Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлері талқыланады.

Оқушылар сандықшадан таңдап алған сұрақтар жөнінде жұбымен ойланып, сұрақтарға жауап береді. «Галереяға шарлау» әдісімен «Сағыныштан жаратылған ақын» тақырыбында ілінген суреттер топтамасын қолданады.















Сәйкестендіру» әдісі арқылы сөйлемнің жалғасын анықтайды.


























Оқушылар түрлі түсті қиындыларға жазылған мақал-мәтелдер арқылы топтасады.

1-топ. Сағыну

2-топ. Аңсау

3-топ. Сарғаю

Сынып оқушыларымен оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Мұғалімнің қошемет сөздері




















Мұғалімнің қошемет сөздері



3 интерактивті тақта слайд


«Галереяға шарлау» әдісі.

«Сағыныштан жаратылған ақын» тақырыбында суреттер топтамасы.












4,5 интерактивті тақта слайд

ЕБҚ оқушы үшін:

1)үлестірмелі материал

2) https://learningapps.org/view34402293

Онлайн тест пад. «Жас ойшыл» телеграм арқылы орындайды.



















7,8 интерактивті тақта слайд.

Сабақтың ортасы

15 минут


2-тапсырма. Жеке жұмыс Берілген өлең шумақтарындағы негізгі ойды анықтау, талдау.

І топқа:

Шумақтар

Негізгі ой

І
Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,
мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.


Онсыз сен, тіпті, тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға.
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңда

Бұлбұлдың даусын ести алмайсың,бауларға кірсең сағынбай.


Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап...
Үмітке толы, арманға толы әр жерде бір түп қарағай,
Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін жамырасуға да жарамай.


Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,
Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.
Балалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,
Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.


Көкірегіңде сағыныш барда мұрат та сенде бар, жаным,
Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.
Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,
Алдыңнан орман кес-кестеп шықса,сағынышыңмен көктеп өт!
Мен бұны саған жазып отырмын, арманымды орап сезімге,
Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.



2-топқа:

Сағыныш (Мұхтар Шахановқа)

Шумақтар

Негізгі ой

II
Сағыныш жайлы қайтадан толғау болар да, бәлкім, қолайсыз,
Дегенмен, жаным, көгілдір дүние сағынбағансын арайсыз.
Өмірде мынау сағынбағандар – бақытсыз, бақсыз, талайсыз,
Қазақтың жыры Абайсыз!


Өткелі қыруар жолдарда жанға батқан да шығар сан ызғар,
Бір қасық суды аңсатқан шығар сан тарам – сарша тамыздар,
Бірақ та, жаным, өледі қыран қияға самғап баратып,
Болғасын бейбақ өз жүрегінің сағынышына қарыздар.


О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, қуану менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені көкірегі ыстық дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан!


Сағыныш деген – молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар, тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегіммен қара тасты да сағынам,
Қаланып қалса тәртіппен!



3-топқа:

Сағыныш (Мұхтар Шахановқа)

Шумақтар

Негізгі ой

Сағыныш шалғай сапарларыма жасаған шақта иелік,
Кеудеме менің сан рет кеткен табан астынан күй еніп.
Қойнымда менің қалғиды бүгін ақ жүпар әлем қыз-өмір,
Сол сағыныштың кірпіктеріне сүйеніп...


Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
Бірге қақ қанат қасымнан қалмай, сағынып көрген, қарағым,
Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем егер мен
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.


Қараңғы түнде қамығып жүрсең, қанатына алып қаусырар,
Бұл өзі, жаным, әйбат-ақ дүние, күні жоқ тіпті таусылар.
Сағыныштар да төбеңнен өтер түйдек те түйдек көш болып,
Көктемдегі барлық тырнаның онда даусы бар!


Зулайды ол бүгін – тұсымда менің жаңғырып барлық ендікпен,
Сұрша құмдарға, қүм шағылдарға таңдайы кеуіп, сел күткен,
Егер сен жарық жанарыңды алсаң қайғы мен мұңға қаптатып,
Сағынып жүрмегендіктен!


Сағыныш деп ұқ жүйткісе поезд

босағасына әнді іліп,

Сағыныш деп ұқ далалар жатса, қалалар жатса жаңғырып.
О, сәлем саған, шартарап қырға жұлдыз боп ағып баратқан,
Өз жүрегімнің түкпіріндегі тұңғиық, түпсіз мәңгілік!



Оқушылар берілген өлең шумақтарындағы негізгі ойды анықтайды, талдайды. Бірін-бірін бағалайды. Ең үздік жұмыста топ алдында жариялайды.


Дескрипторы:

-әр шумақтағы негізгі ойды анықтайды-4 балл

-«Ең маңызды ой» әдісімен талдайды (неге олай айтқан?) -1 балл

-талдауды «Ашық микрофон» әдісімен жариялайды-1балл


9,10,11 интерактивті тақта слайд.


15 минут

3-тапсырма. «Суретпен әңгімеле» әдісі. Топтық жұмыс.

«Сағыныш» әнін тыңдай отырып, Төлегеннің сағынышын суретпен бейнелеңдер.

1-топ. Ақынның туған жерге, елге сағынышы (ана, жар, туыс, бауыр)

2-топ. Ақынның достарына сағынышы

3-топ. Ақынның поэзияға сағынышы


Оқушылар өлеңдегі негізгі идеяларды қолдана отырып, топпен сурет салады. Топ алдында қорғайды.

Дескриптор:

-бейнелеу өнері арқылы жеткізеді-1 балл

- өлеңдегі ақынның идеяларын қолданады-1 балл

- қорғай алады -1 балл

Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңі.

Аудиожазбаны тыңдай отырып, сурет салады.

Үйге тапсырма

2 минут

Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіне мазмұны ұқсас өлеңдерді зерттеу.

Зерттеу жұмыстарын жүргізеді.




Сабақтың аяқталуы


3 минут


Қорытындылау. «Еркін микрофон» әдісімен сабақ бойынша қорытынды жасатады.


Рефлексия. Оқушыларға бүгінгі алған білімдерін негізге ала отырып, 8 наурызда Төлеген Айбергеновке жүректен шыққан сағынышты сөздерін стикерге жазу, бөлісу тапсырмасы беріледі.

Оқушылар сабақ мазмұны бойынша ойтұжырым жасайды.


Ақынға арнаған жүрекжарды сөздерін оқиды.




Оқушыларға кері байланыс береді, формативті 10 балдық жүйемен баға береді.


Түрлі түсті стикерлер















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.10.2025
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі