Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................5
1. Төлеухан Бияровтың өмірбаяны...........................................................................7
1.1.Еңбек жолы......................................................................................................7 1.2. Академиялық жетістіктері.............................................................................8
2. Ғылыми жұмыстары................................................................................................9
2.1. Механика саласындағы еңбегі..................................................................9
2.2. Жарық көрген еңбектері............................................................................10
2.3. Педагогикалық қызметі.............................................................................11
2.4. Марапаттаулары......................................................................................12
3. Практикалық жұмыстар
3.1 «Элементер математика есептерінің жинағынан» есептер қарастыру......12
3.2. Экономика саласындағы жаңалықтарының қолданылуы.........................13
4. Ақындық өнері................................................................................................15
Қорытынды........................................................................................................16
Әдебиеттер тізімі................................................................................................17
І. Төлеухан Бияровтың өмірбаяны
Төлеухан Нұралдаұлы Бияров
1949 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
Таңба (қазіргі Еңбек) ауылында дүниеге келген. Әкесі Бияров Нұралда
– Ұлы Отан соғысының ардагері, қырық жылдан астам ұстаздық қызмет
атқарып еңбек ардагері де болды. Анасы Күлзиға - он саусағынан өнер
тамған ісмер де өнегелі көп балалы Батыр
ана.
Төлеухан әкесі мен анасының тұңғыш баласы еді. Таңба сегізжылдық мектебінде де үздік оқып, бос уақытының барлығын әдеби кітап оқуға арнайтын. Мектеп қабырғасында жүргенде өлең жазумен әуестеніп, өлеңдерң республикалық басылымдарға жарияланып тұрған.
Таңба сегізжылдық және С. Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектептерін үздік бағамен бітіріп, келесі жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Университетті де ойдағыдай аяқтап, 1973-1976 жылдары «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқиды. Өзі бітірген факультетте 1976-1989 жылдары оқытушы, аға оқытушы, доцент дәрежелерінде сабақ береді. Ал 1989-2002 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Электронды есептеу машиналарын математикалық қамтамасыз ету және математикалық кибернетика» кафедрасын басқарса, 2002 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Информациялық технологиялар» факультетінің деканы, «Жоғарғы математика және кибернетика» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1.1.Еңбек жолы
1967 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсіп, екінші курстан бастап академик Аслан Таймановтың жетекшілігімен «Математикалық логика» факультетінің жоғарғы оқу орындарында оқытушылар дайындайтын арнайы тобында білім алады. 1972 жылы университетті «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасында инженер-программист қызметімен ашады. 1973-1976 жылдары «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада білім алады.
1976 жылдан 1989 жылға дейін —Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Басқару жүйесін автоматтандыруды математикалық жабдықтау» кафедрасында бас оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1989ж-2002ж аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЭЕМ және кибернетика, Кибернетика, Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасын басқарды.2002 жылдан Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарған.
1.2. Академиялық жетістіктері.
Т.Бияров 1979 жылы қазақ жастарының ішінде бірінші болып математикалық басқару теориясы саласында физика-математика ғылымдары бойынша диссертация қорғады. Ол кезде Қазақстанда математикалық басқару теориясы бойынша ғылыми кеңес болмайтын. Сондықтан ол жобасын ССРО ғылым академиясының корреспондент-мүшесі В. И. Зубоватың басшылығымен А. А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде «Жүйелер теориясы, басқару және реттеуді автоматтандыру жүйесі және жүйелік анализ» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. Математика саласында диссертация қорғау оңай шаруа емес. Ал диссертацияны Ленинград университетінде қорғау одан да қиын және сирек кездесетін уақиға еді. Т.Бияровтың еңбегі жоғары бағаланып, В.И.Зубов өте риза болып, өзінің «Тербелістер теориясы» атты кітабын сыйлыққа тартты. Қорғалған диссертация тақырыбы «Басқарылатын сызықтық емес жүйелердің бір сыныбының динамикасын зерттеу» деп аталады. Оппоненттері - көрнекті ғалымдар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор В.Ф.Кротов (Москва қаласы) және физика-математика ғылымдарының докторы А.Х.Гелиг (Ленинград университеті) болды.1
Т.Бияровтың аспирант кезіндегі үлкен ізденістері нәтижесінде жазған «Выбор параметров корректирующих устройств нелинейных автоматических систем управления (Сызықтық емес автоматты басқару жүйелерінің түзеткіш құрылғылары параметрлерін таңдау)» деп аталатын жұмысы 1976 жылы «Известия АН СССР. Техническая кибернетика» журналында басылып шықты. Ол кезде мұндай журналда тек ғылым докторларының еңбектері ғана жарияланатын еді.
Бұл саланы одан әрі дамыта түскен Төлеухан қазақтың білім ордасы ҚазМУ-де, бүгінгі әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде студенттерге дәріс оқи жүріп ғылымның іргелі бір саласына айналдырды. Өзі де автоматтық басқару теориясы мен жүйелік талдау саласында белгілі ғалым болып қалыптасты.
1993 жылы Ұлттық ғылыми академиясы механика және машинажасау Институтының диссертациялық кеңесінде «Механимдер мен машиналар теориясы» мамандығы бойынша академик Ө.А.Жолдасбековтың ғылыми басшылығымен «Жоғарғы класты механизмдердің орнықтылығы туралы мәселелер және еркіндік дәрежелері көп машиналар динамикасының негіздері» («Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы») тақырыбымен докторлық диссертация қорғады Бұл тамаша зерттеу еңбекке отандық ғалымдармен қоса шетелдік ғалымдар да зор ықылас білдірді, әріптестері мақтаныш етті.
2. Ғылыми жұмыстары
Республикамызда ғана емес алыс-жақын шетелдерде де кибернетика және ақпараттық технологиялар саласында Төлеухан Нұралдаұлы жетекші ғалымдардың бірі болып табылды. Оның ғылыми қызығушылық шеңбері өте кең болатын. Математикалық кибернетика саласында уақыттың соңғы кесіндісінде орнықтылық теориясын, Т-орнықтылық және басқарылу теориясын, бейсызықтық басқару жүйелерінің оңтайлы ситезіне жаңа әдістемелер жасаумен қатар машина механикасы саласында фазалық (электроэнергетикалық) жүйелердің, лездік жылдамдықтар және үдеткіштер орталықтары теориялары негізінде жоғары класстық механизмдер, бейсызық дросселдік қозғағыштар, дірілдегіштік және планетарлық механизмдердің жаңа зерттеу әдістерін жасап шығарды.2
Төлеухан Бияровтың ең қомақты еңбегінің бірі – уақыттың соңғы бөлігіндегі орнықтылық теориясын және Т-орнықтылық және басқарушылық теориясын енгізуі. Сызықтық емес басқару жүйесінің оптималды синтезінің жаңа жолдарын жасап шығарды.
Ғалым көптеген халықаралық конференцияларға қатысып, терең баяндамалар жасады. Әсіресе Алексей Андреевич Ляпуновтың 90 жылдық туған күніне арналған халықаралық ғылыми конференцияда (Ресей, Новосібір, 8-11 қазан 2001 ж.) «Динамикалық жүйелерді соңғы уақыт қимасында импульстік басқару», «Инсулинге тәуелді диабет кезіндегі артериялық қысымды реттеудің математикалық моделі» атты баяндамалары шетелдік ғалымдардың зор ықыласына ие болды. Сондай-ақ 9 маусым 2005 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде жасаған «Қазіргі ақпараттық технологиялар негізіндегі бизнес-процестер мен білімді басқару жүйелері» атты баяндамасы қазақ ғалымының білім саласына қосқан соны нәтижелерінің бірі болып саналады. Белгілі бір деңгейде Төлеухан Бияров жан-жақты универсал ғалым еді: экономика және робототехника, қатты денелер механикасы, сымтемір шығару машиналарын реттеу, энергетикалық жүйелерді тұрақтандыру және тағы да басқа мәселелермен тығыз шұғылданды, ғылыми еңбектер жазды
2.1. Механика
Профессор, Ұлттық инженерлік академияның корреспондент мүшесі Т.Бияров қозғалыстың орнықтылық теориясы, механизмдер мен машиналар теориясы, биологиядағы математикалық үлгілеу тәсілдері, экономикадағы математикалық әдістер, ақпараттық жүйелер және қолданбалы информатика салалары қызықтырған, сол аталған бағыттарда ғалым шәкіртер даярлап, ғылыми еңбектер жазған. Докторлық диссертациясын «Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы» деген тақырыбқа арнап, қолданбалы механикадан қорғаса да, Төлеуханның негізі ғылыми еңбектерін қозғалыстың қысқа мерзім аралығындағы орнықтылығын зерттеуге Ляпуновтың тікелей әдісін пайдалануы деп білемін. Қысқа мерзім аралығындағы орнықтылық мәселелері басқарудың уақыттан сызықты түрде тәуелді, квадраттық қатынастағы, сызықты емес және көрсеткіштері дараланған жүйелері үшін қарастырылды. Төлеуханның арқасында қозғалыстың қысқа мерзім аралығындағы орнықтылығы мен қалыптасуының жаңа теориясы жасалынды. Алғаш рет орнықтылық пен басқарымдылықтың жаңа түсініктері қысқа мерзім аралығындағы қозғалыстың Т-орнықтылық пен Т-басқарымдылық ұғымдары ғылымға еңгізілді. Байқап қарасаңыз, ғалым тектен-тек жаңа ұғымдарын Т әрпімен белгілеген жоқ. Ол ғылымдағы өз үлесін келесі ұрпаққа айқындап кетті.
2.3. Жарық көрген еңбектері
Т.Бияров ғылыми ұстазы С.Ә.Айсағалиевпен бірге автоматтық басқару теориясындағы тиімді жүйелерді синтездеу мәселесіне сәйкес жүйелердің тиімді параметр-лерін табуға арналған сызықсыз математикалық программалау есебін құруы және осы соңғы есепті шешу үшін алгоритмдердің құрылуы және олардың математикалық негізделуі. Бұл нәтиже аталған екі автордың атынан КСРО Ғылым академиясының «Известия АН СССР. Техническая кибернетика» журналында басылып, жарық көрді. Екінші нәтижесі, ол абсолюттік орнықтылық теориясындағы бір мәселенің арнайы вариациялық есепке парапарлығы (эквиваленттілігі). Ғалымның бұл еңбегі өзінің жеке-дара авторлығымен Қазақ КСР Ғылым академиясының «Известия АН КазССР. Серия физика-математика» журналында басылды. Осы саладағы оқу мен ғылымды ұштастыру мақсатында ол жоғары оқу орындарына арнап «Ва-риациялық есептеу және оңтайландыру әдістері», «Экономикалық кибернетика», «Дискреттік кибернетика пәні бойынша есептер жинағын», «Оңтайландыру әдістері» сияқты бірқатар оқулықтар жазды.
Көрнекті ғалым Т.Бияров 232 ғылыми-әдістемелік жұмыстың, оның ішінде 7 монографияның, 17 оқу-әдістемелік құралдың, авторы. Оның 7-і қазақ тілінде жарық көрді. Көп жылдар бойы қабылдау комиссиясы қатарында болып, ҚазГУ-ге түсем деген талапкерлерден математикадан емтихан қабылдауға қатынасты. Сол жұмыстарының нәтижесін қорытындылап, талапкерлерге арнап арнайы «300 есеп шешімдерімен», «Қарапайым математика есептері» (қазақ тілінде), «Тестілеу бойынша 1000 есеп» атты оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Төкеңнің көптеген еңбектері кибернетика және механика салаларының жалпы теориялық проблемаларына, ғылыми техникалық прогресске, әсіресе тың кибернетика саласын ұйымдастырудың әдістемелік мәселелеріне және ғылымның өндіріс пен білім жүйесімен байланысына арналған.
Соңғы жылдары Т.Бияров Қазақстан экономикасының нарықтық негізге өту проблемаларын зерттеуге белсенді ат салысып келді. Оның баспасөз беттеріндегі жарық көрген көптеген мақалалары мен жоғары орындарға жазған хаттары Қазақстандағы нарықтық реформаларының стратегиялар мен тактикаларының көкейкесті проблемаларына арналған. Бұған ғалымның «Егемен Қазақстан» және «Банки Казахстана» газет-журналдарында жарияланған басылымдары дәлел бола алады. Мұнда экономиканың, әлеуметтік және басқа қаржы мәселелерінің сұраныстарын қанағаттандыру үшін қосымша қаражаттарды табу механизмдері, ғылыми-техникалық прогресс, бюджеттік қаржыландыру саласында мемлекетпен белгіленген міндеттерді шешу үшін елдің қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде теориялық және әдістемелік зерттеулерін жасады.
2.4. Педагогикалық қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1989 жылы Т.Бияров жаңадан ашылған, электронды есептеу машиналарын математикалық жабдықтау және математикалық кибернети-ка мамандықтары бойынша студенттер дайындайтын «ЭВМ және кибернетика» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Университетте кафедра меңгерушісі болу жауапты да абыройлы. Өткен ғасырдың соңғы жылдарында (1995-1998 ж.ж) Қазақстан жоғары оқу саласының тарихында тұңғыш рет осы кафедраның негізінде жаңа «Бизнестегі ақпараттық жүйелері» мамандығы ашылды және «Информатика» мамандығының оқу методикалық құрылымы айқындалды. Осы мамандықтардың мемлекеттік талаптарын анықтап, оқу жоспарлары мен тиісті басқа да құжаттарын дайындаған Төлеухан еді. Сондықтан осы мамандықтардың атасы профессор Төлеухан Бияров деп айтсақ қателеспейміз. Ізденімпаз ғалым іргелі зерттеулер жүргізумен қатар өз білгені мен жинаған білімін жастардан аяған жоқ.
Механика-математика факультетінің студенттеріне оңтайландыру әдістері, дискреттік математика, информатика, операцияларды зерттеу және басқару, қозғалыс орнықтылығының теориясы, оңтайландыру және басқару теориясы, стохастикалық басқару теориясы, на-рықтық экономиканы модельдеу және фирма теориясы, экономикалық кибернетика, математикалық кибернетиканың қазіргі мәселелері, экономикадағы әдістер және т.б. көптеген іргелі және арнайы курстардан дәріс оқыды. Бүгінде көрнекті ғалымның жүздеген шәкірттері республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші, өзі дамытқан саланы одан әрі зерттеуші бірнеше ізбасарлары бар. Оның жетекшілігімен 20 физика-математика ғылымдарының кандидаттары дайындалды және 1 ғылым докторына ғылыми кеңесші болды.
Профессор Төлеухан Нұралдаұлы білікті маман, ұлағатты ұс-таз болумен қатар мәдениетті басшы, дарынды ұйымдастырушы болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Математикалық кибернетика» мамандандығы мен «Информатика» мамандықтарының қалыптасуында өзіндік қолтаңбасы қалса, «Бизнестегі информациялық жүйелер» мамандығының ашылуы оның есімімен тығыз байланысты. Ғалымның жеке басқаруымен «Бизнестегі информациялық жүйелер» және «Информатика» мамандықтарына мемлекеттік стандарттар жасалып, өзі осы мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу-әдістемелік бірлестігінде әдістемелік ко-миссияның төрағасы болды.
Төлеухан ағайдың үйлерінен шәкірттері үзілмейтін. Ол шәкірттерінің арасында өте жоғары мәртебелі болды. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Максат Қалимолдаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кеңесбаев сияқты шәкірттерін атап өтуге болады. Төлеухан Бияров - қазақстандық кенже кибернетика ғылымының қалыптасып, қаз басуына қыруар еңбек сіңірген ірі ғалым, ұзақ жылдары жоғары оқу орындарында дәріс оқып, мың-мыңдап шәкірт тәрбиелеген, сөйтіп еліміздің халық шаруашылығын өрге сүйреуші білікті мамандар жасағын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз.
«Ұстаз болу адамның асылы» деп бекер айтпаған. Еліміздің жетекші жоғары оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұзақ жылдар бойы атқарған ұстаздық қызметінде және Елбасының қолдауымен жаңадан ашылған Қазақстан-Британ Техникалық университетіндегі басшылық жұмыстарында болсын Т. Бияров замана ағымынан туатын өмірдің өктем тала-бынан сынық сүйем айныған емес. Оның ғылыми әдіснамалық жұмысы қашанда келелі жайларды қозғайтын кемелдігімен, теория мен практиканы үйлестіре білетін шеберлігімен, тұтастай алғанда, Қазақстанның, ал жекелей алғанда, кибернетика мен механика ғылымдарының толғағы жеткен толымды проблемаларын мол қарпып талдайтын ауқымдылығымен ерекшеленетін. Экономикалық кибернетикадағы іргелі мәселелерге арналған еңбектерінде де ғалым осы ұстанымынан айнымайтын: мәселен нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеті туралы өз тұрғысын, өзіндік түсінік-пайымын ешкімге жалтақтамай, ашық айтатын.
2.5. Марапаттаулары
Төлеухан Нұралдаұлы Бияровтың ғылымдағы және жоғары білікті мамандар дайындаудағы еңбектері ескеріліп, бірнеше рет үкімет пен жоғары орындар тарапынан марапатталды. Ол 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды. Ерен еңбекті ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми степения иегері. «Тың жерлерді игергені үшін» медальінің иегері (1970ж)
-
Практикалық жұмыстар
3.1.Төлеухан Бияров көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінде қабылдау комиссиясы қатарында болып талапкерлерден математикадан емтихан қабылдауға қатынасты. Жылдар бойғы еңбегін саралай келе, талапкерлерге арнап арнайы «300 есеп шешімдерімен», «Қарапайым математика есептері», «Тестілеу бойынша 1000 есеп», «Элементер математика есептерінің жинағы» атты оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Есептер жинақтарынан есептер шығарып, талдаулар жасадым. Есептер жинағында есептер берілмес бұрын математика пәні бойынша негізгі формулалар берілген. Есептер күрделілігі әртүрлі. Шешу тәсілі жағынан бір-біріне жақын есептер топтастырылып берілген. Оқулықтарда толық баяндалмай жүрген мәселелерге айрықша назар аударылған3. Мысалы төмендегі есептер:
36. Мына аралықта шешімін табу 1,5< х< 7:
2x3 – 27x2 +106x –105 = 0
1.36.![]()
![]()
![]()
Жауабы: 5.
37. Мына аралықта
шешімін табу 0
х<5:
x3 +x2 – x –1 = 0
1.37. ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Жауабы: 5.
66. tg 4350 + tg3750
I.66. ![]()

Жауабы: 4.
-
8 sin 37030’·cos 37030’·sin 150 = 4·2 sin 37030’·cos 37030’·
· sin150 = 4 sin 750 · sin 150 = 4 sin 750 · sin(900-750) =
= 4 sin 750·cos 750 = 2 sin 1500 = 2 sin(1800-300) =
= 2 sin
300
= 2 ·
=
1.Жауабы: 1.
3.2. Экономика саласындағы жаңалықтарының қолданылуы
Қазақстан экономикасы дамуының әр кезеңдерінде экономика ғылымын перспективалық бағыттарда байытуға сүбелі үлес қосуда. Әсіресе, нарықтық экономикаға көшудің Қазақстандық үлгісін талдап жасауға үлкен еңбек сіңірді. Сонымен, қатар жекелеген аймақтарға, аса ірі кәсіпорындардағы нарықтық қатынастардың тәжірибесін үйретуге іс жүзінде көмек көрсете білді.
«Экономикалық реформаны баяулатуға болмайды» мақаласында «Экономиканың түпкі мақсаты – тұтынуға қызмет көрсету, оның мақсаты өмір сүру деңгейімен ғана шектелмеуі керек. Экономиканың сапалық деңгейін тиімділікті арттыру есебінен көтеруге ұмтылу керектігі белгілі. Адамның шығармашылық ынтасы бар жерде ғана дамудың сипаты, серпіні жоғары дәрежеде болады. Осыған орай еліміздің ғаламдық түрдегі даму жоспары бо-лып танылған "Қазақстан-2030" стратегиялық жоспарын атауға болады.
Соңғы жылдары ел экономикасында өсу бар деп есептелгенімен, экономикалық реформаларды бip сәтке де баяулатуға болмайды. Дамудың Й.Шумпетер айтқан басты кілті ғылыми жаңалықтарды өндіріске үнемі енгізу және несие екенін ескерсек, халықтың әл-ауқатын өсіруге және экономикалық жоғары жетістіктерге жету үшін күрделі математикалық (имитациялық) үлгілеуді жолға қою. Салааралық байланыстарды ескеретін экономикалық өсу үлгілерінде ғылыми-техникалық прогресті және шектеулі уақытты ескеру өте маңызды. Фирма теориясында, өндіріс теориясында трансакциялық шығындарды (мәміле шығындарын), жемқорлықты, экологияны, салық салуды, инвестициялардың кешеуілдеуін ескеретін математикалық үлгілерді іске қосатын шақ жетіп те қалды. Ол фирманың, кәсіпорынның нақты пайдасын анықтауға көмектеседі және оның іс-әрекетіне теориялық негіздеме жасайды» деп атап көрсеткен.4
Сонымен қатар ғалым экономика саласында ұлттық экономиканы соңғы жоспарлау жиегінде макромодельдеу мәселесін қарастырды, фирмалардың трансакциялық шығындары мен жемқорлықты қоса есептегендегі шығындарының математикалық моделін жасады, ақшаның сандық теориясы мен Лаффер қисығы негізінде салық салу теориясын жинақтады.
Ван-дер-Ваальстың теңдеуі негізінде ақшаның сандық теориясы жалпыланды. Ол үшін Ирвинг Фишердің ақша теориясының негізгі сандық теңдеуі қолданылды. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының түпкі мақсаты болып табылатын халықтың әл-ауқатын көтеріп, ғылыми-техникалық прогрессті дамыта отырып, экономиканың қарқынды өсуінің ғылыми негіздері жасалды. Ол үшін ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып макроэкономикалық тұрақтылықтың теориялық анализі жасалды, экономикалық өсу мен жоспарлау стратегиясының сапалық критерилері зерттелді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстанның макроэкономикасының дамуына ұсыныстар жасалды.
Қазіргі уақытта аса маңызды факторлар болып аймақтармен бюджетаралық байланыс және жергілікті жерлерде әлеуметтік сфераға инвестицияларды тарту бойынша бюджеттік жоспарлау тәжірибесінің болмауы табылады. Мәселен, муниципалды бағалы қағаздарды шығару мәселесі. Көптеген корпоративті бағалы қағаздар инвесторлардың қызығушылығын тудыртпайтынын ескере отырып, муниципалды облигацияларды шығару инвестициялық белсенділікті ынталандырудың негізгі механизміне айналуы мүмкін. Мұндай құрал зейнетақы қорларының жұмысын жандандырып, олардың капиталын жалпы ел экономикасын дамытуға тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, ал бұл өте маңызды.5
-
Ақындық өнері
Төлеуханның ақындық өнері де ерекше. Оның өлеңдері ешкімнің өлеңдеріне ұқсамайды. Ойы терең, тілі бай, өзіңді ойландырып-толғандырып, өлеңнің идеясын өзің тауып, шешуіңе шақырады. Мұндай мазмұнды күрделі өлеңдер тек математика ғылымының күрделі, байланысып жатқан жіптерінің шешімін таба білген адамдардан ғана шығады ғой деп ойлаймын Төлеухан өзінің алғашқы өлеңдерінде-ақ ішінде, көңілінде жүрген ойларды шабыты келгенде шығаратынын жазады. Өлеңдерін оқып отырып оның еліне, жеріне, туған ауылына, Алтай тауына, Бұқтырма өзеніне, Тарбағатайға, жолдастарына, құрбы-құрдастарына арнаған махаббатының кіршіксіз екенін түсінесің6.
Ақын-ғалым туған ел мен өскен жер тақырыбына көптеген жыр жолдарын жазып қалдырғаны белгілі. Төлеухан туған жерін мақтан тұтып, әрдайым өлеңіне қосып жүретін. Мәселен, буырқанған алып Бұқтырмасын жырлағанда:
Асығасың күн батысқа алқынып,
Көк толқының шатқалдарды шарқ ұрып.
Көріп сенен өмірдегі арнамды,
Балапандай тұрмын саған талпынып.
Толқыныңмен бірге тулап жүрегім,
Мәңгі-бақи айырылмауды тіледім, –
деп шабыттанатын. Мұндай кристалдай таза өлең жолдары туған жерін шын сүйген үлкен әрі таза жүректен ғана шығады.
Лирикалық өлеңдері де біршама. Тегі, ақын өзіне ұнаған, өзін мазалаған ия жетелеген ой иірімдерін қағаз бетіне жыр өрнек ретінде түсіреді деген рас болса, онда Төлеуханның ойын тербеткен, санасын саралаған не деген сұрақтың жауабын оның жырларынан табарсыз 1999 жылы – жарық көрген “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” деген өлеңдер жинағын Төлеухан жерлестерін өте жақсы көретін, солармен бірге болғанда еркелеп отырып, өлеңдерін шабыттана оқитын. Сондай бір кездерде марқұм Оралхан Бөкеев Төлеуханға: «Сенің математик болғаның дұрыс болды, әйтпесе бәрімізден мықты сен болар едің» деп ойын білдіруінен артық бағалау болмас.
Қорытынды
Профессор Т.Н.Бияров ғылымның әртарапты бағыттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізе білді: кибернетиканың теориялық проблемаларын жасау және жүйелік талдау; математикалық тиімді аппаратын және экономикалық кибернетика мен ақпараттық технологияның қолданбалы теориясын құру; әртүрлі кәсіпорында (фирмаларда) және салаларда өндірістің тиімділігін модельдеу және жоспарлау; ғылыми негіздер жасауда әртүрлі деңгейдегі автоматтанған жүйелерді құру, сондай-ақ олардың бірізділік шоғырлануы; халық шаруашылығын ақпараттандыру және компьютер технологиясын, экономикалық кибернетиканың тәсілі мен әдісін енгізу. Республикадағы кибернетика және механика проблемалары бойынша ірі ғылыми мектебін құру үшін белсенді ғылыми қызметтің негізі қаланды. Ғылыми жетекшілігімен аталмыш мамандықтар бойынша 30-ға жуық докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазіргі уақытта көптеген ізденушілері ғылыми жұмыстарын қорғауға даярлауда. ТМД елдері мен Қазақстанның әртүрлі Диссертациялық кеңесінде докторлық және кандидаттық диссертациялар бойынша ресми оппоненті болды.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей Төлеухан Бияров баулыған шәкірттер Қазақстанды өркендету жолында әр салада қызмет етуде. 59 жыл ғұмырында артына өлмес мұра қалдырған ғалымның ізбасарлары әлі де көп болатыны түсінікті.
Әдебиеттер тізімі
-
Бияров Т.Н. «Теория устойчивости движения на конечном отрезке времени» - «Зерде», Алматы: 2003г
-
М.Н.Бияров, Б.Н.Бияров құрастыруымен «Төлеухан Бияров» - «Орхон» баспа үйі, 2009ж
-
Бияров Т.Н. «Элементар математика есептерінің жинағы» - «Кітап», Алматы:1992ж
-
Бияров Т.Н. «300 задач с решениями» - Алматы: 1992ж
-
Бияров Т.Н. «1000 задач по тестированию» - Алматы: 1996ж
-
Бияров Т.Н. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» - Алматы: 1999ж
-
«Материалы международной конференции, посвященная 60-летию профессора, академика Биярова Т.Н.» - КБТУ, 2009г
-
Интернет мәліметі ru.wikipedia.org/wiki/
-
НазырбаевҚ. «Катонқарағай» Астана қаласы «Фолиант» 2011ж
1 С.Ә.Айсағалиев «Төлеухан Бияров» ; Алматы «Орхон» баспа үйі , 2009 жыл
2 Б.Т.Жұмағұлов «Төлеухан Бияров» ; Алматы «Орхон» баспа үйі , 2009 жыл
3 Т.Бияров «Элементар математика есептерінің жинағы» Алматы: Кітап, 1992ж
4 Т.Н.Бияров Ақпан, 2006 жыл, «Мұнара» газеті
5 Әбдіжапар Сапарбаев, «Төлеухан Бияров» ; Алматы «Орхон» баспа үйі , 2009 жыл
6 Теңлік Мәсәлімқызы «Төлеухан Бияров» ; Алматы «Орхон» баспа үйі , 2009 жыл
12
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Төлеухан Бияров - көрнекті ғалым

шағым қалдыра аласыз