400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТІРЕК - КОНСПЕКТ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША

«Атамұра» баспасы бойынша


Әзірлеуші:

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ажибаева Алиман Махмутовна

Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Пәні:

қазақ әдебиеті

Сынып: 7 (Т1)

IІ тоқсан

Сабақ №1

Бөлім атауы:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы

Ресурстар:





Оқулық: Арман-ПВ. Авторы С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенов

Қосымша материалдар (бейнематериалдарға сілтемелер):

Иллюстрациялық материал:

Ш.Қанайұлының портреті

Сабақтың мақсаты:

7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Бағалау критерийі:

  1. Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайды

Термин сөздермен жұмыс:

Кесапат – бәле, қырсық.

Айбар – айбат, айбын, қаһар.

Дуан – (көне) бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс, аймақ.

Заманақыр – тар кезең, зобалаң шақ.

Сүр – ұзақ уақыт сақтау үшін, тұздалып сақ­ талған ет.

Асылық – астамшылық, күпірлік.

Жөргем – пайда, олжа.

Керт бас – сүйенер ешкімі жоқ, жалғыз өзі.

Қоңсы – 1) кедей ауыл, кірме; 2) бірге отырған ауыл­үй, көрші­қолаң.

Азулы – 1) мықты, күшті;(ауысп.) бет қаратпайтын өткір, өжет, озбыр.

Сабақтың қысқаша тезистік конспектісі

Зар заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей импе­ риясының отарлау сая­ саты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойы­ лып, халықтың саяси, эко­ номикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақыттын сипаттайды.

Шортанбай ойлары мен көзқарасы ақын өмір сүрген дәуірдегі халықтың ой­пікірінен алынғаны даусыз. Отаршылдықтан азап шеккен, әкімшіліктің әділетсіздігінен торыққан, екіжақты қанау астында зорлық көрген халық трагедиясын ол көзімен көр­ ді, солардың сөзін сөйледі, арман­мұңын жырлады. Сондықтан Шортанбай өлеңдерін халық жанына жақын қабылдады, оны заманның зары есебінде ұқты. (С.Қирабаев)


Оқу материалдары



Жауап бер

1.Шортанбай Қанайұлы өмір сүрген заман туралы не білесіңдер? 2.ХІХ rасырда қазақ даласында қандай тарихи оқиrалар орын алды?

3.«Зар заман» өлеңінде ақын өткен заманның келбетін қалай сурет- теген?

4.Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген?

Зертте

1.Шортанбай ақын өлеңінің «Зар заман» аталу себебі неде?

2.Сол кездегі ақындарды не себепті М.Әуезов «Зар заман ақындары» деп атады?



Орында

1-тапсырма

«Зар заман» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар

Тақырыбы:

Идеясы:

2-тапсырма

Ақын өлеңімен танысып, берілген кестені толтыр

Зар заман белгілері

Бүгінгі заман белгілері




Кері байланыс


Орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібер.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі