12
Сабақтың тақырыбы:Толықтауыш
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік — тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту;
ә) дамытушылық — шығармашылық белсенділігін арттыру, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік – оқушыларды бірін-бірі тыңдап,сыйлай білуге,берілген тапсырмалар арқылы адамгершілікке,отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте,слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты және оқу құралдарын түгендеу.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Сабақта бүгін кім жоқ?
-Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма?
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тақырыбы: бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру.
«Мықты болсаң, тауып көр» - Бастауыш пен баяндауыштың ережесі.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылады?
«Алғыр болсаң, алып көр» - Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаға байланысты мысалдар келтір.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Бес жерде бес-жиырма бес.Сызықшаның қойылу себебі?
«Ойлы болсаң, озып көр» - Бастауыш та баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болғанда сызықша қойылады.Соған мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріледі,оқулық арқылы ережені оқиды.
Қызығушылықты ояту.
Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта, жариялау)
Қу бұтақта дән жоқ,
Қысыр сөзде мән жоқ.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.Берілген мақалдардағы асты сызылған сөздерге сұрақ қойындар.
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)
3. сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
4. Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)
Толықтауыш құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)
|
Толықтауыштар құрылысына қарай |
Мысалдар |
|
Дара |
Татулықта(неде?) табыс мол |
|
Күрделі |
Жүз-жиырма беске (неге?) бөлінеді |
|
Үйірлі |
Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады. |
|
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері |
Толықтауыштың сұрақтары |
Мысалдар |
|
Тура толықтауыш табыс септігінде |
Кімді?нені? |
Жаман сыйлағанды білмес.Оқушылар емтихан тапсырды. |
|
Жанама толықтауыштар Барыс септігінде Жатыс септігінде Шығыс септігінде Көмектес септігінде |
Кімге?неге? Кімде?Неде? Кімнен?Неден? Кіммен?Немен? |
Күресуге дәрмен жоқ. Халықта жер бар. Күштіден істі озды. |
IV.Сабақта орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма:
Берілген мәтіннен толықтауыштарды тауып,астын сызындар.
Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді.Толқындар жабуды бүлк-бүлк көтеріп,суға батырмайды.Аң да,құс та,адам да толқындардың үстінде қобызын аңыратқан Қорқыттың күйін тыңдайды.Әсем құстар қоршаған Қорқыт өз әндерінің бірін соларға арнайды.Өте әдемі осы күй сазын халық «Аққу» деп атап кеткен.
Жаттығудың орындалу барысы:

2-тапсырма:
Берілген тапсырмадан толықтауыштарды тауып,түрін ажыратыңыздар.
1.Сен дәптерге жазба.2.Тақтаға шығып сабақты айт.3.Тақтаны сүрт.4.Ертең мектепке келіп,кітаптарыңды ал.5.Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
Жаттығудың орындалу барысы:
Жанама толықтауыш:дәптерге
Тура толықтауыш:сабақты,тақтаны,кітаптарыңды,қылышыңды
3-тапсырма:
Кім көп біледі?соны анықтау үшін 2топқа бөлініп мақал-мәтелдердегі бос орындарды толықтауышпен толықтыру керек.
1-топтың тапсырмасы:
1. Қорқақ..........қорқады.
2. ..... шыққан сөз,
..... болсын кез.
3. Өтірік сөз ... баспас.
4. .... пәле .....
2-топтың тапсырмасы:
1.Сөз .... қолқа жоқ
2.Аяғы жаман .... былғар,
Аузы жаман .....былғар
3.Жақсы сөз ... рахат,
Жаман сөз... жарақат.
4..... шым тоқтатар.
.... шын тоқтатар.
Тапсырманың орындалу барысы:
1-топтың тапсырмасы:
1. Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
2. Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
3. Өтірік сөз өрге баспас.
4. Басқа пәле тілден.
2-топтың тапсырмасы
1.Сөз тапқанға қолқа жоқ
2.Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар
3.Жақсы сөз жанға рахат,
Жаман сөз жанға жарақат.
4.Суды шым тоқтатар.
Сөзді шын тоқтатар.
4-тапсырма:
«Сұрақ-жауап». (2 топқа ортақ қойылады сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.(иә)
Толықтауыштың байланысу түрі матасу және қабысу.(жоқ)
Бір сөзден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.(жоқ)
Толықтауыш құрылысына қарай дара,күрделі,үйірлі болып бөлінеді.(иә)
Толықтауыштың тура және жанама түрлері болады.(иә)
Тура толықтауыш кімге?неге?кімде?неде? сұрақтарына жауап береді.(жоқ)
5-тапсырма:
Мына кестеден тура және жанама толықтауыштарды табыңыздар.
|
Сөз |
Тура толықтауыш |
Жанама толықтауыш |
|
Күресуге |
|
|
|
Гүлдерді |
|
|
|
Саматты |
|
|
|
Машинамен |
|
|
|
Халықты |
|
|
|
Айшада |
|
|
|
Кітапты |
|
|
Тапсырманың орындалу барысы:
|
Сөз |
Тура толықтауыш |
Жанама толықтауыш |
|
Күресуге |
|
+ |
|
Гүлдерді |
+ |
|
|
Саматты |
+ |
|
|
Машинамен |
|
+ |
|
Халықты |
+ |
|
|
Айшада |
|
+ |
|
Кітапты |
+ |
|
6-тапсырма:
Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып жанама толықтауышқа айналдырып сөйлем құра.
Берілетін сөздер:Әже, су, мектеп, мұғалім, жол, еңбек, Орал, тау.
Тапсырманың орындалу барысы:
Арман әжесімен көрші ауылға қонаққа барды.
Лагерь демалушылары Шалқар көліне суға түсуге барды.
Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Балалар мұғалімдерімен бірге музейге барды.
Қалаға бару үшін Асылдар жолға шықты.
Баланы кішкентай күнінен еңбекке баулу керек.
Қала күніне орай Оралға танымал әншілер келді.
Демалыс күні Марал достарымен тауға шаңғы тебуге барды.
7-тапсырма:
2-топқа парақша үлестіріледі. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қою қажет.
1-топқа тапсырма.
Тау .... көрікті
Ел .... көрікті.
Берілетін сөздер:тасымен,суымен,жасымен,шөбімен,ағашымен
Дәнді шашпа, ... баспа.
Берілетін сөздер: кітапты,дәптерді,нанды,қағазды
Сөз .... өтеді,таяқ ..... өтеді.
Берілетін сөздер:сүйектен,ағаштан,оттан,еттен,судан
2-топқа тапсырма
Көз жеткен .... сөз жетер.
Берілетін сөздер:тауға,жерге,көлге,мектепке
Бал тамған .... , у тамар.
Берілетін сөздер:тілден,қылыштан,ырыстан,шеберден
Сөз .... қолқа жоқ.
Берілетін сөздер:барғанға,көргенге,тапқанға.
Тапсырманың орындалу барысы:
1-топқа тапсырма.
1.Тау тасымен көрікті
Ел жасымен көрікті.
2.Дәнді шашпа,нанды баспа.
3.Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді.
2-топқа тапсырма
1.Көз жеткен жерге сөз жетер.
2.Бал тамған тілден, у тамар.
3.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
8-тапсырма.
Өлең жолдарынан тура және жанама толықтауыштарды тауып екі бағанға бөліп жаз.
Бір мінезім бар еді көкке өрлеген,
Батылдықты,шындықты жек көрмеген
Ол әншейін жастықтың жалыны екен,
Ойласам,ақымақ боп тек терлеген
Бір мінезім бар еді аңқылдаған,
Досқа да,дұшпанға да жарқылдаған
Ол да әншейін жастықтың желігі екен
Ауыздықсыз бір кезде аңқылдаған.
Пайда болды бір мінез енді маған,
Алыпқашпам басылды,бітті шамам.
Кімдер қандай қабақпен қарайды деп,
Асыранды тазыдай жылмаң қағам.
Тапсырманың орындалу барысы:
Тура
толықтауыш Жанама толықтауыш
Көкке
Досқа
Дұшпанға
Маған
Қабақпен
Батылдықты
шындықты
9-тапсырма:
«Сөзден сөз тіркесіне»ойыны.Берілген сөздерден сөз тіркесін құраңыз.
Берілетін сөздер:ойнайды,дайын,қарау,құштарлық,шықты,күнделігі ,айтты.
Тапсырманың орындалу барысы:
Доппен ойнайды
Концертке дайын
Көңіліне қарау
Өмірге құштарлық
Мектептен шықты
Ақынның күнделігі
Шындықты айтты
10-тапсырма
«Толықтауыштың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында шағын пікір жазындар.
Тапсырманың орындалу барысы:
Толықтауыш тұрлаусыз мүшенің бірі.Ол амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесі.Толықтауыш болатын сөз таптарына зат есім,зат есім орнына қолданылатын есімдік,сан есім,сын есім үстеуді жатқызуға болады.Көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Толықтауыштың өзіндік ерекшеліктерінің бірі ол атау және ілік септіктен басқа септіктерден жасалады,байланысу түрі-меңгеру және жанасу.Тағы бір толықтауышқа тән ерекшелік тура және жанама толықтауыш болып 2-ге бөлінеді.
V. Бекіту: Сабақты сөзжұмбақ арқылы бекітемін.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ж |
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М |
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
1.Күрделі толықтауыш қандай шылаудың қатысуы арқылы жасалады.
2.Толықтауыштың бір түрі.
3.Толықтауыш қандай байланысу арқылы жасалады.
4. Күрделі толықтауыш қандай септеулік шылау арқылы жасалады.
5.Толықтауыштың байланысу түрін тап.
6.Баяндауыш білдіретін амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлауысыз мүше.
Тапсырманың орындалу барысы:
1.Жөнінде
2.Дара
3.Жанасу
4.Туралы
5.Меңгеру
6.Толықтауыш
Оқушыларға толықтауыш ,оның түрлері туралы толық түсінік бердім.Сабақ түсіндіру барысында слайд,түрлі кестелер,сөзжұмбақ қолдандым.Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың іздену қабілеттерін дамыттым. Сыныптағы тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларды бір-бірін тыңдап,топтасып жұмыс жасауға үйреттім.
VII. Үйге тапсырма: Толықтауыштың түрлеріне 3 мысалдан жазып,ережесін жаттап келу.
VIII. Бағалау: Үй тапсырмасын айтып,жаңа сабақтың тапсырмаларын орындауға қатысқан оқушыларды бағалаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Толықтауыш,оның түрлері

шағым қалдыра аласыз