Төңкерілген сынып технологиясын физика сабағында қолданудың әдістемелік негіздері
Аннотация: Бұл мақалада физика сабағында төңкерілген сынып технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеуде аралас оқытудың тиімді әдістері, оның артықшылықтары (жекелендірілген оқыту, уақытты ұтымды пайдалану) және кемшіліктері (техникалық қиындықтар, үйренуге мотивацияның төмендеуі) талданады. Сондай-ақ, эксперимент нәтижелері бойынша бұл әдіс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білім деңгейін көтеретіні анықталды. Тәжірибелік зерттеулер оқыту үдерісінде технологияны дұрыс қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
Кілт сөздер: төңкерілген сынып, әдістеме, бейнематериалдар, инверттелген оқыту, мотивация
Кіріспе
Жыл сайын білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа тәсілдер пайда болып отырады, олардың басым бөлігі инновациялық технологиялардың дамуымен тікелей байланысты. Оқу процесін қызықты, тартымды, қолжетімді әрі түсінікті ету үшін оқытушы үнемі сабақ өткізудің жаңа әдістері мен формаларын іздестіріп, түрлі педагогикалық технологияларды өзара үйлестіруге мәжбүр болады.
Қазіргі білім беру жүйесі ғылым мен техниканың даму бағыттарын ғана емес, сонымен қатар қоғамның білім сапасына қоятын талаптарын да ескереді. Осыған байланысты бүгінгі таңда оқытушының басты назары білім алушылардың оқу іс-әрекеті арқылы жалпы білім беру құзыреттіліктерін қалыптастыруға, олардың тұлғалық қасиеттері мен мәдени деңгейін дамытуға, білімнің маңызын түсінуіне, ішкі мотивациясын арттыруға және өз оқуына жауапкершілікпен қарауына бағытталады.
Осы тұрғыда сабақ барысында ашық қарым-қатынас ортасын қалыптастыру, әрбір білім алушыға белсенділік танытып, дербес әрекет етуге және таңдау жасауға мүмкіндік беру мәселелері өзекті болып отыр.
Аталған мәселелерді шешудің тиімді жолдарының бірі – оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен электрондық ресурстарды мақсатты түрде қолдану. Бұлтты технологиялардың қарқынды дамуы және олардың кең мүмкіндіктері АКТ-ны тек оқу үдерісін әртараптандыру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің маңызды құралына айналдырады.
Педагогикалық тәжірибеде білім алушылардың оқу-тәрбие процесіне белсенді әрі мазмұнды қатысуын қамтамасыз ететін белсенді оқыту әдістері кеңінен таралуда. Дәстүрлі оқыту әдістері негізінен білімді жеткізуге бағытталса, белсенді әдістер проблемаларды шешуге, сыни ойлауды дамытуға және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға басымдық береді. Осындай заманауи педагогикалық технологиялардың бірі – «Төңкерілген сынып» әдісі.
«Төңкерілген сынып» (Flipped Classroom) – бұл дәстүрлі оқыту тәсілінен өзгеше ұйымдастырылатын, қазіргі білім беру талаптарына сай келетін модель. Бұл әдісте оқытушы негізгі теориялық материалды алдын ала ұсынады, ал білім алушылар оны өз бетінше, көбіне түрлі цифрлық ресурстардың көмегімен (бейнесабақтар, презентациялар, интерактивті материалдар) меңгереді. Ал сыныптағы уақыт теорияны түсіндіруге емес, оны тәжірибеде қолдануға, талдауға және тереңірек түсінуге бағытталады. «Төңкерілген сынып» моделінің негізгі идеясы – оқушылардың теориялық материалды өз бетімен меңгеруі. Мұғалім жаңа тақырып бойынша бейнесабақ жазады немесе интернеттегі әртүрлі дереккөздерден (Khan Academy, YouTube және т.б.) бұрыннан дайындалған тақырыпты пайдаланады. Материал интернетке орналастырылады. Оқушыларға осы материалға сілтемелер беріледі. Оқушыларға үй тапсырмасы беріледі: жаңа теориялық материалды бейне дәрістерді көріп өз бетімен оқу, оны оқулық мәтіндерін оқу және тақырыпты бастапқы түсіну деңгейін бағалайтын қысқа тесттер тапсыру арқылы толықтыру.
Осылайша, білім алушылар сабаққа дайын күйде келеді: олар жаңа тақырыппен алдын ала танысып, негізгі ұғымдарды түсініп үлгереді, сонымен қатар бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Сабақ барысында бұл білімдерін түрлі тапсырмалар, талқылаулар, топтық жұмыстар арқылы бекітіп, нақты жағдайларда қолданады. Мұндай жұмыс түрлері олардың ойлау қабілетін дамытып, білімді жай жаттап қана қоймай, саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді.
Сабақтан кейін де оқу үдерісі тоқтамайды: білім алушылар өз түсінігін бағалап, қажет болса толықтырып, алған білімдерін жаңа жағдайларда қолдануға тырысады. Бұл олардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырып, жауапкершілігін арттырады.
«Төңкерілген сынып» моделінің басты ерекшелігі – оқу процесінің орталығына білім алушының өзі қойылады. Дәстүрлі сабақта уақыттың басым бөлігі түсіндіруге жұмсалса, бұл әдісте сыныптағы уақыт барынша тиімді пайдаланылады: оқушылар тапсырмалар орындайды, бір-бірімен пікір алмасады, бірлесіп жұмыс істейді және өз білімдерін іс жүзінде қолданады.
Осы тұрғыдан алғанда, «Төңкерілген сынып» – тек жаңа әдіс емес, білім алушының белсенділігін арттыратын, шығармашылығын дамытатын және заманауи дағдыларын қалыптастыратын тиімді оқыту тәсілі болып табылады.
Төңкерілген оқыту мұғалімдердің рөлін түбегейлі өзгертеді – олар материалды жеткізуші ретіндегі қызметінен бас тартып, орнына оқу процесінің белсенді серіктесіне айналады. Бұл революциялық тәсіл оқушылардың рөлін де бірдей радикалды түрде өзгертеді, әсіресе материалды алдын ала меңгеру арқылы сабаққа дайын келетін жағдайда.
Классикалық тәрбие жүйесінде пассивті тыңдаушы ретінде қалыптасқан оқушылар енді білім алудың толыққанды субъектісіне айналады. Бұл модель оларға жауапкершілік пен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – сабақ кезіндегі топтық әрекеттестіктер мен практикалық жұмыстар оқушылар арасындағы өзара әрекеттестікті білім берудің негізгі қуат көзіне айналдырады.
«Flipped Classroom» моделін қолданғанда оқушылар оқу үдерісінің белсенді қатысушыларына айналады. Оларда сабақ басталар алдында алған білім негізі бар, ал мұғалімдерде студенттермен жеке жұмыс істеуге көбірек уақыт болады. «Төңкерілген сынып» технологиясын іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады (1-сурет):

1-сурет - «Төңкерілген сынып»
үлгісін іске асыру кезеңдері
Қазіргі уақытта «Төңкерілген оқыту» – бұл қатаң стандарттары жоқ, икемді педагогикалық кеңістік. Бұл инновациялық тәсілдің ерекшелігі – ол алдын ала дайындалған бейне материалдарды пайдаланып, сынып ішіндегі уақытты активті әрекеттестікке арнау идеясына негізделген. Көптеген мектептерде мына үлгі қолданылады:
-
оқушылар 5-7 минуттан аспайтын қысқа бейне модульдерді қарайды
-
материалды меңгеру деңгейін бағалау үшін интерактивті тесттер мен онлайн-сауалнамалар қолданылады
Бұл жүйенің айтарлықтай артықшылықтары:
-
қиындық туған сәттерде бейнені қайта қарау мүмкіндігі
-
тест нәтижелері бойынша лезде кері байланыс
-
мұғалім үшін оқушылардың түсінбеген сәттерін дер кезінде анықтау мүмкіндігі
Ең бастысы - бұл әдіс әр оқушының жеке қабылдау жылдамдығын ескере отырып, материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
«Төңкерілген оқытудың» артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Дегенмен, бұл оқытудың артықшылықтары кешіліктеріне қарағанда айтарлықтай көп.
«Төңкерілген оқытудың» артықшылықтары:
-
Әр бала өз қарқынымен жұмыс істей алады
-
Оқушылар пәнді оқуға көбірек қызығушылық танытып, мотивациясы артады
-
Барлық материалдар балаларға қолжетімді, тіпті сабақтан кез келген себеппен қалған оқушыларға да
-
Оқушылар өз оқуларына көбірек жауапкершілік алады
-
Оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта сыныптан тыс оқуға мүмкіндік алады
-
Сабақ кезінде оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады; мұғалім материалды тез меңгеретін оқушыларды көмекші етіп тағайындай алады, олар өз кезегінде сыныптастарына көмектеседі
-
Мұғалім оқу іс-шараларын тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік алады
-
Компьютерлік технологиялардың көмегімен мұғалім білімді бағалау әдістерін ұйымдастыра алады, балаларға не оңай түсінетінін және қай жерде қосымша жаттығу қажет екенін көре алады
-
Қазір оқушылардың ата-аналарын оқу үдерісіне тарту мүмкіндігі бар, олар балаларымен бірге сабақ материалдарын қарап, түсінбеген жерлерін түсіндіре алады
-
Оқушылар топтық жұмыс кезінде коммуникациялық, ынтымақтастық және әлеуметтік дағдыларын дамытады
«Төңкерілген оқытудың» кемшіліктері:
-
Барлық оқушылар интернет желісіне қол жеткізе бермейді
-
Осы типтегі сабаққа үйренудің қиындығы
-
Үй тапсырмасы сабақтың міндетті бөлігі болып табылады
-
Мұғалім АКТ технологияларын жақсы меңгерген болуы тиіс
-
Әдістің артықшылықтарын ата-аналарға түсіндіру
-
Әріптестердің қолдауы
-
Оқушылар компьютерде немесе смартфонда көп уақыт өткізеді
Эксперимент нәтижелері
Экпериментке Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың жалпы саны 82: 41-қыз, 41-ұл. Эксперимент жүргізуді бастамас бұрын 8 сыныпты екі топқа бөлдік: 8 «А», 8 «Ә» - бақылау топ, 8 «Б», «В» - эксперименттік топ. (1 кесте)
1 кесте
8 сынып оқушылары туралы ақпарат
|
ЭТ/БТ |
Сынып |
Оқушы саны |
|
Эксперименттік топ |
«Б» |
16 |
|
Бақылау топ |
«А» |
23 |
|
Эксперименттік топ |
«В» |
20 |
|
Бақылау топ |
«Ә» |
23 |
Экперимент 3 тоқсанда өткізілді, орындалу мерзімі 10 аптаға созылды. Оқушылар физика сабағын аптасына 2 рет өтті. Мектеп сабақтары 45 минутты қамтиды. Зерттеу 8-сынып оқушыларымен жүргізілді, олар физиканың «Тұрақты электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тарауларын меңгерді. 1-ші тарау 13 тақырыптан, ал 2-ші тарау 7 тақырыптан тұрады. Оқушылар бір сабақта бір тақырып өтті. Әр сабақ барысы үш бөлімнен тұрды:
-
сыныптан тыс видео сабақтарды көру
-
білімді тексеру
-
сыныптағы интерактивті оқу іс-шаралары.
Экперимент нәтижелерін шығару үшін 8 сынып оқушыларының 2 тоқсандағы қорытынды бағаларын және 3 тоқсанда «төңкерілген сынып» технологиясын қолдану арқылы қорытылған бағаларын салыстыру қажет болды. (2 кесте)
Оқушылардың 2 тоқсан бойынша қорытынды бағалары 2 суретте көрсетілген. Дәл солай, 3 тоқсан бойынша қорытынды бағалары 3 суретте ұсынылған. Оқушылардың тоқсандық бағаларын салыстырып, ортақ график жасалған (4 сурет). Бұл графикте 2 және 3 тоқсан арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетеді. Әсіресе, бұл 8 «Б» және 8 «В» сыныптарында байқалады. Бұл «төңкерілген сынып» технологиясының жақсы әсерін айқындайды.
2 кесте
8 сынып оқушыларының 2 және 3 тоқсан қорытынды бағалары
|
Сынып |
Топ |
2 тоқсан (пән бойынша орташа балл) |
3 тоқсан (пән бойынша орташа балл) |
2 тоқсан Пән бойынша білім сапасы (%) |
3 тоқсан Пән бойынша білім сапасы (%) |
|
8 «А» |
Бақылау |
3,86 |
3,82 |
65,21 |
60,86 |
|
8 «Ә» |
Бақылау |
3,73 |
3,69 |
65,21 |
60,86 |
|
8 «Б» |
Экперименттік |
3,85 |
3,9 |
65 |
70 |
|
8 «В» |
Экперименттік |
3,81 |
4,06 |
70,38 |
75 |

2 сурет – 8 сыныптың 2 тоқсан бойынша қорытынды бағалары

3 сурет – 8 сыныптың 3 тоқсан бойынша қорытынды бағалары

4 сурет – 2 және 3 тоқсанның салыстырмалы графигі
Қорытынды
Зерттеудің басты мақсаты – мектепте «төңкерілген сынып» технологиясының тиімділігін зерттеп, түсіну болды. «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінде өткізілген он апталық сынақ нәтижесінде біз «төңкерілген сынып» технологиясы физиканы оқытудың тиімді әдісі екеніне сенімді түрде айта аламыз. 3 тоқсан 2 тоқсанға қарағанда ұзақ болғанына байланысты 8 сыныптардың білім көрсеткіштерінде өзгерістер бар. Атап айтқанда, 8 «А» және 8 «Ә» сыныптарында сабақтар дәстүрлі түрде өтсе де, білім көрсеткіштері кеміді. 8 «Б», 8 «В» сыныптарының балл көрсеткіштерінің өсуі оқуға деген мотивацияның артуы, белсенді қатысу және өз бетінше жұмыс істеуге деген ынтамен байланысты. 8 «Б» сыныбында пән бойынша орташа балл көрсеткіші 0,05-ке артты, ал 8 «В» сыныбында 0,25-ке дейін артты. Бұл дегеніміз, әдістің тиімділігі негізінен оқушылардың жеке және топтық сипаттамаларына, өзін-өзі тәртіпке келтіру деңгейі және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формасына бейімделудегі қиындықтарға байланысты болуы мүмкін.
Графиктер көрсеткендей, оқытудың небәрі он аптасында «төңкерідлген сынып» технологиямен оқыған оқушылардың тоқсандық қорытынды бағалары және пән бойынша білім сапасы өсті. Оқушылар төңкерілген сынып моделінде сабақтарға дайындалу арқылы өзін-өзі басқару дағдыларын жетілдіре алды. Осы эксперимент нәтижесінде оқушылар мұғалімнің көмегінсіз де жаңа нәрселерді меңгеруге болатынын түсінді. Бұл оқушыларға практикалық сабақтарға, жобаға негізделген оқуға және қызықты тапсырмаларға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік берді. Өзін-өзі басқаруға үйренбеген оқушылар қиындықтарға тап болуы мүмкін және жаңа әдіске бейімделу үшін біраз уақыт қажет болуы ықтимал.
Бұл оқыту әдісі жаңа және әлі біздің елде толық енгізілмегенімен, төңкерілген оқыту дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын жетілдіруге және сыныптағы оқушыларға бағытталған оқыту стилін кеңейтуге ықпал етеді.
Біздің тұжырымдарымыздың дұрыстығын растау үшін жүргізілген зерттеу нәтижелері төңкерілген сыныптың мектеп оқушыларының физика пәнінен көрсеткіштеріне елеулі әсер еткенін көрсетті.
Пайдалынған әдебиеттер:
-
STEM- образование: ключевые дефениции // Информационные технологии и средства обучения. –М. 2017. Т. 62. – №6. – С. 16–33. / А. Е. Стрижак, И. А. Слипухина, Н. И. Полихун, И. С. Чернецкий. — Текст : непосредственный.
-
Marshall, H. Three reasons to flip your classroom // Bilingual Basics. August, 2013. URL: http://newsmanager.commpartners.com/tesolbeis/issues/2013-08-28/6.html . — Текст : непосредственный.
-
Pilar Cаceres Gonzаlez. «Инверттелген аудитория» әдістемесінің негіздері: практикалық сабақтарда қолдану. – Валенсия: Политехникалық университет, 2015. – 15 б. . — Текст : непосредственный.
-
Беркенова Г.С. Инновациялық технологиялар және инновациялық педагогикалық қызмет жоғары білім сапасының көрсеткіштері ретінде. Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Л.Н. Гумилев. . — Текст : непосредственный.
-
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (21.07.2015 ж. өзгертулер мен толықтырулармен). 5. Саутенкова Л.С. Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2009. – 67 б. . — Текст : непосредственный.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз