Топ жетекшінің жылдық есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топ жетекшінің жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
топ жетекшінің жылдық есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

2020-2021 оқу жылында  «Аспаз» № 3 топ студенттерімен жыл бойы

 атқарылған тәрбие жұмысының есебі


          Топта барлығы 25 студент бар. Оның ішінде ұлдар-11, қыздар-14. Топтағы барлық студенттердің қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.

Жыл басында 2020- 2021 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Естаев бекітті.

Жоспар негізінде «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!» атты тақырыпта білім күніне арналған тәбие сағаты зум конференция залында №3 топ студенттерімен өткізілды. Тәрбие жұмысының жоспары бекітіліп,А. Естаевқа өткізілді.Оқу жылы басында жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды. Бүкіл тәрбие жұмысы Елбасының «Мәңгілік Ел- 2050» жолдауында айтып өткендей студенттердің сындарлы ойлау өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру бағытында жүргізілді. 1қыркүйекте тобымда «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!» атты тәрбие сағаты өтті. Топ студенттері «Анкета удовлетворенность студентов дистанционного обуч.» 8/09/2020 атты ұйымдастырылған сауалнамаға 25 студент қатысты. 10/09/2020 күні «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамаға топтың ата-аналары қатысты. 11/09/2020 күні «Өзіндік мінездеме» сауалнамасына 25 студент қатысты. 19/09/2020 күні «Құқық бұзушылық және оны болдырмау» атты тақырыпта колледж директоры Е. Қойбеков, тәрбие жөніндегі орынбасары А. Естаев және топ жетекшілердің қатысуымен зум конференция залында ата-аналар және студенттермен кездесті. 13/ 10/ 2020 1- курс студенттерінің ата-аналарымен зум конференциясында жиналыс өтті.


8/11/2020 күні « Біз сіздерге ризамыз» атты бейнеролик жарық көрді. Мақсаты пандемия кезінде ұлағатты ұстаздарға алғыс айту. Бейнероликте 3 топ студенттері қатысты. Желтоқсан айында «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» атты бейнеролик жасалынды және әлеуметтік желілерде жүктелді. «Алғыс айту» күніне бейнесабақ жасалынып, әлеуметтік желіге жүктелді. 2- жартыжылдықта 3- топ студенттері офлайн оқуға көшуіне байланысты студенттермен жұмыс атқару өзгерді. Топ студенттері колледжішілік ұйымдастырылған іс шараларға белсенді қатысты. Топ белсенділері А. Дарбай мен Т. Нуриддинова топ жетекшінің үмітін ақтады.

Жыл басынан яғни қыркүйектен топ студенттері сабақтарына қатысып, топ студенттерінің тәртібін, сабаққа деген ынталарын,үй тапсырмаларын қаншалықты орындайтындықтарын бақыладым.Бақылау кезінде студенттердің оқу барысында жіберген қателіктерін дер кезінде байқап,оларға ескертулер айтып отырдым. Әр аптаның үшінші күндері смартнейшндегі онлайн сабақтарының орындалуын тексеріп, ескертулер беріп отырдым. Әсіресе смартнейшндегі тапсырмаларды уақытында орындап, пәндерден алған бағаларына үлкен мән беріп отырдым. Себебі, студенттер мен ата-аналарда осы уақытқа дейін бұл дағды қалыптаспаған. Жыл басынан әр аптаның сенбі күндері жоспар бойынша сынып сағаттарын өткіздім.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ң белгілері, жұқтырудың алдын –алу», «Дұрыс тамақтанудың бала денсаулығына әсері» атты әңгіме өтті. Жыл бойына колледжде өткізілген қоғамдық іс шараларға топ студенттері барынша белсене араласты, пәндер апталықтарына қабырға газеттерін шығарып, мерекелерде ат салыса қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Олардың еңбектері еленіп, марапаттау қағаздарын алды. Колледж испекторының және психологының топ студенттерімен  тренинг және әңгіме өткізілген кездесулер өтті.

Халықаралық онлайн олимпиадаға студенттер белсене қатысып,жүлделі орындарға иеленді. Жыл қорытындысында топ үлгерімі 100 пайыз, сапалық құрамы пайызбен оқу жылын тәмәмді. Студенттер жыл бойы колледждің қоғамдық іс шараларына белсене қатысты.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
1455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі