Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топсеруен. Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Топсеруен

Сынып: 1

Мерзімі:

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік: қоршаған дүниенің әртүрлілігі және әдемілігімен таныстыру.

Дамытушылық: зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: топ ережесіне бағына отырып, қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері,еңбекке баулу

Құралдар: ноутбук, альбом, қарындаш, табиғи материалдар

Әдіс-тәсілдер : ой қозғау, жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ- жауап

Оқыту нәтижесі: қоршаған дүниенің әртүрлілігін, әдемілігін байқайды. Зерттеудің қарапайым тәсілдерін меңгереді.


Сілтеме: дүниетану оқулығы, Алматыкітап баспасы

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

2 мин


Тақырыпқа шығу: Бейне роль. «Жаңбырды алғаш көрген бүлдіршін»

Бала жаңбыр жауып жатқанын қалай сезді?

Табиғатта болып жатқан өзгерістерді қалай білеміз?

Ендеше сіздермен «Топсеруен» ге шығайық

Сәбидің жаңбыр жауғанын алғаш рет бақылап тұрғанын айтады.

Табиғаттағы өзгерістерді бақылау керек деп тұжырымдайды.

Мағынасын

ашу

5 мин


- Балалар, міне біз тоғай ішіндеміз. Нені көреміз деп ойлайсыздар?

- Ендеше бұл сабақта мақсатымыз не болмақ?

Сыныпты 3 топқа бөлемін. Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің суретін (карточка) оқушыларға бөліп беремін.

«Білу» тапсырмалары:

І-топ ағаштар: Қандай ағаштарды көріп тұрсыздар? Діңін қарап, оның түсін анықтаңыздар. Ағаштардың діңінің көлемдерін салыстырыңыздар. Жапырақтардың түсі қандай? Олардың пішіндері қандай?

ІІ-топ бұталар: Бұталарды қараңыздар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадыңыздар?

ІІІ-топ шөптесін өсімдіктер: Өсімдіктердің ішінен шөптесін өсімдіктерді тауып, оларды ағаштармен, бұталармен салыстырыңыздар. Олардың қандай айырмашылығы бар?

Оқушылар суреттер арқылы топтарға бөлінеді: ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.

Тоғай ішінде не көретінін, нені бақылау керек екенін болжайды, мақсат қояды.







Балалар жалпы айналадағы өсімдіктерге бақылау жасайды.

өсімдіктердің айырмашылығын анықтайды.



Смайликтер арқылы бағалау


5 мин


«Түсіну» тапсырмасы:

Бақылау кезінде алған ақпараттарыңызбен алдымен жұпта, кейін топта өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

Топ мүшелері жұпта, кейін топта өз ақпараттарымен бөліседі.

Топтағы оқушылар бір- бірін қолпаштап бағалайды


5 мин


«Қолдану» тапсырмасы:

Әр топ көшбасшысы жинаған ақпараттарын пайдаланып, қорытындылап айтыңыздар.

Әңгімелесу. Топ ішінде пікір алмасып, топ басшылары қорғайды.

«Жұлдызша» арқылы бағалау


7 мин


«Талдау» тапсырмасы:

І-топ: ағаштар, ІІ-топ: бұталар, ІІІ-топ шөптесін өсімдіктерді сызу. Айырмашылығын анықтау.

«Мозайка» стратегиясы. Басқа топтан не әкелдің? Сұраққа топпен ақылдасып жауап іздейді? Басқа топты «Бес саусақ» әдісімен бағалатамын

Сурет салу жұмысы. Балалар бақылағандарын сызады.

Топтарда бір оқушы қалады. Қалғандары басқа топқа барып, мәлімет әкеледі.

«Бағдаршам» арқылы бағалау


5 мин


«Синтез» тапсырмасы:

Қоршаған орта қайтсек таза болады? Әр топ өз жобасын ұсыныңыздар.

Әр топ өзара ақылдасып өз жобасын ұсынады. Басқа топ мұқият тыңдап, бағалайды.

«Бес саусақ» арқылы бағалау


3 мин


«Бағалау» тапсырмасы: Жинаған табиғи материалдардың ішінен жануарға, адамға, басқа заттарға ұқсайтын тұстарын табыңыздар. Ойыңызды дәлелдеңіздер.

Табиғи заттардың басқа заттарға ұқсайтын тұстарын тауып, өз ойын дәлелдейді.



«Бас бармақтан жұдырыққа» арқылы бағалау

Рефлексия

3 мин


Топсеруеннің қорытындысын шығару.

- Бүгін сіздерді қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады?

- Сіз табиғаттың жақсы досы бола аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?

- Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі? Ендігі сабақта біз сезім мүшелерімен таныс боламыз.

Үй тапсырмасы: жинаған табиғи материалдарды сараптау (тұқымы, сабағы, жапырағы, бұтағы)

Кері байланыс: «Баспалдақтың қай жерінде тұрмын?» Оқушылар аттары жазылған стикерлерді баспалдақтың тиісті жеріне қояды. Үсті «түсіндім», ортасы «түсіндім, бірақ сұрағым бар», төмен «толық түсінбедім»



Табиғаттың барлық мезгілі, барлық тіршілік иесі маңызды екенін бағалайды.















Оқушылар аттары жазылған стикерлерді баспалдақтың тиісті жеріне қояды. Үсті «түсіндім», ортасы «түсіндім, бірақ сұрағым бар», төмен «толық түсінбедім»

























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1058
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12