Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтағы негізгі жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтағы негізгі жұмыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:30.09.20

Мектеп: КММ’’Найманбай атындағы орта мектеп’’

Машықкердің аты-жөні: Нұрсләмбек Ж.Ж

Сынып: 4 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Елімнің туын желбіреткен отандастарым

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог айту

4.3.7.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; өз бетінше пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялау

4.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

1.4 Берілген тақырып бойынша мәтін құрау

3.7 Қатені табу және түзету

4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Оқылған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтін түрі мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.

Көпшілік оқушылар:Диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір оқушылар:Берілген мәтін бойынша ой пікірлерін нақты, толық жеткізе алады.

Сөздік қор

Авиация, қаһарман, ерлік

Бағалау критерийі

Мәтіннің мазмұны бойынша жүйелі сұрақтар құрып, жауап беруге жаттығады, сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Ел нышандары- ел мақтанышы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5мин




І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Амандасу

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

«Көк тудың желбірегені» әнін айту

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Еліміздің туын желбіреткен қандай отандастары туралы жазып келгенін біліп, топтастыру. Топта оқушылар бір-бірін толықтыратындай өз мәтіндерінен ақпарат айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=K7-WmmJsnsM


Сабақтың ортасы



10мин









10мин


























10мин

V. Жаңа сабақты меңгерту.
(К) Бейнефильмді көріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Бейнефильмде кездескен кісінің аты-жөндерін дәптерге теріп жазу. Жалқы, жалпы есімді қайталау.

(Т) Топта тұңғыш қазақ ғарышкері туралы не білетіндерін талқылау, кестені толтыру.

Білемін

Білгім келеді (сұрақтар қою)

Білдім





Топта мәтінді оқып, құрастырған сұрақтары бойынша жауаптар іздеу.

Білсем деп өс жас ұлан”

1,2- топ

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облы-сы,Қарқаралы ауданы «1- Май“ совхозында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиация училищесінде(1969ж.), Ұшқыш-сынақшылар мектебінде(1976ж.), Мәскеудің авиация институтында(1979ж.) ғарышкерлер даярлайтын орталықта(1991ж.) білім алған.

Ұшқыш-инженер, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымының докторы (1998ж.)Көкшетау Университетінің профессоры (1997 г.) Авиация генерал-майоры(1992 ж.наурыз) деген атақтардың иегері. Еңбек жолын Теміртау заводында темір жонушы болып бастаған (1962-65ж.) Училищедегі оқуын аяқтағаннан кейін ұшқыш болып,звено меңгерушісі, авиация командирі қызметтерін атқарды. Совет Одағының Батыры(жаңа авияция техникасын сынау жолындағы ерлігі үшін)(1988ж.) Халыкқ қаһарманы (1995 ж.), СССР-дің еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы,СССР-дің ұшқыш-ғарышкері(1991ж.) және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері(1994ж.) Ленин орденінің, «Знак Почета», «Золотой крест» (1993 ж. Австрия), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері,Көкшетау қаласының құрметті азаматы атақтарына ие болған.

3-4 топ

1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шық-қан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 51 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.Солардың Ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар.Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған.Биыл ғарышкер Тоқтар ағала-рыңның ұшқанына 25 жыл толып отыр.

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.

Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.


(Ж) Оқыған мәтіндері бойынша сұрақтар құрастыру.

«Сен маған, мен саған» жұпта сұрақтарға жауап беру.

VІ. Жаттығу жұмыстары.

  • Мәтінде ц, в әріптері кездесетін сөздерді теріп жазу.

  • Сол сөздермен сөйлемдер құрастыру.

  • Авиация сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  • Спортшылардың ішінде (в, ф, ц, ч) әріптері кездесетін есімдер мен тектерін табу, дәптерге жазу. Қорытынды шығару. (орыс тілінде көп кездесетінін байқату)

  • «Қатемді тап» ойыны

Афтобус, консерт, естафета, пакультет.

https://www.youtube.com/watch?v=hJYeCiSXFZY







Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

«Телеграмма»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек.

Үй жұмысы:«Мақтанамын ерлігіңмен, отандастарым»әңгіме жазу 4-5 сөйлем


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сауатты жазуға, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Әдіскер:______________

Пән жетекшіс:і____________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2021
1320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12