жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Топтық жұмыс – ынтымақтастық оқу тәсілінің тиімді жолы
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің ІІ деңгейлі мұғалімі Бурашева Збира Рыскалиевна
Коучингтың тақырыбы: |
Топтық жұмыс – ынтымақтастық оқу тәсілінің тиімді жолы |
||
Сілтеме: |
МАН, 78-79 беттер |
||
Мақсаты: |
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы мәлімет беру. Мұғалімдерге топпен жұмысты ұйымдастырудың түрлерін көрсету. Топтық жұмысты пайдаланудың тиімділігін талқылау, әдістерін іс жүзінде қолдануды үйрету, тиімділігіне көз жеткізу |
||
Күтілетін нәтижесі: |
Ынтымақтастық оқу жағдайында ұстаздар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, сын тұрғысынан ойлауға және барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады Мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың көреді, үйренеді. Топтық жұмысты пайдаланудың тиімділігін талқылайды. |
||
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: |
А3 форматты ақ қағаздар, маркерлер, интерактивті тақта, слайд, бейнекөрсетілім, үлестірмелі материалдар, стикерлер,түсті қағаз. |
||
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: топтық жұмыс, диалогтік оқыту Ақылдың алты қалпағы Кері байланыс |
||
Сабақ бойынша коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті |
|||
Уақыт мөлшері |
Коучтың іс-әрекеті |
Қатысушылардың іс-әрекеті |
|
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (3 мин)
Топқа бөлу (2 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз. - Армысыздар, жаңалыққа құштарлар, жаңашылдыққа бейімдер, өз ісінің шеберлері, шәкірттерінің сүйенерлері, ең, ең дегендер, Мерген мектебінде тер төккендер, Алтын уақытын бөліп келгендер, қош келдіңіздер! Сергіту сәті. Шаттық шеңбері. «Күннің көзі кімге түсіп тұр?» (Бірдей белгілері,қасиеттері бар адамдарды атау арқылы орын ауыстырылады, бір қатысушыға орын жетпей қалады. Ортадағы бастаушы белгілерін айтқан соң өзі орын иеленуге тырысады.Орын жетпеген адам бастаушы болып ортада қалады.) Топқа бөлу «Молекулалар»ойыны бойынша қатысушылар жүргізушінің хабары бойынша атомдар болып топқа бөлінеді, қатысушылар 3 топқа топтасады. |
«Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау мен үйретуден аянбау» Д.Қонаев
Шаттық шеңберіне шығады, өзіне қатысты хабарламаларға байланысты, орын ауыстырады.
Қатысушылар атомдар болып топтасып, топқа бөлінеді |
|
Миға шабуыл (5 мин)
|
Бейнежазба ұсыну:
|
Бейнежазбаны көреді, сұрақтарға жауап береді. |
|
І тапсырма
Әзірленуге 7 мин
Қорғауға 3 мин
|
І топқа: Топ ережесін құру ІІ топқа: Топтық жұмыстың тиімді жақтары ІІІ топқа: Топтық жұмыстың тиімсіз жақтары |
Әр топ берілген тапсырманы топ ішінде талқылайды, постерге өз идеяларын түсіреді, қорғайды. |
|
Бағалау (3 мин) |
Топ жұмыстарын «Екі тілек, бір ұсыныс» бағалауды ұсыну |
Әр топ жұмысы қорғалғаннан кейін «Екі тілек, бір ұсыныс» арқылы бағалап отырады. |
|
Ақпарат (5 мин) |
Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет |
|
|
Сергіту сәті (2 мин) |
Сергіту сәтін ұсыну «Песня овцы Долли» әні |
Би қимылдарын қайталайды. |
|
Ақпарат (2 мин) |
Ойлаудың 6 қалпағы туралы мәлімет беру |
|
|
10 мин |
Тапсырма №4 Шарты: Ақылдың алты қалпағы бойынша түйінді ойлар айту Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау Қара шляпа – логикалық негативті ойлау Қызыл шляпа – ішкі сезім, эмоция Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау Көк шляпа – ойлау процесін басқару, қорытынды |
Берілген қалпаққа сай ой қорытады |
|
ІІ тапсырма
Әзірленуге 5 мин
Қорғауға 5 мин
|
Талқылауға ұсынылатын мәселе – ҰБТ Ақ қалпақ – ҰБТ туралы ақпараттар, деректер; Сары қалпақ – ҰБТ-ның жағымды жақтары; Қара қалпақ – ҰБТ-ның жағымсыз жақтары; Қызыл қалпақ – ҰБТ туралы болжам, ішкі түйсіктер; Жасыл қалпақ – ҰБТ туралы жаңа идеялар; Көк қалпақ – ҰБТ туралы қорытындылар |
Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша ойларын жүйелейді, талқылайды,топтастырады, топ мүшелері ортақ пікірге келеді, біреуі шығып қорғайды. |
|
Қорытындылау 5 мин |
Бүгінгі өткен коучинг туралы өз пікірлерін сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды. |
Әр қатысушының пікірінің маңызды екенін жете түсіндіру |
|
Рефлексия 5 мин |
1-кілт сөздер 2-не ұнады 3- есіңде қалған сәт 4-не үйрендің 5-өз ұсынысың |
Ақ параққа алақандарын салып,бүгінгі коучингтен алған әсерлерін жазып тапсырады. |
|
1 мин |
Қорытынды - Азға қанағат, барға тәубе, жақсылыққа алғыс, болашаққа сенім, жетістікке үміт, өткенге салауат, қалғанға береке, басқа амандық, денге саулық тілеп қоштаспаймын, келесі кездескенше деймін! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген