Коучинг сабақтың
тақырыбы:
«Топтық жұмыс арқылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру»
Жалпы мақсаты мен
міндеттері:
Мұғалімдердің топтық жұмыстың
ережелері туралы ойларын нақтылайды.Топтардағы бірлескен және
ұжымдық жұмыс туралы түсінік қалыптастырып. іс- тәжірибеде тиімді
пайдалану. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын
,сезімдерін білдіруі.
Мұғалімдер үшін оқу
нәтижелері:
Сабақ соңында әр мұғалім
топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын
тәжірибесінде пайдалануға ұмтылуы. Оқушылармен жүргізілетін топтық
бірлескен және ұжымдық жұмыстардың тиімді тәсілдерін
үйренді.
Сабақта туындаған негізгі
идеялар:
Мұғалімдердің оқытудағы
топтармен бірлескен және ұжымдық жұмыс туралы сыни көзқарастарын
қалыптастыру.
Сабақтағы топтық жұмысты
жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалана алады .Өз
сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы
пікірлерімен кері байланыс орнатады. Мұғалімдердің топтық жұмысқа
деген көзқарасы өзгереді.
Мұғалімдердің нәтижелі
іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға белсенділігін арттыру
және алған білімдерін болашақта қолдана алуына
бағыттау.
Сабақта қолданылатын
материалдар: А- 4 парақтары , стикер , интерактивті тақта ,
маркерлер , қалам , түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы , степлер
т.б.
Ұйымдастыру
кезеңі:
І.Мұғалімдерге психологиялық
ахуал туғызу, Коучтыңіс-әрекеті Мұғалімдердің
іс-әрекеті
(2 мин) Психологиялық
тренинг
«Ұстазым» әні « Әнмен сыйлық
сыйлау»
Мұғалімдер шеңбер болып тұрады
,қолдарына жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншықты бір – біріне беру
арқылы әнайтады. Ән біткен соң тілек жазылған открыткаларды ұсыну.
(3 мин)
II.Топқа
бөлу:
А.Құнанбаевтың өлеңдері арқылы
топтастыру.
1-топ « Әсемпаз болма
әрнеге»
2-топ «Өлең — сөздің патшасы,
сөз сарасы»
3-топ «Көзімнің
қарасы»
Сабақ басындағы көңіл — күйді
смайликпен белгілеу.
А.Құнанбаевтың өлеңдерін
құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Мұғалімдерді 5-6 адамнан
тұратын 3 топқа бөлу.
III. Слайдпен
танысу.
Топтық жұмыстың мақсаты
:
Оқыту мен оқу тәсілдері арқылы
проблемаларды шешу,тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының
бірлесіп жұмыс істеуі.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың
артықшылықтары:
* Оқушылардың белсенділігі мен
шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
* Оқушылардың өзара
қарым-қатынасы жақсарады.
* Өмірге қажетті дағдыларды
үйренеді.
3.Топты ұйымдастыру ережелері
:
*топты
жоспарлау
*топты
құру
*жоспарды жүзеге
асыру
* топ жұмысын
бағалау
4. Постерді әзірлеуге- 7
минут; қорғауға -5 минут беріледі.
Нұсқаулық қағаз
беріледі.
1-топ.Топта жұмыс істеу
ережелері .
2-топ.Топтық жұмыстың
тиімділігі мен маңызы.
3- топ. Топтағы бірлескен
жұмыстың нәтижелері.
5. Рефлексия «Құмырадағы
жарық» бейнеролик.
«Құмырадағы жарық»
бейнероликті тамашалап болғаннан соң, әр топ өз ойын кем дегенде 5
минут бойы қорғау керек. Шарт: Уақыттан асуға болады. Уақыттан
бұрын тоқтамау керек.
Іс-әрекет алдындағы толғанысты
жүзеге асыру үшін мұғалімдерге төмендегі сұрақтар
қойылады:
1-топ.Құмырадағы сызатты адам
бойында кездесетін кемшілікпен салыстыруға бола ма?
.
2-топ.Жарық құмыра туралы
ойыңыз қандай?.
3- топ.Құмыраны жөндеуге бола
ма, болса қалай?
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс »
6. Кері байланыс. Ашық
сұрақтар беріледі.
1-топ. Топтық жұмыс оқушының
тақырып мәнін өз бетінше меңгеруі үшін тиімді
ме?
2-топ. Қалай ойлайсыздар,
сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты
тиімді?
3-топ.Сіздің жұмысыңызды
жақсартуда топтық жұмыстың қандай артықшылықтары
бар?
Талқылау.мұғалімдер өз
идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық
жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде
қатысады.
7. Қорытындылау (5
мин)
Сергіту сәті « От , Су, Күн ,
Ай »
Сипаттама:
От: Қай кезде де, қандай
жағдайда да от болып жанып ,өз білімдерін насихаттай білетін
жандар.
Су :Жандары жақсылықты сүйетін
, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар
жандар.
Күн :Жанындағыларға жылу
сыйлап жарқырап жүретінсәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын
жандар.
Ай: Ойшыл, арманшыл
,қиындықтарға мойымайтын ержүрек ,
батылжандар.
Мұғалімдер осы таңдаған
атауларға түсінік ала отырып бойларын
сергітеді.
8. Қорыта келе, топқа
бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке
керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір
адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез
жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен
жетістікке жеткізеді.