400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренерлік курсты оқытатын ұстаздарға керек.Топтық жұмысты ұйымдастыру үшін мұғалімдер де осы жоспарды пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апта

Сенбі

Күні 12.01.19.

Басталуы

Мұғалім Мажикенова.С.Н.

Өткізілетін орны

Инфарматика кабинеті

Тақырыбы

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары

Мақсаты

Қатынасушылар топтық жұмыстың ұйымдастырылу жолдарымен танысады,топтарда бірлесіп жұмыс жүогізу ережесін жасайды

Нәтижесі

Сабақ өту кезінде топтық жұмыстың ұйымдастырылу жолдарын біліп,танысады,топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы табысты оқуға қол жеткізеді

Өтілу барысы


Шебер-сынып өткізушінің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс- әрекеттері

Ресурстар

Ұйымдастырылуы

3 минут 25 минут
























Топтарға бөлу

5 минут















Шебер-сыныпқа қатынасушылармен танысу.

1. «Әріптер сөйлейді»Бір әріп көрсетемін .Сол әріптен басталатын жауап айтады.Мысалы Ж әрпі.

а)Қайдан келдіңіз?

ә)Немен келдіңіз?

б)Не үшін келдіңіз?



2. «Досыңмен таныс»




3. «Мен-кереметпін»






Бірнеше топқа бөлу әдістерін көрсетемін.

  1. «Пульс»әдісі арқылы.Пульстің жеткен жерін анықтау.











2.Сөйлем құрастыру

А).Біз Самсыға келдік.

Ә).Мектеп директоры Тастанов Ержан.

Б).Топтық жұмысты үйренеміз.

В).Шебер-сынып жүргізген Мажикенова Сандуғаш.









1.а)Жамбыл ауданынан

ә)Жолдан такси ұстап.

б)жиналысқа

2.Жұп болып танысады,сол адам жайлы қызықты мәліметті айтады.

3.Есімін айтады өзін керемет затқа теңейді.Мысалы Сандуғаш-сақина,Маржан-марапат.




1Әріптестер қолдарын тізбек арқылы қысады,тоқта бұйрығы берілгенде кімнің қолы қысқан адамға келді сол адам 1-орынға барып отырады,солай жалғаса береді.





2.Сөйлемдер құрастырып,құралған сөйлемдер бойынша топқа бөлінеді











































Үлестірмелер

Топ ережесін құру

5 минут

Мысалы мынандай ережелер

1.Досыңның сөзін бөлмеу.

2.Уақытты тиімді пайдалану.

3.Айтқан сөздеріміз анық,нақты болу.

4.Топпен бірлесе жұмыс жасау

1-топ.Мақалдар арқылы

2-топ.Сурет арқылы

3-топ.Сөздермен

4-топ.Табиғат құбылыстары арқылы.

Мысалы қатты жел-жылдам сөйлеме,ыстық күн-топта белсенсіз болма,найзағай-қатты,айғайлап сөйлеме,күн мен түн-уақытты үнемде.

Үлестірмелер

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары. Слайд көрсету.5минут

Таныстырамын




Сұрақтар қою

Интерактивті тақта

Мақсатын қою, тақырыбын айту 3 мин

Тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтижесін хабарлау, өздеріне мақсат қойдыру

Тыңдаушылар тақырыбымен күтілетін нәтижесімен танысып өздері мақсат қояды


Кері байланыс 2минут

Тыңдаушылар есте қалған 2 нәрсені,туындаған 1 сұрақты жазып парталарыныздың астына есімдеріңізбен,телефон номерлеріңізбен жазып,жапсырып кетсеніздер болады.Сіздерге звандап,сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамын.

келіседі, келіспейді

стикерлер

Рефлексия 2мин

Ақша арқылы өз белсенділіктерін бағалайды

Кері байланыс береді

Ақша қағаздары

































Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебі

МДШО коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Семинар «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары»



Тақырыбы Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары





Мұғалім Мажикенова С.Н.

























2017-2018 оқу жылы

Топтық жұмыс

  • “Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын” А. Эйнштейн

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру

  • Сабақтың сапалығы көп жағдайда оқушылардың сабақта тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады,сабақты жоспарлау мен өткізуде тек негізгі сәттерін ғана емес, кішігірім нәрселерді басынан аяғына дейін дұрыс ойластырған жөн.

  • «Топтық жұмыс» термині барлық ұстаздарға таныс болғанымен, біз практикада көптеген қиындықтарға тап боламыз және оларды бізге шешу қажет.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

  • “Ынтымақтастық” және ” бірлескен” оқу деген не?”

  • Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия .

  • Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.

  • Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы, арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

  • Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл: проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқуда қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары:

  • 1.Оқу оқушылардың ақпаратты игеретін және өздері игеретін мәліметті бұған дейін білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады

  • 2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеу және қорытуын талап етеді.

  • 3.Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

  • 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезінде әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

  • 5.Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

  • Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • Әлеуметтік

  • Танымдық

  • Эмоционалдық

  • А)Тәжірибелермен идеялармен алмасу;

  • Б)Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;

  • Ә) Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу

  • А) Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;

  • Б) Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

  • А) Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену

  • Б) Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

  • Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар бәрінен хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып,өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды





Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар

  • 1)Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану

  • 2)Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу

  • 3) Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу

  • 4) Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту

Топта жұмыс істеу ережелері

  • Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шеуді көздейді

  • Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет.Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Топты ұйымдастыру ережелері

  • Топтар түрлі тәсілдермен құрылады:

  • А) Кездейсоқ іріктеліп алынған топтар

  • Б) Жекелеген мүшелердің нақты мықты қасиеттеріне қарай құрылатын топтар

Ережелер

  • 1.Өзгенің пікірін тыңдау, көзқарасын сыйлау

  • 2. Сабақта телефонды сөндіру

  • 3. Идеялар айту, өз пікірін қорғай білу

  • 4.Кезекпен сөйлесу

  • 5.Уақытты үнемдеу

  • 6.Тапсырманы ұжыммен талқылау, бір тоқтамға келу

  • 7.Топ мүшесінің қызметін ауыстыру

  • 8.Тәртіп сақтау.

  • Талқылаудың қорытындысын шығару;

  • Дәйекті айғақтар келтіру

Топ құру кезеңдері

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

  • Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдік орнату маңызды. Шағын топтар немесе жұп топтар шектеулі қысқа уақыт 5 минут барысында тиімді жұмыс істей алады.Үлкен топтарда тәртіптің нашар болуы ықтимал. Тапсырманы тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет

Топтар

  • 1)Шағын топ: 4-6 оқушыдан тұратын топ.

  • Топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. Топ мүшелерінің кейбіреуі үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін

  • 2) Үлкен топ:7-10 оқушыдан тұратын топ.

  • Мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.

  • Топ мүшелері көп болған сайын ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым –қатынас, сөз сөйлеу қиындайды.

  • 3) Жұптық жұмыс: жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде, құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді

Топтық жұмысты ұйымдастырудың проблемалары

  • Негізгі кезеңдері

  • Туындайтын сұрақтар

  • Топқа бөлу

  • Тапсырманы орындау

  • Топ ішінде рөлді бөлініп берілуі

  • Оқушылардың оқыту процесіне қатысуы

  • Тапсырманы орындау уақыты

  • Іс-әрекетінің нәтижесін көрсету




  • Топтық жұмыстың нәтижесін көрсету

  • Аудиторияны баурап алуы

Топ мүшелері:

  • Куратор-топты басқарады.

  • Спикер-жобаны қорғайтын оқушы.

  • Хатшы –жазба жұмыстарын орындайды.

  • Суретші-топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші.

  • Тайм менеджер-жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырады.

Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары

  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады

  • Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады

  • Жұмыс атмосферасын қалыптастыру

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады

  • Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

1- проблема : топқа бөлу

  • Білім деңгейі әртүрлі оқушылар тобы

  • Проблема: жақсы оқитын оқушылардың нашар үлгеретін оқушылардан жоғары тұруы

  • Шешу жолдары:

  • -мұғалім тарапынан бақылаудың болуы (марапаттау және ескерту әдістері)

  • -жайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру

  • Проблема:

  • -басқалардан озық болуға тырысу

  • -тапсырманы орындау кезіндегі қиындықтар

  • Шешу жолдары:

  • -мұғалімнің топ ішінде рөлдерді бөліп беруі

  • -тапсырмаларды деңгейлеп дайындау

Мұғалімдер рөлі

  • 1. Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастырып және оны қолдап отыруы керек

  • 2. Топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп оңтайлы нәтижелерге қол жетізуге ықпал ету керек

  • 3.Неге қол жеткізетіндерін? нені білу? жоспарланғанын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты? екендігін талқылауды қамтуы тиіс.

  • 4.Талқылау барысында оқушылар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет

  • 5. Оқушылар жұмысына мұғалім сыпайы араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс

  • 6. Топқа көп қолдау көрсетуі керек

  • 7. Сабақ аяқталған соң мұғалім топтағы жұмыс үдерісі, нәтижелері туралы ойланулары үшін ой түрткі жасау керек

  • 8. Кері байланыс ұйымдастыру керек

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?

  • Кезекпен сөйлесу;

  • Белсенді тыңдау;

  • Сұрақ қою, және сұрақ бар ма екенін тыңдау;

  • Ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

  • Өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

  • Ұсыныстарды, идеяларды, және пікірлерді ұжыммен талқылау;

  • Көмектесу және көмек сұрау

  • Түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

  • Идеяларға түсініктеме беру және оларды бағалау;

  • Топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

  • Талқылаудың қорытындысын шығару;

  • Дәйекті айғақтар келтіру

Шағын топтарда талқылауда мұғалімнің рөлі

  • Рефлексивті талқылау болып жатқанына көз жеткізіңіз. Сіз оны топтарда барлық сыныпқа таныстыру түрінде жасауыңызға болады. Мұндай жағдайда ,шағын топтарды дайындық жүргізуге уақыт бөліңіз:

  • 1. Пікірлерді анықтаңыз

  • 2.Түйіндеңіз және біріктіріңіз

  • 3. Әр топтың көзқарасын бөліңіз

  • 4. Оқушыларға шағын топтарда дайындық жүргізу арқылы барлық сынып алдында сөз сөйлеу кезінде өзіне сенімді болуға мүмкіндік беріңіз.

Арақашықтықты сақтаңыз

Бүкіл сыныппен талқылауды жақсарту үшін қандай стратегия ны қолданған жөн?

  • Миға шабуылды қолданудың не қажеті бар?

  • 1) Аздаған уақыт ішінде көптеген идея алуға болады

  • 2) Барлық сынып тартылады

  • 3) Шығармашылық және креативтік ойды ынталандырады.

  • 4) Идеяларды біріктіреді жиырма бас бір бастан артық

  • 5) Бұл қорқынышты емес көңілді

Миға шабуыл пайдалы стратегия

  • 1) Идеяларды туындату, шолып өту, бағалау;

  • 2)Шешім қабылдау үшін кеңесу;

  • 3) Тәжірибелік сабақтарды жоспарлау

  • 4) Тақырыпты қайта қарастыру

  • 5) Бейне бағдарламаға шолу жасау

  • 6) Негізгі сұрақтар мен тармақтарды түйіндеу

  • 7) Шағын топтар үшін бағдарлама жасау

  • 8) Жаттығуларды бағалау

  • Миға шабуыл ережелері:

  • Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын жазып алу

  • Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын бағалау ешбір кекесінсіз

  • Қанша қарапайым болғанына қарамастан басқа келген бірінші ойды айту

Шеңбер-бұл пайдалы әдіс

  • 1. Барлығының талқылау кезінде түсініктеме айтуға мүмкіндігі бар

  • 2. Бір оқушы бастайды және барлығы кезекпен жұмыс істейді

  • 3.Басқа оқушының сөздеріне ешкім де, тіпті мұғалімнің өзі де түсініктемелер айта алмайды

  • 4. Әркімнің: “мен өткізіп жіберемін”деп өз кезегінен бас тартуға құқығы бар

  • 5.Егер түсініктеме талқылауды қажет етсе, онда талқылау тек шеңбердің аяқталуынан өткізіледі

2-проблема : Уақытты қадағалау

  • Көп жағдайларда оқушылар берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермей жатады

  • Топтық жұмысты тоқтату

  • + шығармашылық үдерісті аяғына дейін жеткізу

  • - жекебасының берекесіздігіне әкеліп соғады

  • + өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуына әкеледі

  • -

  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалады

  • Белгілеген уақыт қойылған мақсатқа байланысты

  • Тапсырманың қиындығы уақыт дәлдігімен өлшенеді

Өз тапсырмаңызды дайындаңыз

  • 1. Тапсырма икемді болуын көздеңіз

  • Талқылауда:

  • Топқа тапсырманы қалай шешу туралы кеңес беріңіз; Оқушылардың рөлдері мен жұмысын үйлестіріңіз; Рөлдердң ауыстырыңыз; Әлсін-әлсін сыныпты еліктіруге, өз тәжірибеңізді айтуға дайын болыңыз:

  • 2. Топтың орындағанына түсінік беріңіз:

  • Олардың жұмысының сапасына

  • Олардың жұмысты қалай орындап жатқанына

  • Өз рөлдерін қалай орындап жатқанына

  • Өз рөлдерін қалай орындағандарына

Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады

  • Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады



  • Шешу жолдары:

  • Ұйымдастырушы тарапынан жұмысты дер кезінде аяқтау туралы нақты нұсқаудың болу

  • Келесі тапсырманы орындау үшін қорғаушыларды тыңдау қажеттігілігі туралы айтып,қызығушылықтарын тудыру

  • Берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалауы

  • 3-проблема : аудиторияны қызықтыра алу











































Біз

Самсыға

келдік.

Мектеп

директоры

Тастанов Ержан.

Топтық

жұмысты

үйренеміз



Шебер - сынып

жүргізетін

Мажикенова Сандуғаш













Топ ережесі.

1.Уақытты тиімді пайдалан.

2.Досыңның сөзін бөлме.

3.Айтқан жауаптарымыз анық,нақты болу.

4.Топпен бірлесе жұмыс жасау.







Топ ережесі.

1.Уақытты тиімді пайдалан.

2.Досыңның сөзін бөлме.

3.Айтқан жауаптарымыз анық,нақты болу.

4.Топпен бірлесе жұмыс жасау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі