400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Топтық оқытудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
топтық жұмыс жүргізудің білім берудегі ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтық оқытудың маңызы

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады. Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: «егер... болжамдық марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын шығар».

Топтық оқытудың мәні ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап ескерілген. Бірақ, осы күнге дейін көп сұрақтар өз жауабын күтуде. Ең алдымен, айта кететін жайт, «топ» ұғымы негізінен әлеуметтік психологияға тән: ұғымның мәнін жасау, топтық феномендерді зерттеу көбіне-көп осы ғылым тұрғысынан жасалып келген. [11]

Аталған ұғымды педагогика ғылымында жүйелік - генетикалық талдау барысында мынадай нәтижелер алынған:

  1. Кеңес педагогикасында топтық оқыту формасы (мысалы, бригадалық-лабораториялық әдіс, жобалау әдісі), Қазан төңкерісінен кейін сынып-сабақ жүйесін алып тастауға және оқытудың жаңа формасын іздестіруге байланысты қолданылған. Аталған уақытта оқыту проблемасын теориялық-әдіснамалық негіздеумен П.П.Блонский (жаңа еңбек мектебіне оқу бағдарламасын жасаумен айналысқан; оқу үрдісіне топтық оқытуды ендіру бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс жүргізген; оқытуда мектеп тобының нормалары мен құндылықтарын есепке алу керектігін айтқан; топтағы тәлімгерлік проблемасын зерттеген), А.И.Пинкевич, М.М.Пистрак, С.Т.Шацкий және т.б. айналысқан.

  2. 30-жылдардан бастап кеңес мектебіндегі басты орынға сынып-сабақ жүйесі шығады; топтың орнына «ұжым» жаңа ұғымы келеді, ұжымдық позициядан топтық нормалар, құндылықтар, феномендер зерттеледі (А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.).

  3. Қазіргі педагогикада негізінен «сынып» ұғымы қолданылады, бірақ топ ұғымы да қайта жандануда, оған деген қызығушылық байқалады.

  4. Батыс Еуропада топтық оқыту формасы осы күнге дейін негізгі болып саналады.

Топ ұғымын анықтауда бар тұжырымдарды қарап шықсақ.

Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте топқа мынадай анықтамалар берілген:

  • «кез-келген жалпы қасиетпен: жалпы кеңістік пен уақыт болмысымен, іс-әрекетпен, экономикалық, демографиялық, психологиялық және т.б. сипаттамалармен біріктірілген индивидтер жиынтығы»;

  • «арасында белгілі бір тікелей немесе жанама әлеуметтік қарым-қатынастары бар индивидтер жиынтығы»;

  • «өзара әрекеттесудің стандартталған үлгілері негізінде өздері қабылдаған нормаларды ұстанатын және өздері белгіленген әлеуметтік рөлдерді орындайтын индивидтер жиынтығы»;

Педагогикалық және психологиялық сөздікте «Топ – әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін». Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Педагогикада: 1) топ – оқушылар ұйымының мерзімдік не ағымдағы жұмысын атқару үшін құрылған белгілі бір бөлігі. Топ жұмысын топ мүшелері сайлаған топ кеңесі немесе топбасы басқарады; 2) оқу үрдісінде жоғары мектеп талапкерлерінің курс ішіндегі белгілі бір тұрақты бөлігі; 3) сыныптан не мектептен тыс үйірмелерге (көркемөнер, спорт т.б.) қатысушылардың қызығулары бойынша біріккен бөліктері.

Ресейлік педагогикалық энциклопедияда «топ – жалпы құндылықтар және нормалармен реттелетін қарым -қатынастар жүйесімен байланысқан адамдардың тұрақты жиынтығы»; топтың типтері және топтық феномендерінің сипаттамасы психологтар еңбектеріне негізделе отырып жасалды. [9]

Топтарды талдау барысында оларды жіктеу проблемасы айқындалды. Әдебиеттерді шолу барысында анықтағанымыз, көптеген тұрғылардың барына қарамастан, бір типология жоқ. Топтарды ажырату белгілері зерттеушілер еңбектерінде өте кең ауқымда болып келген.

Г.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:

  • балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

  • оқушылар арасындағы өзара қатынас стилі өзгереді;

  • оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым – қатынастың ізгіліктік түрткілері;

  • мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады.

Топтық оқыту әрекетін өзгеше оқу жағдаяты ретінде бағалай отырып, В.Рубцов және В.Агеев оның келесі талаптарға жауап беруі керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аудитивтіксіз, яғни, іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижені алу.

1) Бірыңғай топтық жұмыс.
2) Сараланған топтық жұмыс.
Эстондық ғалым Х.И. Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды:
•    Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек
•    Әр топ  бірыңғай тапсырмаларды немесе сараланған тапсырмаларды  алып жұмыс жасайды.
•    Топ ішінде «көшбасшы», «спикер» «сараптамашылар», «уақыт есептеушілер» жұмыстарын бөліп алады.
•    Тапсырмаларды орындау  топ мүшелері бір бірімен пікір алмасады, бірін бірі бағалайды.
•    Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады.

Психолог Ю.Н.Кулюткин былай деп жазады: «Топқа бір біріне деген достық сезімі бар оқушылар жиналуы тиіс. Сол кезде ғана ынтымақтастық атмосферасы туындайды. Қорқыныш пен үрей болмайды».

Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі. Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады.

Топтық жұмыстың маңызды мәселелерінің бірі талқылау, талдау жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады.

1-саты: Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет. Басқаның идеясына құрметпен қарау керек. Қағазға айтылған болжам, идеялар жазылғаны дұрыс
2-саты: Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.
3-саты: Топтық шешімнің талқылануы. Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.

4-саты: Топ жұмысының қорытындысы талқыланады.

Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі төмендегідей. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің мүшесі.
•    Оқушыларды топқа бөледі.
•    Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
•    Топтық жұмысты бақылайды.
•    Олардың іс әрекетін белсендіреді.
•    Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
•    Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
•    Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.


Топтық, яғни ұжымдық оқыту технологиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлға болып қалытасуға қарай бағыттайды. Ал, топтық оқыту технологиясының басты ерекшелігі әр оқушының өзіне ғана тән мінезі, ойлау қабілеті, қабылдауы, болжау жасауы, шешім шығаруы, тұжырым жасауы негізінде жасалады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты мақсаты: әр баланың дарынын дамыту, топтағы әрбір мүшенің тасада қалып қоймай, өзін көрсетіп ойын анық жеткізуі, бәріне ортақ жұмыста бір-біріне көмек беруі, ынтымақтастығы, бірлігі болып табылады. Топтық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Яғни, жаңа білімді меңгерту мен тапсырма беруде бір-бірінің жұмыстарын сараптап бағалауды топ өз мойнына алады. Ал, мұғалім ұйымдастырады, бақылайды әрі ақыл-кеңес береді. Ұжымдық оқытудың негізін салған әдіскер, мұғалім – А.Г.Ривин, оны әрі қарай зерттеп жаңғыртқандардың бірі – ғалым В.К.Дьяченко болған.

Ұжымдық оқытудың ерекшелігі – оқушы білімді саналы түрде меңгереді, яғни біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, пайымдау т.б. дағдылары қалыптасады. Ұжымдық жұмыста оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады, берілген тапсырманы бірге орындайды, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдайды және талқылап, дұрыс шешім шығаруға үйренеді. Сонымен қатар берілетін тапсырмалар да бір сарынды емес, әркелкі болатын болса, бұл топ үшін тиімді әрі қызық болады. Ағартушы педагог К.Д.Ушинский: «Балаға күштеп білім беруден гөрі баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп айтып өтеді, расымен де, сабақ өту барысында тапсырмаларды жасырын ұяшықтарда табу арқылы немесе ойын түрінде я болмаса, конвертке салып тарату арқылы беруге болады. Бұл арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығына қол жеткізуге болады. Білім қай кезде есте қалады, ол мұғалімнің судыратып оқыған лекциясынан немесе оқушының түсінсе де, түсінбесе де бас алмай оқыған кітабынан емес, оқушылардың өздері топтаса отырып, тапсырмаларды орындау, бір-біріне тақырыптарды түсіндіру, сұрақ қойып талқылау кезінде яғни, практика жүзінде қолданғанда ғана 95% есте қалады, мұнымен теорияны жоққа шығаруға болмайды, ол бөлек әңгіме. «Топтық оқыту» әдісі мұғалімді күнделікті біркелкі тексеруден босатып, топ болып жұмыс істеу барысында, оқушылардың барлығының іс-әрекетін толық көруге мүмкіндік береді. Ұжымдық оқыту технологиясының мәні де ерекше, ол оқушылардың жеке қабілетін танып білуге және жанындағы қатарластарының да қабілеттерін танып, бір-бірімен білім алмасуына ықпал етіп, көмектеседі

Мектепте топта оқыту өзара әрекеттесуге негізделген. Диалогтық қарым-қатынастарды дамытуда топтық оқытудың басымдылығы мына факторларға тәуелді:

  1. Қазіргі міндеттердің көпшілігін дұрыс шешу үшін бірнеше адамдардың күш-жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі шағын топта нәтижелі жұмыс жасауды меңгеруі тиіс;

  2. Мектептің негізгі контингентінің басым іс-әрекеті тұлғалы қарым-қатынас болып табылады, нәтижелі қарым-қатынасқа шағын топ көмегімен қол жеткізуге болады;

  3. Өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі анықтауына барынша жағдай жасайды;

  4. Топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білімнің жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында саналы ынтымақтастық туындайды;

  5. Шағын топ оқушыларға еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін береді, бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді, тұлғалық тұрғыдан енуіне жағымды жағдай тудырады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбектену, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған әрекет негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.

Топтық жұмыс берілген ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін қолдауға немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда тиімді болады. Топтық әдісті сабақта қолданудың бастапқы кезеңінде оқушылардың өзара әрекет ету дағдыларын дамыту қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың қойылған мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

Топтық әдістің мүмкіндіктері де көп. Топтық жұмыстың мүмкіндіктерін ұсынуда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынған «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту технологиясы» еңбегі басшылыққа алынды. Көрсетілген топтық әдістің мүмкіндіктері оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін бірден бір әдіс.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі