Материалдар / Топтық сайыс "Жас батыр"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топтық сайыс "Жас батыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
спорттық жарыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
961
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Жас батыр» - болашақ чемпондарды шақырады»

Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті құралдар:доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, арқан, асықтар

Жүргізуші: Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен спорт десе ішкен асын жерге қоятын спорт сүйер қауым! Бүгін сіздер «Жас батыр» атты эстофеталық спорттық ойынына қатысқалы отырған тәрбиеленушілеріміздің өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!

Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын тобымызды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Қатысыушы топтар ортаға шақырамыз ( залға әуенмен қатысушы топтар кіреді.)

Жүргізуші: Ал сайыскер топтар,

Ешкімнің жоқ алалар.

«Жеңімпаз болу» үлкен сын,

Оны әділқазың бағалар.

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің

Таңдап баға беруге ,

Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын таныстыру

1. Балабақшамыздың меңгерушісі Толесинова Р.М

2.Балабақшамыздың әдіскері Алмамедова М.Б

3. Балабақшамыздың психологи Карабалаева Д.С

Әділқазылар алқасы 4,5 балдық жүйе бойынша бағалайды.

Әділқазылар сөз беріледі.

Тәрбиеші:Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін

-Ендеше балалар,ата-аналар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.

Жүргізуші: Сайыстың кезеңдерімен таныстырады. Ойын 6 кезеңнен тұрады:

1. «Таныстыру»

2.«Кім жылдам?»

3. «Кенгуру»

4. «Кім мықты?»

5. «Арқан тартыс»

6. «Асық ату»

Ендеше,сайысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Бүгінгі сайысымыз қатысушылар:

«Қыран» командасы - Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз
«Күншуақ» командасы – Салаутты өмір салтын сақтайық

Жаттығудан ешқашан да қашпайық

Күншақ тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын – деп ортаға «Күншуақ» тобын шақырамыз

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Командалар жарысып,

 Спортсмен балалар болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

1 «Таныстыру» әр топ өзінің тобын таныстырады 

2 «Кім жылдам?»

Шарты: Әр қатысушы кедергілер арасынан айнала жүгіріп мәре сызығында тұрған асықты жіпке тізу тапсырмасын орындап шығады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

3 «Кенгуру»

Шарты: Допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасынан секіріп өтіп, қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.

 Әділқазылар алқасының бағаларын білу

4 «Кім мықты?»

Шарты: Секіргіш доппен кедергілер арасымен айналып мәре сызығындағы түрлі – түсті асықтарды түстеріне қарай ажыратады.

5 «Арқан тартыс»
Шарты: Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару. Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

6 «Асық ату»

Шарты: 2-3 м қашықтықтағы асықты ату. Қай топ асық коп болса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Қорытынды бөлімі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен ,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты марапаттап, мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!