400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Топырақ ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№26 Жалпы білім беретін мектеп





ДҮНИЕТАНУ

Тақырыбы: «Топырақ.Топырақты қорғау»


Мерзімі:15.02.18жыл

Студент-практикант: Әріпжан Аяулым







2018 оқу жылы

Оқытушы: Әріпжан Аяулым


Күні: 15.02.2018

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: Топырақ. Топырақты қорғау

Мақсаты: Оқушыларға  топырақтың ерекшелігі  және оның  құрамымен  таныстыру. Топырақтың түрлерін  ажырата  білуге  үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру.


Күтілетін нәтижелер:


  • Топырақтың маңызы туралы біледі.

  • Топырақ түрлерін ажырата алады.

  • Өсімдіктер үшін топырақтың маңызы туралы түсінеді.


Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, түсіндіру, «Ақ тілек, әсем күлкі», ребус, «Ғажайып табиғат», «Анықтап көр», «Джигсо» әдісі, «Адасқан әріптер» ойыны, "Бес жолды өлең" стратегиясы, «Қас-қағым сәт», рефлексия

Ресурстар: ребус, интербелсенді тақта, бейнеклип, топырақтың суреті, плакат, стикер, смайлик


Уақыты:

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин


І Ұйымдастыру кезеңі

1)Оқушылармен амандасу

2)Оқу құралдарын тексеру

3)Оқушылар назарын сабаққа аудару

Психологиялық  дайындық.
"Ақ тілек, әсем күлкі"

Қуанамыз арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.

Қош келіпсіз 3"Ә" сыныбына,

Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға.


Оқушылар оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударады.




Оқушылар хормен дауыстап айтып, мұғалімдермен амандасады.

2 мин

Топқа бөліну

«Ребус» шешу арқылы топқа бөлінеді:

І топ- Сазды топырақ

ІІ топ – Күлгін топырақ

ІІІ топ- Сұрғылт топырақ

ІV топ – Қара топырақ

V топ – Қоңыр топырақ


Оқушылар ребусты шешу арқылы топтарының атын табады.

3 мин

ІІ Үй тапсырмасы

«Ғажайып табиғат» ойыны

1. Тарау қалай аталады? (Табиғат) 
2. Табиғат нешеге бөлінеді? (Тірі және өлі) 
3. Тірі табиғатты ата? (адам, өсімдік, жануар) 
4. Өлі табиғатты ата? (тау, тас, өзен, су) 
5. Тірі табиғатқа қажеттілік? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ) 
6. Судың қандай қасиеттері бар? (түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш) 
7. Судың табиғаттағы үш күйін ата? (сұйық, бу, қатты) 
8. Суда еритін заттар нелер? (қант, тұз) 
10. Суда ерімейтін заттар нелер? (құм, саз, балшық) 







Оқушылар «Ғажайып табиғат» ойыны арқылы сұраққа жауап беріп, плакатқа суреттерді жабыстырады

15 мин

ІІІ Жаңа сабақ

Өсімдіктің өсуі үшін не қажет?

Топырақ – жердің беткі құнарлы қабаты. (видеоролик)

Топырақтың құнарлылығы оның бойындағы шіріндіге байланысты. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады.

Жер бедері  бірнеше  қабаттан  тұрады.
Суреттегі  топырақтың қиындысынан  біз оның әр  қабатындағы  өзгерістерді байқауымызға  болады.
1)      Беткі  қабатының  түсі қоңыр, оған қураған  жапырақ, ағаштың ұсақ қалдықтары араласқан.
2)      Беткі шымды   қабатын  мұқият  қара. Оны өсімдік  тамырлары  айқыш – ұйқыш  шырмап жатқанын  көресің
3)      Шұбалшаң  мен  әр түрлі бунақденелілер мен  дернәсілдері түседі
4)      Тереңдеген  сайын  өсімдіктер  тамырлары азая  бараді. Одан  төменде  тау жыныстары  кездеседі.




Оқушылар тақтадағы интербелсенді тақтаға назарларын аударады.

2 мин

«Анықтап көр»

Топырақтың қасиетін анықтау үшін 1 кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А



Оқушылар 1 кесек топырақты суға салғанда не байқағандарын айтады.


5 мин

Оқулықпен жұмыс

«Джигсо» әдісі

Әр топ тақырыптың бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды.Әр топтан 1 оқушы шығып, тақырып бөлігін айтады.



Әр топ бір-біріне түсіндіреді.

2 мин

«Адасқан әріптер» ойыны


5 топ топыраққа қатысты сөздерді тауып белгілейді.

3 мин

Дәптермен жұмыс

"Бес жолды өлең" стратегиясы

1.Топырақ

2.қара, қоңыр

3.құнарланады, тыңайтылады, лайланады

4.Топырақ жердің беткі қабаты

5.Құм

Сергіту сәті (видеоролик)



Оқушылар дәптерлеріне жазады.

4 мин

IV Жаңа сабақты бекіту

«Қас-қағым сәт» ойыны

1.Топырақ құрамы неден тұрады?

2.Топырақты жерлерде не өседі?

3.Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?

4.Ең құнарлы топырақ қалай аталады?

5.Сор деген не?

6. Өсімдіктер топырақты неден қорғайды?

7. Біздің жеріміздің топырағы қандай?

8.Топырақ түрлері қандай?

9.Топырақ жайлы қандай мақал-мәтел білесің?

10.Шірінділер ненің әсерінен тұзға айналады?

Оқушылар А3 –дағы стикердегі сұрақтарға жауап береді

1.Ауа, су, шірінді, құм, саз

2.Өсімдіктер, гүлдер, жеміс ағаштары

3.Оның бойындағы шіріндіге байланысты.

4. Қара топырақ

5.Тұздар ақшыл тартып, жер бетін жұқа қабық болып басып жатады.

6. Шайылудан қорғайды, олар суды ұстап тұрады, су топыраққа сіңеді.

7. Қара, қоңыр, т.б


8. Қара, қоңыр, сазды, құмайт, т.б

9. Туған жердің топырағы жұмсақ, ауасы шипа.Көпке топырақ шашпа.

10.Микробтардың әсерінен

2 мин

V Кері байланыс



Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаса, желкенін жасыл түске бояйды.

Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды.

Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды.

1 мин

VI Бағалау

Смайлик арқылы бағалау

Белсенді қатысқан топ бағаланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі