жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топырақ не үшін қажет?
|
Пән: Жаратылыстану Орта мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғи ресурстар. Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: А.С.Макаренко Мұғалімнің аты-жөні: Б.Рахметбаева Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: - |
||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Топырақ не үшін қажет? |
||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру; |
||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіреді. Көптеген оқушылар: қандай ағзалар топырақсыз тіршілік ете алмайтынын біледі. Кейбір оқушылар: адамның өміріндегі топырақтың рөлін айтып береді. |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіреді. қандай ағзалар топырақсыз тіршілік ете алмайтынын біледі. адамның өміріндегі топырақтың рөлін айтып береді. |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Топырақ. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Топырақ тек жануарларға қажет пе? Тағы қандай тірі ағзалар қоректік заттарды топырақтан алады? Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады? Егер топырақ жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне жарамсыз болып қалса, не болады? |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Заттар және олардың қасиеттері. Табиғи ресурстар туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады. |
||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерек қордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Топырақ қандай болады? Топырақ не үшін қажет? Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызы қандай? Топырақ тек жануарларға қажет пе? Тағы қандай тірі ағзалар қоректік заттарды топырақтан алады? Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады? Егер топырақ жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне жарамсыз болып қалса, не болады? |
||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Сергіту жаттығуы «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Сабина , сұлу қызбын . Мен Арманмын, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Суқұбыр қалай жұмыс істейді? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
«Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы. Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Топырақ – қалыңдығы 1-1,5 метрге жететін жердің үстіңгі құнарлы қабаты. Топырақтың құрамында органикалық және бейорганикалық (қатты, сұйық, газ тәріздес) заттар бар. Топырақ – көптеген жануарлар үшін тіршілік ортасы. Олар өздеріне ін қазады, топырақты қопарып, қопсытады. Ол үшін жануарлар бірқатар ерекше қасиеттерге ие болуы керек, яғни денесі кішірек әрі жұп-жұмыр, тығыз әрі қысыңқы, икемді әрі жинақы, аяқтарының тырнақтары қатты әрі берік, денелері сүйір пішінді, тығыз болуы тиіс. Өсімдіктер де топырақсыз тіршілік ете алмайды. Себебі топырақ өсімдіктің сабағын ұстап тұрады және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Топырақ барлық шаруашылық түрлерінде үлкен рөл атқарады. Адамдар азық-түлікті топырақтың арқасында алады. Олар жер жыртып, көгөністер мен жемістерді егеді, саңырауқұлақтар мен жидектер, дәрілік шөптер жинайды, мал бағады. Ширату тапсырмасы.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Зертте.Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады? Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа адамның топырақты пайдалануы туралы қосымша әдебиеттер,интернет-ресурстар, суреттер дайындау. - Топырақ адамға қажет пе? - Күнделікті жейтін тағамды адам қайдан алады? - Сол тағамның дастарханға келуіне топырақтың қатысы бар ма? Әр топ адамдар күнделікті пайдаланатын тағамдар тізімін, оның қайдан келетінін, топырақтың қаншалықты қатысы барын анықтап, тізім жасап, кесте толтыру.
Бағалау критерийлері:
берілген уақыт аяқтаған соң жұмыстарын басқа оқушылар алдында қорғау. Ақпараттарды қайдан алғандары туралы ой бөлісу. Дескриптор:
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары. |
|||||||||||||||
|
Сергіту сәті «Жақсылық тамшысы» |
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. |
Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр
оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушыларға«Нысана»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
|
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
«Нысана» кері байланыс парағы |
|||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. - «Топырақты мекендейтін жануарлар» - Қандай жануарлар топырақтың астында мекендейді? Топырақта тіршілік ететін жануарлардың атауын жазу немесе суретін салу. -Жануарлар топырақтағы тіршілікке қалай бейімделеді? ( жүні, тырнағы, тісі тсс ерекшеліктерін атау)
---Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады? Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа адамның топырақты пайдалануы туралы қосымша әдебиеттер,интернет-ресурстар, суреттер дайындау. - Топырақ адамға қажет пе? - Күнделікті жейтін тағамды адам қайдан алады? - Сол тағамның дастарханға келуіне топырақтың қатысы бар ма? Әр топ адамдар күнделікті пайдаланатын тағамдар тізімін, оның қайдан келетінін, топырақтың қаншалықты қатысы барын анықтап, тізім жасап, кесте толтыру.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген