Материалдар / Тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
3 тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
Авторы:
05 Ақпан 2019
2350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Химия» пəні бойынша тоқсанға арналған

жиынтық бағалау спецификациясы

8 сынып




ЖОБА

2




ЖОБА

Мазмұны

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты....................................................................................... 4

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар............................................. 4

3. Күтілетін нәтиже................................................................................................................................. 4

4. Ойлау дағдыларының деңгейі............................................................................................................ 5

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу....... 5

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.................................................................................................. 5

7. Модерация және балл қою ................................................................................................................ 6

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 9

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................ 13

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................ 19

3




Shape2 Shape1

ЖОБА

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес,

оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға

бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу

мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Химия « пәні бойынша оқу бағдарламасы, негізгі мектеп (7-9 сынып)

3. Күтілетін нəтиже

Білу:

алғашқы химиялық түсініктерді;

зертханалық

және

практикалық

жұмыстар

барысындағы

техника қауіпсіздік

ережелерді

негізгі химиялық заңдар мен теориялар мәнін;

физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірлігін;

түсініктер, формулалар, заңдар және физикалық тұрақты шамаларды;

атом-молекулалық ілім, атом құрылысы және элементтер қасиетін;

химиялық таңбаларды;

зат классификациясын;

химиялық байланыс түрлерін және зат құрылысын;

химиялық реакциялардың жүру заңдылығын және белгілерін, типтерін;

бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын және олардың қасиеттерін;

периодтық заңды және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын;

Түсіну:

шамалардың физикалық мағынасын, негізгі терминдерін;

химиялық реакциялардың жүру жағдайларын;

Қолдану:

тірі және өлі табиғаттағы процестер және құбылыстарды сипаттау үшін негізгі

химиялық терминдер мен түсініктерді;

тәжірибе экспериментальды және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін;

практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда, оқу және қолданбалы

есептер шығаруда химиялық заңдылықтар және формулаларды;

нәтижелерді ұсынуда графикалық әдістерді;

өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

Анализдеу:

берілген жаратылыстану- ғылыми эксперименттер нәтижесінде алынғандарды;

графикалық және кесте түрінде ұсынылған ақпараттарды;

зат қасиеттерінің оның сапалық және сандық құрамы мен құрылысына тәуелділігін;

зат қолданыс сферасы мен қасиеттерінің өзара байланысының себеп- салдарын;

Синтездеу:

жинақталған және өңделген берілгендерді жинақтап, ақпаратты кесте, график,

хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсынуға;

4


Shape5 Shape4 Shape3

ЖОБА

Бағалау:

жүргізілген эксперименттер нәтижесін;

адамның тіршілік әрекеті мен қоршаған ортадағы түрлі физикалық және химиялық

процестердің әсерін;

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

дағдыларының

деңгейі

Білу және

түсіну

Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен КДЖ - Көп дұрыс

тәсілдерді білу.

жауапты таңдауды қажет

Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе ететін тапсырмалар

түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу ҚЖ - Қысқа жауапты

қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған ҚЖ - Қысқа жауапты

білімдерін және ақпараттарды қолдану

қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты

қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін ҚЖ - Қысқа жауапты

талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу қажет ететін тапсырмалар

және оны интерпретациялау. ТЖ - Толық жауапты

Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас қажет ететін тапсырмалар

дағдылары

біріктіру;

нақты

үдерістерді

сипаттайтын

модельдерді

түсіндіру;

дереккөздерден

шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.

Ақпараттар,

тәсілдер,

қорытындылар,

нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы

әдіс-

тәсілдерді және стратегияларды таңдай білу

туралы

шешім

шығару;

қолайлы

5.

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу

мақсаттарды бөлу

Тоқсан

Іріктелген мақсаттар

Қолдану

Білу жəне түсіну

Жоғары деңгей

дағдылары

20%

11%

10%

10%

13%

I

II

III

IV

Барлығы

30%

33%

20%

10%

23%

50%

56%

70%

80%

64%

6.

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға

мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,

плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды

оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға

жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен

5


ЖОБА

таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау

басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау

барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар

(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына

мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне

көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен

сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар

тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек

беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге

тыйым салынады.

Жиынтық бағалау жұмыстарының орындалуына 5 мин уақыт қалғанын оқушыларға

хабарлаңыз

Жиынтық бағалау жұмысын орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқушылардан

қаламсаптарын/ қарындаштарын партаға қойюларын сұраңыз.

7.

Модерация жəне балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде

бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою

кестесіне сәйкес тексеру қажет.

6




ЖОБА

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут

Балл саны - 25

Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауды бар тапсырмалар;

ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар

сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап

береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және

шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 12 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын

сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

берілген.

7




Shape6

ЖОБА

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Орын

дау

уақыты,

мин*

Ойлау

дағдыларының

деңгейі

Тапсы

рма

саны*

тапсыр

ма*

Тапсыр

ма

түрі*

Бөлім

бойынша

балл

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Балл*

Атомдағы

электрондарды

ң қозғалысы

8.1.3.1 Атомда электрондар ядродан арақашықтығы Білу және түсіну

артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер

бойынша таралатынын түсіну

8

1

1

2

6

КТБ

ТЖ

2

8

1

2

8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің

электрондық конфигурациясын және электронды-

графикалық формуларын жаза білу

Қолдану

8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе

жоғалта алатынын және осының нәтижесінде

иондар түзілетінін түсіну

Білу және түсіну

КТБ/

ҚЖ

2

1

2

1,5

3

5

3

8

3

2

3

8.1.3.6 «Нольдік қосынды» әдісімен

Қолдану

Қолдану

ҚЖ

ТЖ

қосылыстардың формуласын құрастыру

8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің

массалық үлесін табу, элементтердің массалық

үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін

заттардың формуласын жаза отырып, химиялық

реакциялар теңдеулерін құру;

8

9

Заттардың

формулалары

және

химиялық

реакция

Қолдану

1

2

4

КЖ

ҚЖ

2

2

2

3

теңдеулері

8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен Білу және түсіну

құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

7,8

8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер

ететін жағдайларды зерттеу

8.2.2.5 Металдардың қышқылдармен

әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

Жоғарғы деңгей

дағдылары

Қолдану

9

1

1

10

11

ТЖ

ҚЖ

4

3

3

3

Металдар

белсенділігін

салыстыру

8.2.4.8 Металдардың белсенділік қатарын

қолданып металдардың таныс емес орынбасу

реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау

Жоғарғы деңгей

дағдылары

1

12

ТЖ

3

3

Барлығы

25

8


Shape7

ЖОБА

«Химия» пəнінен 1-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Магний атомы үшін дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз.

1. Магнийдің сыртқы электрондық қабатында 2 электрон бар

2. Магний сыртқы қабатындағы 2 электронды беріп жібере алады

3. Магний сыртқы қабатына 3 электрон қосып алады

2+

4. Mg ионын түзе алады

2-

5. Mg ионын түзе алады

A) 1,2,4

B) 2,4

C) 3,5

D) тек 4

[1]

2. Екінші топ элементтерінің электрондарының таралып орналасуы бойынша дұрыс

тұжырым таңдаңыз.

+4Be ) )

Mg) ) )

+20Ca ) ) ) )

2ē 8ē

+12

A) екінші топ элементтері үшін сыртқы қабаттағы электрондар саны 3-ке тең

B) электрондар атомда біркелкі таралады

C) электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары артып келе жатқан

энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады

D) электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары кему ретімен орналасқан

энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады

[1]

[2]

3. Төменде берілген қосылыстардың формуласын «нольдік қосынды» әдісі бойынша

құрастырыңыз:

1) Al және S2-

2) P және Cl-

3+

5+

4. Cөндірілмеген әкті алу үшін әктасты (кальций карбонатын) күйдіру (қыздыру) қажет.

Сонымен қатар, cөндірілмеген әкке су қосса ол сөндірілген әкке (кальций гидроксидіне)

айналады. Осы өзгерістерді сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз.

1) Әктастың ыдырауы ____________________________________________________________

2) Сөндірілмеген әкті сөндіру ______________________________________________________

[2]

5.Сызбанұсқада түзілетін иондардың формуласын жазыңыз.

Катион_______________

Анион:_______________

[2]

9


Shape9 Shape8

ЖОБА

6. Оттегі газы тіршілік үшін маңызды газ. Оттегі газы оттектің екі атомынан тұратындығы

бәрімізге белгілі. Оттектің периодтық жүйедегі орнын ескере отырып жазыңыз.

(a) Электрондық конфигурациясын

(b) Электронды-графикалық формуласын

[2]

[2]

7. Кестеде берілген химиялық реакиялардың типтерін анықтап жазыңыз.

Химиялық реакция теңдеулері

Реакция типі

1

2

3

4

H +Cl →2HCl

2 2

CuO + H → Cu +H O

2

2

CaCO →CaO +CO2

3

NaCl + AgNO → AgCl +NaNO3

3

8. Зертханада сутегі газын алу үшін төмендегідей реакция жүргізеді.

Oрташа белсенді металл + сұйылтылған қышқыл тұз+ сутегі

Реакция типін анықтаңыз.

____________________________________________________________________________ [1]

9.Адамды құмырсқа шаққанда шаққан жері дуылдап аши бастайды. Оның себебі

құмырсқадан бөлінетін қышқылда. Қышқыл теріге тиген жерін күйдіреді сондықтан тері

дуылдап ашитын болады. Осы қышқылдың құрамы: көміртек - 26,09% , сутек - 4,35% , оттек

-69,54% тұратындығы белгілі болса құмырсқа қышқылының формуласын жазыңыз.

[3]

10. Суретте темір шегенің әр түрлі ортада жемірілу (коррозия) үрдісі көрсетілген.

(а) 1-2 сынауықта неліктен темірді тот/тат баспаған? Түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]

10


Shape11 Shape10

ЖОБА

(b) 3-5 сынауықтардағы темір шегені тот/тат басқандығының себебі неде?

________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________ [1]

(с) Коррозиядан қорғаудың кез - келген бір жолын ұсыныңыз:

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]

11.Суретте металдардың сұйытылған

қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі

көрсетілген. Реакция өнімінің бірі -

тұз ерітіндісі, ал екіншісі- газ.

(a) Металдар сұйылтылған қышқылмен

әрекеттескен кезде қандай газ бөлінеді?

__________________________________

(b) Магний мен тұз қышқылының

арасындағы реакция теңдеуін

формулалар мен таңбалар арқылы жазып теңестіріңіз.

_____________________________________________________________________________[3]

12. Суретте мыс сульфатының ерітіндісіне әр

түрлі металдарды салу арқылы металдардың

белсенділігін анықтауға арналған тәжірибе

көрсетілген.

(a) Қай металды сынауыққа салғанда реакция

жүрмейді?

________________________________________________________________________________

(b) Қай металды сынауыққа салғанда мыстың бөлінуі тез байқалады?

________________________________________________________________________________

(c) Қай металды сынауыққа салғанда бөлме температурасында мыстың орынына газ

көпіршіктерінің бөлінуі байқалады?

_________________________________________________________________________

[3]

11


Shape12

ЖОБА

Балл қою кестесі

1

2

Жауап

А

С

Балл

Қосымша ақпарат

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

3

Al S3

2

PCl5

4

5

6

7

CaCO → CaO+CO2

3

CaO+H O→ Ca(OH)2

2

Mg

F

2+

-

O )2e)6e

2s 2p

2 2 4

+8

1s

1

2

3

4

Қосылу

Кез келген екі дұрыс жауап

үшін 1 балл

Орынбасу

Айырылу

Алмасу

1

1

8

9

Орынбасу

Басқа жауап

қабылданбайды

(

)

(

)

)

( )

( )

1

1

ʋ(С): ʋ(H): ʋ(O) =

( )

(

4.35 69.56

= 2,17 : 4,35 : 4,35

1 16

ʋ(С): ʋ(H): ʋ(O) =2612.09

CH O2

1

1

2

10

Тот/тат туындататын фактор жоқ

1- сынауықта оттегі және

су жоқ

2-сынауықта «оттегінің

келуіне май кедергі

жасайды» қабылданады

Тот/тат туындататын

факторлар болғандықтан

Мысалы: сыртын қаптау

т.б.с.с

Тот/тат туындататын факторлар; су, ауа және тұзды

сулар болғандықтан

Кез келген дұрыс бір жолын ұсынса жеткілікті

1

1

11

12

(a) сутегі

(b) Mg +HCl = MgCl +H \ реакция теңдеуін

жазғаны үшін

Mg +2HCl = MgCl +H \ реакция теңдеуін

теңестіргені үшін

(a) Au

(b) Mg

(c) Na

1

1

Басқа жауап

қабылданбайды

2

2

1

2

2

1

1

1

Басқа жауап

қабылданбайды

Барлығы

25

12


ЖОБА

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут

Балл саны - 25

Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар

сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап

береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және

шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 12 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын

сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

берілген.

13




Shape13

ЖОБА

2-тоқсан бойынша тапсырмаларының сипаттамасы

Ойлау

дағдыларын

ың деңгейі

тапсырма

*

Орындау

уақыты,

мин*

Бөлім

бойынша

балл

Бөлім

Тапсырма

саны*

Тапсырма

түрі*

Тексерілетін мақсат

Балл*

Зат мөлшері

8.1.1.3 Масса, зат мөлшері және

құрылымдық бөлшектер санын

есептеу

8.2.3.5 Химиялық реакция теңдеулері

бойынша заттың массасын, зат

мөлшерін есептеу

2

1

1

2,3

8

КТБ/ҚЖ

ТЖ

4

4

3

3

4

2

3

6

Қолдану

Қолдану

Стехиометри

ялық

есептеулер

8.2.3.6 Авогадро заңын білу және

қалыпты және стандартты

Қолдану

4

ҚЖ

жағдайлардағы газдар көлемін

есептеуде молярлық көлемді қолдану

8.3.1.1 Заттың жану реакциясының

өнімі көбінесе оксид екенін және

құрамында көміртегі бар отын оттекте

жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы

немесе көміртек түзілетінін түсіну;

8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар

жылу бөле жүретінін, ал

эндотермиялық реакциялар жылу

сіңіре жүретінін білу

8.3.1.5 Энергия өзгерісін

бөлшектердің кинетикалық теориясы

тұрғысынан түсіндіру

Химиялық

реакциядағы

энергиямен

танысу

Білу және

түсіну

1

5

ҚЖ

3

2

6

Білу және

түсіну

1

1

1

6

КТБ

ТЖ

2

5

1

3

Жоғарғы

деңгей

дағдылары

Сутек. Оттек 8.4.2.1 Сутекті алу және оның

Қолдану

2

2

2

9,10

11,12

7

ҚЖ/ТЖ

ҚЖ/ТЖ

ҚЖ

4

10

5

3

4

3

10

және озон

қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

8.4.2.3 Оттекті алу және оның

қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының

маңызын түсіндіру

Қолдану

Білу және

түсіну

Барлығы

25

14


Shape14

ЖОБА

«Химия» пəнінен 2-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Табиғи отындар туралы дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.

1. Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс эндотермиялық

деп аталады

2. Табиғи отындар жанған кезде көп энергия бөліп шығарады және бұл процесс

экзотермиялық процеске жатады

3. Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс экзотермиялық

деп аталады

A) тек 1

B) тек 2

C) тек 3

D) 1 және 2

[1]

2. Массасы 2,2 г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеңіз.

A) 0,05 моль

B) 0,25 моль

C) 1 моль

D) 2 моль

[1]

[2]

3. Массасы 7 г иіс газының; (а) зат мөлшерін (b) құрылымдық бөлшектер санын есептеңіз.

4. (a) Авагадро заңын толықтырып жазыңыз.

Тұрақты қысым мен температурада әр түрлі газдардың бір молі

___________________________________________________________________ алады.

(b) Зат мөлшерлері 1,5 мольге тең оттегі , озон және сутегі газдарының алатын көлемін

есептеңіз.

[2]

[2]

5. Көмірсутекті отындар жануына байланысты су және әр түрлі өнімдер түзеді.

Көмірсутекті отындар жанған кезде судан басқа түзілетін өнімдерді жазыңыз.

(a) шала жану өнімі:__________________________________________________

(b) толық жану өнімі: __________________________________________________

6. Суретте зат күйінің бір күйден екінші күйге ауысуы

көрсетілген. Осы кездегі зат күйі мен олардың

арасындағы энергия өзгерісін бөлшектер теориясы

тұрғысынан түсіндіріңіз.

________________________________________________

________________________________________________

______________________________________________[3]

15


Shape18 Shape17 Shape16 Shape15

ЖОБА

7. Озон қабаты жер шары үшін маңызды рөл атқарады. Озон қабаты жерді күн сәулесінен

тікелей түсетін ультра күлгін сәулелерден (күн радиациясынан) қорғап, жер бетіндегі

тіршіліктің жалғасуына әсер етіп тұрады.

(a) Озон қабатының бұзылуына әкелетін екі факторды көрсетіңіз:

1) ________________________________________

2) ________________________________________

(b) Озон қабаты бұзылған жағдайда туындайтын

кері әсердің біреуін атаңыз:

_____________________________________

[3]

8. Зертханада көлемі 5,6 л (қ.ж) көмірқышқыл газын

алу үшін қажет:

(a) Тұз қышқылымен әрекеттесетін кальций

карбонатының массасын есептеңіз.

(b) Осы кезде түзілген тұздың зат мөлшерін есептеп жазыңыз.

[4]

9. Суретте сутегінің химиялық қасиетінің бірі

көрсетілген.

Мыс (II) оксиді сутегімен әрекеттескен кезде сутегі

қандай қасиет көрсететіндігін жазыңыз.

_____________________________________________

[1]

10. Суретте зертханада сутегі газын алу көрсетілген.

(a) Сутегі газын алу үшін қажетті реагенттерді жазыңыз.

______________________________________________

(b) Суретте сутегін жинау үшін cутегінің қандай

физикалық қасиеті қолданылып тұрғандығын жазыңыз.

______________________________________________[2]

16


ЖОБА

11. Оттегін зертханада (немесе үйде) алуға қолжетімді болып табылатын реагентті

жазыңыз.

Жауабы: ______________________________________________________

[1]

12. Оттегі газы тіршілік үшін маңызды -газ. Ауаның шамамен 21%-ын құрайтын оттегі

газын зертханада кейбір заттарды ыдыратып алуға болады. Солардың бірі (11)

тапсырмада берілген реагент болса, тағы бірі тұрмыста ерітіндісі залалсыздандырғыш

ретінде қолданылатын калий перманганаты.

(a) Калий перманганатын ыдыратып оттегі газын алатын және ауаны ығыстырып

жинауға болатын қондырғы / құралдың суретін салыңыз.

(b) Калий перманганатының айырылу реакциясын жазыңыз.

___________________________________________________________________________

(c) Оттегін қолданатын салалардың біреуін атаңыз.

___________________________________________________________________________

[3]

17




Shape19

ЖОБА

Балл қою кестесі

1

2

Жауап

В

А

0,25 моль

1,506●10

Бірдей көлем алады

33,6 дм (л)

3

Иіс газы

Балл

Қосымша ақпарат

1

1

1

1

1

1

1

3

23

4

5

Басқа жауап қабылданбайды

Көмір қабылданады

Көмірқышқыл газы

1

1

6

Қатты →сұйық →газ күйіне өту үшін

бөлшектер арасындағы байланыс үзілу қажет

Газ →сұйық →қатты байланыстар түзілуі

қажет

Бөлшектер бір бірінен алыстайды

Бөлшектер бір біріне тығыз

орналасады қабылданады

Жылу сіңіріледі қабылданады

Байланыстарды үзу үшін қосымша энергия

сіңіріледі

1

Байланыстар түзілу үшін энергия бөлінеді

Хлор органикалық қосылыстар

Көліктен шығатын газдар

1

1

1

1

Жылу бөлінеді қабылданады

Кез келген дұрыс екі факторды

атаса қабылданады

Кез келген бір дұрыс салдарды

жазса қабылданады

7

8

Тері аурулары көбейеді

Реакция теңдеуін жазады, теңестіреді

Көмірқышқыл газының зат мөлшерін

есептейді

1

1

Кез келген дұрыс екі жауап

қабылданады

Көмірқышқыл газы мен кальций

карбонатының зат мөлшері бірдей екендігін

көрсетеді

Кальций карбонатының массасын есептейді

Тотықсыздандырғыш

Орташа белсенді металл, сұйылтылған

қышқыл

Суда ерімейтіндігі

1

Пропорциямен шығарылған

есептерді ӘБ қарастырып қабылдау

немесе қабылдамау керектігін өздері

шешеді

1

1

1

9

10

Қышқыл жауабы қабылданбайды.

Қышқыл формуласы ерітінді деп

берілсе қабылданады орташа

металдардың таңбасы қабылданады

Формуласы, сутегі асқын тотығы

қабылданады

1

1

1

11

12

Сутегі пероксиді

Құрал/қондырғы суреті қарандашпен дұрыс

салынып, герметикалығы көрсетілуі тиіс

2KMnO →K MnO +MnO +O2

Қаламсаппен салынған суреттер

қабылданбайды

1

1

4

2

4

2

Медицинада

Кез келген дұрыс саланы атап жазса

қабылданады

Барлығы

25

18


ЖОБА

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут

Балл саны - 25

Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар

сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап

береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және

шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 18 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын

сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

берілген.

19




Shape20

ЖОБА

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Ойлау

дағдыларының

деңгейі

тапсырма

*

Орындау

уақыты,

мин*

Бөлім

бойынш

а балл

9

Тапсырма

саны*

Тапсыр

ма түрі

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Балл*

Химиялық

элементтер- физикалық мәнін түсіндіру

8.2.1.1 Топ, период, атом нөмірінің

Қолдану

1

2

7

ҚЖ

3

2

2

дің

8.2.1.2 Бір топтағы элементтердің сыртқы

периодтық

жүйесі

электрондық деңгейінде электрондар

санының бірдей болатындығын түсіну;

8.2.1.3 Топтар мен периодтарда

элементтер қасиеттерінің заңдылықпен

өзгеретінін түсінді

9.2.1.7 Химиялық элементтің периодтық

кестеде орналасуына сай қасиеттерін

болжау

8.1.4.1 Электртерістілік ұғымы негізінде

атомдар арасындағы ковалентті

байланыстың түзілуін түсіндіру

8.1.4.2 Иондық байланыстың түзілу

механизмін сипаттау және иондық

қосылыстардың қасиеттерін болжау

8.3.4.1 Заттарды судағы ерігіштігі

бойынша жіктеу;

Білу және түсіну

Қолдану

1,6

КТБ/ ҚЖ

4

2

1

2

2

8,9

ҚЖ

ТЖ

3

5

5

5

2

3

2

3

Жоғарғы деңгей

дағдылары

18

Химиялық

байланыс

түрлері

5

Қолдану

2,12

3,13

КТБ/ҚЖ

КТБ/

ТЖ

Қолдану

Білу және түсіну

Қолдану

Ерітінділер

және

ерігіштік

11

2

2

4,5

КТБ

ҚЖ

3

4

2

2

8.3.4.3 Заттың ерігіштігіне

10,11

температураның әсерін түсіндіру;

8.3.4.5 Еріген заттың массалық үлесі мен

ерітіндінің белгілі массасы бойынша

еріген заттың массасын есептеу

8.3.4.6 Ерітіндідегі заттың молярлық

концентрациясын есептеу

Қолдану

2

2

14,15

16,17

ҚЖ/ТЖ

ҚЖ/ТЖ

4

4

4

3

Қолдану

Барлығы

25

20


ЖОБА

«Химия» пəнінен 3-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Энергетикалық деңгейіндегі электрондар 2 қатардан тұратын бірдей элементтер қатарын

анықтаңыз.

A) Ca, Mg, Li

B) Li, В, C

C) Al, B, Ga

D) K, F, Li

[1]

2. Ковалентті полюссіз байланыс мынадай қосылыстарда кездеседі.

A)S, О2,P

B) C2, Н2,О2

C) F2, Н2,O2

D) Al, F2,Cl2

[1]

3. Оң зарядты иондар қалай аталады.


[1]

4. Тұрмыста жиі қолданылатын заттарды: ас тұзы, марганцовка және тырнақ бояуын өшіруге

арналған сұйықтықтың ішіндегі - ацетонды суда ерігіштігі бойынша қандай заттардың

тобына жатқызуға болады?

A) аз еритін

B) ерімейтін

C) нашар еритін

D) жақсы еритін

[1]

5.

Калийдің балқу температурасы қанша

A) 179

B)97,8

C) 39

D) 63,6

[1]

21

A) Аниондар



B) Кристалдар


C) Катиондар


D)Иондар



ЖОБА

6.Химиялық периодтық жуйенің қатарын көрсет.

А)Топ,период,топша,қатар

В)Период,қатар,топ,топша

С)Қатар,топ,период,топша

D)Топша,қатар,топ,период

[1]

7. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінен жаратылыстың барлық заңдылықтарын

көруге болады. Сонымен қатар периодтық жүйедегі сандар өзара байланысы бар және

олардан көптеген ақпарат алуға болады. (Бос орындарды қажетті сөздер/ сөйлемдермен

толықтырыңыз)

(a) Бір периодта орналасқан элемент атомдарының

____________________________________

_____________________________________ бірдей болады, бұл период ___________________

физикалық мәнін түсіндіреді.

(b) Бір топта орналасқан элемент атомдарының

_____________________________________

_____________________________________ бірдей болады, бұл топ___________________

физикалық мәнін түсіндіреді.

[2]

8. Бос орындарды қажетті сөздермен толықтырыңыз:

3-периодта орналасқан Na →Cl дейін атом ядро зарядтары артқан сайын _______________

____________________ қасиеті артып, ________________________ қасиеті кемиді.

[1]

9. Атом радиустарының артуы бойынша турған элементтер қатарын корсет.


А) H,Li,Na,K,Cu

B) Li,Be,B,C,N

C) Cu,K,Na,Li,H

D) N,C,B,Be,Li

[1]

22


Shape22 Shape21

ЖОБА

10. Кестеде берилген калий нитраты 20 градуста

қанша грамм ериді

.

А) 33,5 Г

В) 35,5Г

С) 38,2Г

D)34,4Г [1]


11. Жаздың ыстық күндері бөлме температурасында тұрған газдалған сусындарды ішу

әркімге ұнай бермейді. Сондықтан газдалған сусынды салқындатқышқа қойып,

салқындағаннан кейін ішеміз. Себебін түсіндіріңіз.

____________________________________________________________________________ [1]

12. Су -тіршілік көзі ретінде жер қыртысында ең көп тараған химиялық қосылыс. Су

молекуласындағы ковалентті байланыстардың түзілу механизмін «айқыштар мен нүктелер»

диаграммасы арқылы түсіндіріңіз.

[1]

13. Магний хлориді табиғатта бишофит минералы ретінде кезедеседі. Суретте бұрғылау

нәтижесінде алынған минерал көрсетілген. Магний хлориді тағамдық қоспа - Е511 ретінде

тіркелген химиялық қосылыс.

(a) Магний хлоридіндегі химиялық байланыстың түзілуін «айқыштар мен нүктелер»

диаграммасы арқылы көрсетіңіз.

[1]

23


Shape23

ЖОБА

(b) Магний хлоридінің формуласын жазыңыз.

_____________________________________________________________________________[1]

14. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін сипаттайтын формуланы жазыңыз.

[1]

15. Массасы 200г 15%-дық ерітіндіге тағы да 30 г тұз қосты. Алынған ерітіндідегі еріген

заттың массалық үлесін есептеңіз.

[3]

16. Молярлық концентрация дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін көрсетеді.

Математикалық өрнегі төмендегідей:

ʋ

См =

. Осы формуладан еріген заттың массасын өрнектеп шығарыңыз.

(ер−ді)

[1]

[2]

17. Мұғалім оқушыға 500 мл ерітіндіде 8 г натрий гидроксиді ерітілгендігін айтты.

Оқушының мұғалімнен алған ерітіндінің концентрациясы қандай? Жауабыңызды есептеп

дәлелдеңіз.

18. Барийдің физикалық қасиеттерин жазыңдар.


1____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________-

Барий

[3]

24


Shape24

ЖОБА

Балл қою кестесі

1

2

3

4

5

6

7

Жауап

В

С

С

D

D

В

(a)Энергетикалық деңгей саны, период нөмірінің

(b) Сыртқы электрондық қабаттағы электрон

саны, топ нөмірінің

Балл

Қосымша ақпарат

Басқа жауаптар қабылданбайды

1

1

1

1

1

1

1

1

8

9

Бейметалдық , металдық

A

1

1

Тотықсыздандырғыш

қабылданады

10

11

12

D


1

1

1

Көпшілік тұздардың ерігіштігі

артады қабылданады

Басқа жауап қабылданбайды

Газдардың ерігішітігі температура төмендегенде

артады

13

1

(a)

(b) жақсы ериді

1

1

14

15

(ер.з)

w(ер.з) =

100%

(ер−ді)

Формуланы түрлендіріп

m (ер.з) = 30г

1

1

Пропорциямен шығарылған есеп

қабылданбайды

m (ер.з) = 60г есептейді

2

m (ер-ді) = 230г есептейді

1

1

1

1

1

2

w (ер.з) = 26.09%

2

16

17

m(ер.з) = Cm•M•V(ер-ді)

V(ер-ді) = 500 мл=0.5л

8

=

40 0.5 = 0.4

18

Ақ түсті, күмісше жылтыраған металл

Бөлме температурасында бірден тотығады

Бөлме температурасында сумен шабытты

әрекеттесіп, стронций гидроксиді мен сутегі

газын түзеді

1

1

1

Барлығы

25

25


ЖОБА

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут

Балл саны - 25

Тапсырмалар түрлері:

КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар

сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап

береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және

шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 18 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын

сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

берілген.

26




Shape25

ЖОБА

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тап

сыр

ма

Тапсыр

ма

түрі

Орында

у

уақыты,

мин*

Ойлау

дағдыларының

деңгейі

тап

сыр

ма*

Бөлім

бойынш

а балл

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Балл*

саны*

Бейоргани-

калық

8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиет-терін

білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын

реакция теңдеулерін құрастыру

Қолдану

Қолдану

Қолдану

1

2

2

5

ҚЖ

ҚЖ

ҚЖ

2

3

3

1

2

2

қосылыстар-

дың негізгі

кластары.

Генетикалық

байланыс

8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу

және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін

сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

8.3.4.9 Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу

және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін

сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі

кластары арасындағы генетикалық байланысты

зерттеу

8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында

төрт байланыс түзетінін түсіндіру;

8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түр

өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін

салыстыру;

6, 7

8, 9

10

Жоғары деңгей

дағдылары

2

1

2

13, 14

15

ТЖ

ТЖ

8

3

3

5

2

2

Көміртек

және оның

қосылыстары

Қолдану

КТБ/

ҚЖ

Білу және түсіну

1, 10

8.4.3.6 Көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен

көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын

сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының

физиологиялық әсерін түсіндіру;

8

Қолдану

1

3

КТБ

2

1

8.4.3.7 Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау

және қасиеттерін зерттеу;

8.4.2.8 Судың ластануының қауіптілігі мен себебін

анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;

8.4.2.9 Судың «кермектігін» анықтау және оны жою

тәсілдерін түсіндіру;

КТБ/

ТЖ

Қолдану

Қолдану

2

2

3

2, 16

5

3

8

3

2

5

Су

11, 12

ҚЖ

7

Қолдану

4, 17,

18

КТБ/

ТЖ

Барлығы

25

27


ЖОБА

«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі

1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі

айырмашылығын анықтаңыз.

A) алмаз жұмсақ, графит қатты

B) алмаз электр тогын өткізбейді, ал графит өткізеді

C) алмаз молекуласында көміртек атомы төрт, ал графитте үш ковалентті полюссіз

байланыстармен байланысқан

D) алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда

орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр

[1]

2. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз.

1) көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады

2) шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады

3) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады

4) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс

шығарып, жанады

A) тек 1, 3

B) тек 2, 4

C) 1, 3, 4

D) 2, 3, 4

[1]

3. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның

шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай

аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін көрсетіңіз.

А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы

B) құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы

C) бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы

D) жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі

[1]

4. Кермектілік туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

1. Кермектілікті туындататын катиондар Mg және Ca2+

2. Кермектілікті туындататын металдар Mg және Ca

3. Кермектілік тұрақты және уақытша болып бөлінеді

2+

4. Тұрақты кермектілікті СО2−3

және

5. Уақытша кермектілікті жою тәсілінің бірі - қайнату

НСО

иондары туындатады

3

A) тек 1,3

B) тек 5

C) 1,3,5

D) 2,4,5

[1]

28




Shape27 Shape26

ЖОБА

5. Оксидтердің түрлері мен олардың формулалары арасындағы сәйкестікті орындаңыз.

А) Амфотерлі

В) Қышқылдық

С) Негіздік

1. Р О5

2. СuO

3. ZnO

2

А

В

С

[1]

6. Берілген қосылыстардың ішінен қышқылды тауып жазыңыз.

Al O , CuSO , Mn O , HNO , LiOH,

2

3

4

2

7

2

_____________________________________________________________________________ [1]

7. Сөзбен берілген реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз:

мырыш оксиді + азот қышқылы мырыш нитраты + су

_____________________________________________________________________________ [1]

8. Амфотерлі негізге бір мысал келтіріңіз. ________________________________________ [1]

9. Сөндірілген әк ерітіндісін ұзақ уақытқа ашық қалдыруға болмайды. Ерітіндіні ұзақ уақыт

бойы ашық қалдырса біртіндеп лайланады. Себебі, әк суы ауадағы көмірқышқыл газын өзіне

сіңіреді.

Осы құбылысты сипаттайтын реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып

теңестіріңіз.

_____________________________________________________________________________[1]

10. Көміртектің бірнеше түрлі аллотропиялық түр өзгерісі бар. Соның ішінде жиі

қарастырылатыны - алмаз бен графит. Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.

Салыстыруға арналған

параметрлер

Алмаз

Графит

кристалл тор түрі

көміртек атомындағы ковалентті

байланыстар саны

атомдық

төрт

атомдық

үш

суда ерігіштігі

ерімейді

ерімейді

электрөткізгіштігі

[1]

11. Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

12. Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қауіпі неде?

_____________________________________________________________________________ [1]

29


Shape32 Shape31 Shape30 Shape29 Shape28

ЖОБА

13. Айгүл темірдің генетикалық қатарын құрастырып, зерттемекші болды. Айгүлге бірнеше

сұйық және қатты заттары бар құтылар берілді. Құты сыртында төмендегідей жапсырма

қағаздар болды.

Ғе ұнтағы

КОН

HNO3(сұйыт)

Ғе(NO3)2

Айгүл заттарды көріп қатты тығырыққа тірелді. Айгүл темірдің генетикалық қатарын

құрастырып, зерттеуі үшін сіздің көмегіңіз қажет. Берілген сызбанұсқадағы Х және Х1

заттарын анықтап, Х затының алыну реакция теңдеуін жазыңыз.

1

Fe →X → Ғе(NO ) X X

3 2

1

[2]

14. Болат пен Санжарға төменде көрсетілгендей күкірттің генетикалық қатары берілді.

Болатқа бұл тапсырма қиын тиді. Себебі, осы тақырыпқа ол көп мән бермеген. Енді сіздердің

Болатқа көмектеріңіз қажет. Болат пен Санжар генетикалық қатардағы Х және У заттарын

анықтап, әрқайсысын алудың кез -келген бір реакция теңдеуін жазу қажет.

H S→ S→ X→SO →Y→BaSO4

2

3

[3]

15. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің бірі - алмаз. Алмаз - өте қатты , оның

қаттылығын заттарды кесуге пайдаланады.

(a) Алмаздағы көміртек атомдар арасындағы байланыстар саны қанша?

_______________________________________________________________________________

(b) Көміртек атомдары арасындағы байланыстарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңіз.

[2]

16. Суретте көмірқышқыл газын зертханада алу және жинау әдісі көрсетілген. Ол үшін

натрий карбонатына тұз қышқылын қосу қажет.

(a) Ұсынылған реагенттер арасында жүретін химиялық

реакция теңдеуін жазыңыз.

____________________________________________________________________________ [1]

(b) Жинақталған көмірқышқыл газын тексеруге арналған реагенттің формуласын жазыңыз.

____________________________________________________________________________ [1]

30


ЖОБА

17. Табиғи шипалы сулардың құрамы әр түрлі мөлшердегі еріген тұздардың болуымен

сипатталады. Кейде осы тұздар тұрмыста қолданылатын ауыз суының құрамында да

кездеседі. Бұл тұздардың судың сапасын төмендетіп, пайдалануға жарамсыз ететін

жағдайлар да жиі кездеседі. Оның себебі кермектілікті тудыратын Ca және Mg2+

иондарының мөлшерден тыс көп болуынан. Мұны, біз күнделікті өмірде үйде пайдаланатын

ыдыстың, ал өнеркәсіпте бу қазандықтарының ішінде "қақ" тұруынан байқаймыз.

2+

(a) Бұл кермектіліктің қандай түріне жатады?

_____________________________________________________________________________ [1]

(b) Ыдыстың немесе бу қазандықтарында "қақтың" пайда болуын түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]

18. Кермек суда сабын көбіктенбей іріп кетеді. Сондықтан судың кермектілігін жою үшін

оны қайнатады. Кей кездері кермектілік қайнатқаннан кейін де жойылмайды. Бұл

кермектіліктің түріне байланысты.

(a) Қайнатқаннан кейін де кермектіліктің жойылмауы кермектіліктің қандай түріне жатады?

Осы кермектіліктің құрамына кіретін анионның бірінің формуласын жазыңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

(b) Бұл кермектілікті жоюдың бір әдісін ұсыныңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

31




Shape33

ЖОБА

Балл қою кестесі

1

2

3

4

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

С

А

С

С

1

1

1

1

1

5

Екі жауап дұрыс болған

жағдайда да бір балл беруге

болады

А

В

С

3

1

2

6

HNO2

1

7

8

ZnO +2HNO →Zn(NO ) +H O

Zn(OH)2

1

1

3

3

2

2

Be(OH) Al(OH) кез келген

2

3

дұрыс жауап қабылданады

немесе атауы жазылса да

қабылданады

9

10

11

Ca(OH) +CO →CaCO +H O

алмаз электр тогын өткізбейді, графит өткізеді

мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі

1

1

1

2

2

3

2

басқа жауап қабылданбайды

басқа кез келген дұрыс жауап

қабылданады

12

13

ағзаға инфекциялардың түсуі

Х →ҒеО

1

1

1

басқа кез келген дұрыс жауап

қабылданады

екі жауап та болған кезде ғана

бір балл беріледі

кез келген сілтімен дұрыс

жазылған еакция теңдеуі

қабылданады

Х → Ғе(ОН)2

1

Ғе(NO ) + 2КОН → Ғе(ОН) +2 КNO3

3

2

2

14

15

ХSO ,

1

1

2

Y→H SO4,

2

S + O SO2

2

басқа дұрыс жазылған жауап

қабылданады

SO +H O →H SO4

1

1

1

3

2

2

(a) төрт

(b) көміртек атомының қозған жағдайдағы

электрондық конфигурациясын жазады

(a) Na CO +2HCl →2NaCl +H O +CO2

16

17

1

1

1

1

2

3

2

(b) Ca(OH)2

(a) уақытша

(b) су қайнаған кезде оның құрамындағы кальций

және магний карбонаттары тұнбаға түседі

18

тұрақты, Cl

-

, SO4

2-

, HSO4

-

1

1

Кез келген бір анион

формуласы жазылса

кез келген дұрыс жауап қабылданады

32


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі