Спорттық
шара
Тақырыбы:
«Тоқта гепатит!»
Жүргізуші:
Құрметті балабақша бүлдіршіндері!
Бүгінгі:
«Тоқта гепатит!» атты спорттық сайысымызға
қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі
мақсаты – ойын кезінде өзін - өзі бақылау
арқылы белсенділікке, сенімділікке,
қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке,
жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге
тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың
қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру
және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Осы мақсатта біз бүгін ортаңғы топтар
арасында спорттық сайыс өткізгелі
отырмыз.
Ал,
құрметті халайық,
Жарысты енді
көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ
баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын
ойынымызға әділ бағасын беретін
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
Балабақша әдіскері : Күләш Ибрагимқызы
2.
Атырау облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының үйлестірушісі:
Өтебаева Ляззат Өтебайқызы
Енді
ортаға жарысқа қатысушыларымызды
шақырайық.
«Жалын»
тобы, «Сұңқар »тобы
Сәлемдесу. (шағын
ұранмен)
1. «Жалын» - командасынан
жалынды сәлем!
2.
«Сұңқар» - командасынан жалынды
сәлем!
Жүргізуші: Ендігі кезекті
«Әнұранға» берейік.
( Қатысушы
командалар оң қолдарын сол жақ кеудеге
қойып, әнұранды орындайды).
Топты
жарған түлектерміз,
Жаралдық ақ
тілектен біз.
Сұңқар – қанат,
Тұлпар
– тұяқ түлектерміз, - деп бүгінгі
сайысымызға қатысушы командаларды
жаттықтырып алайық. Олай болса кезекті
жаттығуларға берейік.
Ал,
қане, бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі
жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске
жетеміз!» - деп,
Жалынды ұран
бастаймыз!
Ендеше, сайысымыздың
негізгі шарттарымен таныс болыңыздар!
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. «Добым,добым
домала» Допты қос қолдап, кедері арасымен
домалатып өту.
2. «Жүргізуші»
Гимнастикалық құрсаумен топ басшысы
топтағы ойыншыларды қарсы белгіленген
бағытқа тасиды.
3.
Секіртпе доппен секіру
4. «Ептілер
сайысы» Секіртпе бойымен тепе-теңдік
сақтай бір қырындап жүріп барып, көпірден
еңбектеп өту.
5. « Самокатшылар
сайысы»
Сайысымыздың негізгі
шарттарымен таныс болдыңыздар. Ендеше,
барлық топтарға сәттілік тілейміз.
Сайыскерлерімізді қолдап - қолпаштап,
рухын көтеріп отырайық!
(Балалар
барлық сайысты орындап шығады).
Міне,
құрметті көрермендер, біздің
балдырғандарымыз барынша сайысқа
белсене қатысты. Енді сайысымызға әділ
төрелігін айтатын әділқазылар алқасына
сөз кезегін берейік.
(Сайыскерлеріміз
марапатталып, жүлделер үлестіріледі).
Жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым, оқушылар!
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Сайыскерлерімізге қатысқандарыңызға
рахмет айтамыз. «Әрқашан деніміз сау,
еліміз тыныш болсын!» - деп, бүгінгі
сайысымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!
Спорттық
шара
«Тоқта
гепатит»
Өткізген:
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Аруова.А.С
Атырау