жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тоқыма бізбен тоқу. Тоқыма біз түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары"
Көркем еңбек пәнінен оқушыға арналған тірек конспект
|
Пәні |
Көркем еңбек |
|
Сыныбы |
5 сынып(қыз балаларға арналған) |
|
Оқулық |
Көркем еңбек 5 кл (қыз балаларға арналған) Алимсаева Р.Ш және т.б - Кокшетау:Келешек- 2030, 2017. – 108б |
|
№1 сабақ Сабақтың тақырыбы |
Тоқыма бізбен тоқу. Тоқыма біз түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. |
|
Оқу мақсаты |
5.1.6.3 Тоқыма материалдары мен бұйымдарды жіктеулерін, құрамын және жай тоқыма өрімдерін білу |
|
Оқу мақсаты (Оқушыға бағытталған) |
Бұл сабақта бейнелеу өнерінің түрлерімен,жанрларымен және олардың қыр-сырларымен танысатын боласың. |
|
Оқушының аты-жөні (оқушы толтырады) |
|
|
Іс-әрекет реті |
Ресурсы |
Орындалуы (оқушы толтырады) |
|
Білу
керек Оқулық http://keleshek-2030.kz/books/ht5dk.phpПараграф: 1 4-7 бет |
4. (К) Зерттеуге кіріспе /сұхбат- пікір талқылау 4.1 Оқушыларға маталар коллекциясын қарастыруды ұсыну (15×15 см кесінділері).
4.2 Жаңа материалды зерттеу. (Слайд 4) Матаны тоқыма фабрикаларда иірілген жіптен жасайды. Иірілген жіпті жасау үшін шикізаты талшық болып табылады. Матаның сипаты және сапасы оны жасайтын талшыққа, яғни, шығатын шикізатына байланысты болады. Тоқыма талшықтары деп тоқыма бұйымдарын жасау үшін жарамды кіші көлдеңен өлшемдерімен және белгілі бір ұзындығымен иілмелі мықты заттарын атайды. (Слайд 5) Тоқыма талшықтарын екі класқа бөледі: табиғи және химиялық. Шығу тегіне қарай талшы шығаратын заттың табиғи талшығы үш кіші класқа бөлінеді: өсімдік, жануар және минералды, ал, химиялық талшықтар екі класқа бөлінеді: жасанды және синтетикалық. Жасанды талшық — табиғи жоғары молекулалық заттардан дайындалған химиялық талшық. Синтетикалық талшық — синтетикалық жоғары молекулалық заттардан дайындалған химиялық талшық. (Слайд 6) Матаны дайындау технологиясы – иіретін фабрикаларға талшықтардың түсуінен дайын болған өнімді қаптауға дейін үш негізгі кезеңдерге бөлуге болады: иіру, тоқу және әрлеу. Тоқу – матаны дайындау технологиясында бөлек қысқа талшықтардан құрылған ұзын жіпті (иірілген жіп) алу барысы. Ол иірілген жіп істеу машиналарында іске асырылады және бірнеше операцияларынан құралады. Тоқыма фабрикаларына түскен бумалап нығыздалған талшықтар біріншіден қапсытылған және қалшылдау машиналарында қапсытуға және қалшылдау үшін тартылады. Дәл осында оларды арам қоспалардан тазалайды. Қапсытылған машинадан талшықтар кенеп түрінде шығады, ол бумаға бүктеледі. Келесі операция – тырнау. Кенеп жіңішке металл инелермен қапталған екі беттер арасынан өткізеді. Тырналға кенеп лентаға айналады. Ленталы машиналарда лентаны түзейді, ал, тегіс және айналатын машиналарда оны кішкене бұрайды - тегістік пайда болады.Иірілген жіптерге арналған машиналарда тегістікті түпкілікті тартады және бұрайды. Алынған иірілген жіпті собық және бобина түрінде бүктейді. Иірілген жіпке арналған машиналарды жіп иірушілер қызмет етеді.Ол иіру- тоқу өндірісінің жетекші кәсіптердің бірі. Жіп иіруші орташа алғанда 1000-нан 1400- ге дейін ұршық тартады. Ол тегістіктің және иірілген жіптің жыраларын жояды, жиылысқан тегістіктен катушкалар мен ұршықтарды айырбастайды, сонымен қатар, құрал- жабдықты күту бойынша жұмыстарды атқарады. Ол иірілген жіпке және тегістікке қойылатын талаптарды, олардың қаситтерін иірілген жіптің жыралардың пайда болу себептерін және оларды алдын - алу мен жою жолдарын білуі тиіс. Мата тоқитын фабрикаларында иірілген жіптен тігін жіптерін, тоқыма бұйымдарын, маталар және тоқыма емес материалдарын дайындайды. Иірілген жіптен жасалған матаны дайындау технологиясы тоқымашылық деп аталады. Тоқыма станоктарын тоқымашылар қызмет етеді. Тоқымашы 2-8 механикалық және 48-56 автоматты станоктарын қызмет етеді. Механикалық станоктарында ол келесі негізгі операцияларды өткізеді: бос ілмекті шпульдерді толыққа айырбастайды, негіздің жіптердің жыраларын жояды, шпульдерді айырбастау автоматты түрде орындалады.Тоқымашы ұсынылған матаға , оның кемшіліктерін, оның пайда болу себептерін, алдын алу шараларын және жою жолдарын білуі тиіс. Бейнені қарау. Activity №1. Оқушылар негізгі операцияларды қарастыра отырып, жібек матаны алу сызбасын құрастырулары керек. (Слайд 7)Матаны алу технологиясы жіптерді өрімдеу арқылы жүзеге асырылады: үлестік (жіптердің негіздері) және көлдеңен (ілмек жіптері). Жіптердің негіздері және ілмектің қасиеттері , сонымен қатар, оларды өрімдеудің тәсілдері әр түрлі. Үлестік жіп (негізі) матаға көлдеңен келеді. Ол мықты, жіңішке және тегіс. Тартқан кезде ұзындығына әсер етпейді. Көлдеңен жіп (ілмектердің) жуан, қысқа және үлпілдек болып келеді. Тарқан кезде ұзындығы да тартылады. Мата еніне қарай шетінде жіптерді тығыз өрімдеу жолымен жиек пайда болады, ол матаны себілуінен қорғайды. Жиектен жиекке қарай ара қашықтықты матаның ені деп атайды. (Слайд 8) Челноктың ілмелі жіптің бір - бірімен үлестік жіптердің қиылысу жүйелігінен болашақ матаның қасиетіне байланысты болады. Матадағы жіптерді
өрімдеудің түрлері: |
Сіз оқыған материалды «+» деп белгілеңіз |
|
Жауап бер |
Оқулықтағы 4-7 беттерді оқып, жауап беріп көр. 1.Бейнелеу өнері түрлеріне қарай қалай ажыратылады? 2. Жанр мен өнер түрін қалай ажыратасың? 3. Оқулықтағы суреттерден не көріп тұрсың? Олардың бір бірінен айырмашылығы қандай? |
Жауабын зерттеп дәптеріңе жазып қой. |
|
Орында |
1.Жоғарыдағы ссылкамен берілген бейне баяндағы тапсырмаларға жауап іздеп, дәптерлеріңе жауабын жазып қойыңдар. 2.Қызығушылық танытсаң өзің білетін, естіген суретшілердің туындыларын іздестіріп,талдап көруіңе болады. |
Жауабын зерттеп дәптеріңе жазып,суретке түсір |
|
Рефлексия |
Нені білдім... |
«+» немесе «-» белгілерін қой |
|
Нені үйрендім… |
«+» немесе «-» белгілерін қой |
|
Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)) |
|
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген