Сабақтың
тақырыбы:
Тоқымды
оюмен әрлеу
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
оқушыларды
тоқым жасау технологиясымен таныстыру,
тоқымды оюмен әрлеу туралы толық мағлұмат
беру, үйрету;
Дамытушылық:
теориялық
білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана
білу, оқушыларды өз бетімен тоқым жасай
алуға үйрету.
Тәрбиелік:
оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру,
ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке
баулу.
Сабақтың
түрі:
аралас
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше
сарамандық жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі:
слайд, тоқым бейнелері бар суреттер,
Құрал
– жабдықтар:
тері бұйымдары, желім, қайшы
Пәнаралық
байланыс:
тарих, технология
Сабақтың
өту
мерзімі:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен
сәлемдесу;
• Оқушыларды
түгендеу;
• Оқушылардың
құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың
зейіндерін сабаққа аударту.
II.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.
Ер тоқым ұлттық жәдігер
2.
Тоқымның өлшемін қалай аламыз?
3.
Тоқымды
қалай кесеміз?
4.
Тоқымды ердің астына қалай орналастырдыңдар?
III.
Жаңа сабақ.
Ер-тоқым
жайлы мәлімет
Ер-тоқым-
салт атқа мініп жүруге лайықталған
жабдықтардың бір түрі. Адамның атқа
мініп-түсуі мен атқа ер салу мұқтаждығы
қашан басталғаны белгісіз. Қазақстан
жеріндегі жартастар бетінде ер-тоқымды
ат суреті кезігеді. Соның ішінде, тура
сызықты суреттер, бедер сызықты суреттер
бар. Бұл ертедегі адамдардың да ер-тоқымды
пайдаланғанынан дерек береді. Ер-тоқымды
көне заман көшпелілерінің дамытқан
өнер туындысының бірі деуге болады.
Өйткені көшпелі тұрмыс, жорық, шабуыл-
ат үстіндегі қимылдың барлығы ер-тоқым,
тұрман-жабдықтарын тамаша толықтырған.
Бұл жабдықтар екі жаққа да (атқа да,
адамға да) қолайлылық тудыру мақсатында
жасалған. Әсіресе, атқа жайлы болу жағы
басты шарт болған. Қазақ халқы осы
тұрғыдан, « Алтында ерің атқа тисе,
алтынын ал да отқа жақ»,- деп, тұжырады.
Ұлы
Абай:
«Ер
қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,
Қиыстырып
қиыннан айтсам демек.
Атқа
жайлы, мінуге және ыңғайлы,
Алды-арты
бірден келсін дөп-дөңгелек»,- дегенде
ер қосу өнерінің аса қиын да, қажетті
өнер екенін айтқан.
Ер-тоқымның
түрлері
Сыртқы
бітім ерекшелігіне орай ердің «қазақ
ері», «:қоқан ері», «құранды ер», «ашамай
ер», «қазық бас ер», «орыс ері» деп
аталатын түрлері бар. Осылардың ішінде
құранды ерден басқасы көбінде бес
бөлікті қосу арқылы жасалады. Олар екі
қас (артқы қасты көрсен деп те атайды),
екі қаптал және бел ағаш (орта ағаш).
Бұлардың ішінде қазақ халқы арасында
көп тарағаны қазақы ер. Оның екі түрі
әйелдерге және еркектерге арналған
түрлері қолданылады.
Еркектерге
арналған ердің сүйегі жұқа және ықшамды,
өте жеңіл келеді. Мұндай ерлерді онша
әшекелемейді, тек жасалуына көп көңіл
бөліп, жете өңдейді.
Әйелдерге
арналған ердің сүйегі ауыр, әшекейі
мол, алтын, күміс, асыл тас, сүйек мүйізбен
әшекейленеді.
Балаларға
арналған ерді- ашамай
дейді.
Ер бала дүниеге келгенде қазақ оған
арнап жаңа туған құлын бәсірелейді. Сол
бәсіресі тай, құнан болғанда үкі тағып,
ашамай жасатып, баланы мінгізген.
Ашамайдың алдыңғы және артқы қасы, қос
қапталы болады.Ашамайда үзеңгінің орнын
қоржын тәрізді тоқылған немесе ақ
киізден басылған тепшік қолданылады.
Ер
- тұрман жасайтын адамды ерші
дейді.
Ершілер көбінесе ағаш ұсталығын, темір
ұсталығын, зергерлік өнер мен үйшілік,
тігіншілік, өрімшілік өнерін қатар
меңгерген әмбебап шебер болып келеді.
Ердің ағаштан жасалған негізгі бөлегін
сүйегі
деп
атайды. Ағаш тапшы жерлерде ердің сүйегін
бірнеше бөліктен қиюластырып, құрап,
желімдеп жасайды. Оны
"құранды ер"
- деп атайды. Сол сияқты жуан ағаш
дөңбекті екіге жарып, әр бөлігінен ер
сүйегін тұтас шауып шығуға да болады
«Құранды
ер» ер-тоқымының жасалуы
Құранды
ер жасауға қайың ағашының безі (беріші,
үйілі, көзі, оқырасы деп те атайды) өте
қолайлы. Өйткені ол өте берік, әрі жарылып
шытынамайды, қаңсымайды, өңделген кезде
ағаштың табиғи өрнектері ашыла түсіп,
өте әдемі болады.
Ер
сүйегін тұтас шабу үшін тал, киіз терек
тәрізді ағаштар қолайлы. Ағашты су
күйінде өңдеп, ер сүйегінің нобайын
келтіре, жеңілдете, жұқарта шабу жұмысында
желден ағаш тез кеуіп, жарылып кетуі
ықтимал.
Суға
тұзды мол салып, қаныққан ертінді жасап,
жұмыс істеуінде сол ертіндіге ер сүйегін
әлсін-әлсін малып отырса, ағаш жарылмайды.
Әзір болған ер сүйегін байырғы шеберлер
сиырдың жас жапасымен орап, күн, жел
тимейтін көлеңкеде бабымен
кептірген.
Ер
сүйегі кепті-ау деген кезде, сиыр
жапасынан тазартып, өңдеп қартауға
дайындайды. Ол үшін алдын-ала ірі қараның
терісін жылы суға бірнеше күн салып,
жүнін жібітіп түсіреді. Тері сәл дегдіген
соң қажет мөлшерден артықтау етіп кесіп
алынады. Содан кейін ердің сүйегін
шалқасынан аударып, оқпанынан бастап
екі жақ қапталдың қырына қарай тартып,
отырып, ұсақ шегелермен шегеленеді.
Шегеленіп болған соң қапталдың қырынан
артылып тұрған теріні екі жақ қапталы
шегеленеді, кейде кергіні өрнектеп те
шегелейді. Мойынды қаптамас бұрын
қанжығалық пен алдыңғы қолын қаптап
алып, соны бастырып мойны мен ердің басы
қапталады.
Ер—тұрманның
безендірілуіне байланысты жасаған
материалына байланысты атауларға
бөлінеді.
Мысалы:
күміс ер, алтын ер, лажылы ер т.с.с.
бағдарлы ер әйелдер мінетін ердің
алдыңғы қасына, айыл - тұрманның, қалишының
алақанына, салып салпимақшарына, асыл
тастан көз орнатып, зерлеп жасалады.
Ердің
үзеңгі бауы, қанжыға құйысқандығы(бүлдіргі)
болуға тиіс. Үзеңгі бау алдыңғы қастың
етегінен кейінірек қапталдан тесіледі.Ал
құйысқан байланатын бүлдіргі мен қанжыға
қапталдың артқы қанатынан тесіп
өткізіледі. Ер
тоқымның құрамына: терлік, киіз
тоқым,қайыстан өрілген
айыл-тартпа,үзеңгі,құйысқан, өмілдірік
және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының
бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны
толықтырып ер-тоқым атауына ие болады.
Ер-тоқымның
құрамы
Жалпы
ер-тұрманды атаулары бойынша былай
жіктеуге болады:
Ер –
ердің ағашы, сүйегі, қаңқасы ағаштан
жасалады.
Қас –
ердің алдыңғы және артқы шошайып тұратын
бөліктері. Қазақ ерлерінде алдыңғы қас
және артқы қас болады. Алдыңғы қас артқы
қасқа қарағанда биіктеу келеді.
Қаптал –
ат арқасына үйлесімді етіп жасалған
екі қисық ағаш. Ердің алды-артына
байланысты «қапталдың алды», «қапталдың
арты» болып бөлінеді.
Үзеңгілік –
үзеңгі бау өткізуге арналған екі
қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың
астыңғы шетін ала тесіледі.
Үзеңгі – атқа
міну үшін қолданылатын және аяқтың
талмауы үшін жасалған жабдық.
Ер-тоқым тұрманындағы
тоқымның өзі ерді жабдықтайтын бірнеше
бөлшектерден тұрады: тебінгі тоқым,
ішпек, ішкілік, терлік, өң және көпшік,
өткерме сияқты төсеніш жабдықтары
кіреді.
Тоқым – аттың
арқасына, ер батпас үшін салынатын
нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін
шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп
жасайды.
Ноқта –
атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық
және түпкілікті бағындыратын жүгенге
қарағанда құрылысы қарапайым жабдық
түрі.
Жүген –
атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның
ырқына көндіріуге арналған әбзел.
Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету
кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының
ең алғашқысы деп айтуға болады.
Жүген –
ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін,
шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі
сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын
жабдықтардан тұрады.
Тұрман –
аттың жабдығы, сонымен бірге, қазақта
әр аттың өзіне ғана арнап тұрман жасату
ертеден келе жатқан дәстүр.
Сағалдырық –
жүгеннің ат алқымы астынан орап тұратын
бауы. Сағалдырық жүгеннің ат басынан
сыпырылып түспеуі үшін қажет.
Өмілдірік –
ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды
жабдығы. Ер-тұрман жабдықтарының даму
эволюциясында құр тоқымды атқа бір
немесе екі айылмен тартып мінген заманда
өрге, тауға шыққанда тоқым ат арқасынан
кейін сырғымау,ерттеген жерінен қозғалмау
үшін істелген жабдық-құрал.
Құйысқан –
өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне
замандардан келе жатқан жабдығы. Салт
атты адам еңіске жүргенде, таудан
түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін
тағылатын тұрман.
IV.
Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау
керек.
Қайшыны
ашық тастама;
Қайшыны
жолдасыңа үшкір жағымен берме;
Жұмыс
соңында орныңды тазалап кету керек.
V.
Жаңа сабақты бекіту.
Ер-тоқым
жайлы мәлімет?
Ер-тоқымның
түрлерін атаңдар
«Құранды
ер» ер-тоқымының жасалуы жайында айтып
беріңдер
Ер-тоқымның
құрамын атаңдар
Қорытынды. Жоғарыдағыларды
ескере отырып мынадай қорытынды жасауға
болады.Халық қолөнерінің түп тамыры
халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық
дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар
бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен ұлттық қолөнер-ер жасауы бабалардан
қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды
қазынасының бірі. Ол жаңа заман
талаптарымен үндесе тарап, ақыл-ойды
асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі
мұра
Бағалау.
Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап,
баға қойып, жіберілген қателерін көрсетіп
ескерту.
Үйге
тапсырма беру.
Көрмеге бұйым дайындау. Тоқым
жасап келу