"Торғай мен түлкі "ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Торғай мен түлкі "ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Апта күндері___________
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Ертегілер елінде.
Тақырыбы: «Торғай мен түлкі» ертегісі
Мақсаты: Балаларды «Торғай мен түлкі» ертегісін айтып беру.. Үлкендердің сөзін тыңдай білуге, түсінуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға әдеттендіру. Сөздік қорын молайту, тілін дамыту. 
Көрнекіліктер: Торғай, түлкінің кейіпкерлері – үстел үсті театры. Үлестірмелі суреттер: қоян, аю.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, алтын күн,
Жаса, жаса, жарқын күн.

Шаттық шеңберін қайталап, тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық-
ізденушілік

-Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
«Торғай мен түлкі» ертегісі
Баяғыда торғай мен түлкі дос болыпты. Түлкі:
-Торғай бауырым, екеуміз бірлесіп егін ексек қайтеді?- депті. Сөйтіп екеуі егін егіпті. Егіндері жайқалып, жақсы шығыпты. Бір күні екендерін орып, жинап алу үшін екеуі таңсәріден тұрып егістікке келеді. Түлкі:
-Торғай бауырым, сен астықты ора бер. Мен сонау төбеге шығып, аспанды тіреп, ұстай тұрайын. Әйтпесе төбемізге құлап кетіп жүрер, - деп қорқытады. 
Жарайды, - дейді торғай егінді оруға кіріседі. Түлкі төбеге шығады. Аспанды ұстап тұрған секілденіп, алдыңғы екі аяғын жоғары көтеріп, шоңқиып отырып қалады. 
Торғай: - Түлкі, түлкі қане бері кел, енді астық басайық, - дейді.
-Торғай, мен тұра бермесем болмас. Аспан құлап кетіп, бидайымызды басып қалар. Астықты өзің баса берсеңші, - дейді түлкі.
Торғай астық басып, содан соң бидайды тазалап болып:
-Түлкі бері кел, бидайды бөлісіп алайық, - дейді.
Мұны естіген түлкі жетіп келеді. Ол келе шелекті алып:
-Міне саған бір шелек, ал маған екі шелек. Өйткені мен аспанды ұстап тұрдым емес пе? Бұл әлдеқайда ауыр жұмыс қой, - дейді.
Торғай үн қатпайды. Өз еншісіне тиген бидайды алады да, басы ауған жаққа кете барады. Жолда оған бір ит жолығып:
-Сен неге көңілсізсің? – деп сұрайды.
Торғай өзінің түлкіден көрген қорлығын айтып береді.
Қудың мына қулығына ызаланған ит: -Жүр мені, астық қоймасына ертіп апар, - дейді. Торғай итті түлкінің қоймасына алып келеді. Ит қоймаға кіріп, бидайға көміліп, түлкіні аңдып жатады. Келесі күні түлкі де келіп, диірменге тарттырып алмақ болып, бидайып қаптай бастайды. Бір кезде астық арасынан иттің құлағы көрінеді. Түлкі: «Мұны жеуге болатын нәрсе екен» деп ойлайды да, қауып кеп қалады. Осы кезде ит арс етіп шығып, түлкінің өзіне тап береді. Зәресі ұшқан түлкі әзер дегенде қашып құтылады. 
-Балалар біз бүгін «Торғай мен түлкі» ертегісімен таныстық. Ендеше ертегі кейіпкерлерін қайталап айтайық.
-Түл-кі
-Тор-ғай
-Балалар, білесіңдер ме, түлкі өте қу аң. Ал торғай момын, тез алданып қалатын






Балалар ертегіні тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Торғай мен түлкі ертегісі..

Нені игерді:Жаңа сөздердің мағынасын игеру.

Нені біледі:Ертегіні толық түсіну.

Тәрбиеші :Далабаева М .К.

Тексерген: Байсакалова Ш .Ж.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
2822
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі