Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Төрле, төрле Жаңа жыл (ертеңгілік)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Төрле, төрле Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шараның сценарийі
Жүргізуші
Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрле, төрле, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді Аудандық Оқушылар үйінің директоры ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
береміз.
Ән/Би: ..................................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші:
-Балалар, Жаңа жыл келіп жетті, қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Біз міне, ән айттық, би биледік бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, ортамызда кім жоқ?
-Кәне, бәріміз Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы: Аяз Ата! Ақшақар! Аяз Ата! Ақшақар! Аяз Ата! Ақшақар!
Аяз Ата:
Ау-у! Ке-ле жа-тыр-мын!
Бір жыл бұрын сендерге,
Келіп едік біз бірге.
Міне келдік тағы
Ән айтып, би билеуге.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймыз, Қуаныш, бақыт тілейміз!
Жүргізуші:
-Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз! Сіз де, Ақша қар! Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
-Қане, балалар, алыстан біздің өнерімізді тамашалауға келген Аяз ата мен Ақшақарға өнерімізді көрсетеміз ба?
Балалар:
-Әрине көрсетеміз.
Жүргізуші: Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жаңа жылды би билеп,
Әнмен қарсы алайық!
Ән/Би: .........................................................................................................................................
Жүргізуші:
-Аяз Ата, сен балаларға сыйлық әкелдің бе?
Аяз Ата: (жан-жағына қарап)
- Әрине! Бәріне сыйлық бар! Балалар, мен сендерге Жаңа жылдық керемет сыйлық беремін!
Аяз Ата:- 1,2,3
Қапшығымды ашайын,
Сыйлықтарын шашайын!
Жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
-
Ендеше балалардың сіздерге дайындаған ән мен би, және де басқа өнерлерін тамашалаңыздар
Ән/Би: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші:
Жаңа жыл қызығын тойлайық,
Қуаныш өзара сыйлайық.
Бұл залға жиналған барша жұрт
Би билеп, ән айтып, ойнайық!

Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш табыңдар.
Ешқашан да ауырмай,
Сабақты жақсы оқыңдар!

Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл
болсын!
(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)
Жүргізуші:
-Бұл сағаттың дауысы емеспе?
Аяз ата:
-Ия, дұрыс айтасың. Бұл сағаттың дауысы. Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
-Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп шығып кетеді.
Жүргізуші
Барлық жандар бір тілекке
қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа
жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт
достарым!...
Құрметті достар, қадірлі ұстаздар, қонақтар!
Жаңа жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін.
Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
Жүргізуші
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрле, төрле, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді Аудандық Оқушылар үйінің директоры .......................................................................................................................................................................................................................................................................... береміз.
Ән/Би: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл келіп жетті, қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Біз міне, ән айттық, би биледік бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, ортамызда кім жоқ? Кәне, бәріміз Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар хормен шақырады.
Музыка ойнайды. Аяз Ата мен Ақшақардың орнына Мыстан Кемпір келеді.
Мыстан кемпір: Неге сонша айғайлайсыңдар? – (шыршаға қарап) – Мынау не сорайып тұрған? (Шыршаны бұтақтарынан ұстайды).
Ой-ей-ей! Дәл мендей ұрысқақ, ашушаң екен!
(Назарын балаларға аударады).
О! Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын! Сәлем деп айтпадым ба? Айтпадым! Ал сендер ше! Айтқан жоқсыңдар! Қандай, тамаша! Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер! Менің алтындарым! Менің жақсыларым! Мына инеге толы жасыл сорайғанның жанына неге топталып алдыңдар?
Жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен, олардың қонақтармен амандасып ал!
Мыстан кемпір: Ешкімді көріп тұрған жоқпын!
Жүргізуші: Сен неге сондай әдепсізсің!
Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар! Не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсіңдер!
(Балалардың жанынан өтіп, олардың аяқтарын басқысы келеді).
Жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!
Мыстан кемпір: (қуанып) Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) Әнмен қарсыласыңдар ма?
Жүргізуші: Әнмен қарсы аламыз!
Мыстан кемпір: Бимен?
Жүргізуші: Бимен де!
Мыстан кемпір: Сыйлықпен? А-а-а, Жаңа жыл, сонда сыйлық алғыларың келеді екен ғой! Аяз Атаны тосып отырсыңдар! (тоқтайды). Бекер тосасыңдар! Сендер жыл сайын мендей жақсы, мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер (қуып жібересіңдер ме)?...
Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты (бермейсіңдер ме)? ...
Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарыңа әрі қарай шыдайды дейсіңдер ме? Жооооқ! Қазір бәрін сиқырлап тастаймын у – ух (басын қасып, ойланады). Шыдай алмай тұрмын, қалай сиқарлағанымды көрсеткім келеді. Кімді шақырсаңдар да, кімге шағымдансаңдар да өздерің біліңдер! Мен бәрі бір сиқарлауды тоқтатпаймын!
Жүргізуші: Солай де? Өте қызық .....
Мыстан кемпір: Ал, мен сиқырлауды бастаймын!
Шыршаның шамдарын жинайын,
Ойыншықтарын сындырайын.
Шырша шамын жанғызбай,
Сыйлықтарын ұрлайын!
Жүргізуші: Балалар, не істейміз? Бізге кім көмектеседі? Бізге кім көмектесетінің білетін сияқтымын. Бізге сиқыршы көмектеседі
Сиқыршы:
-Сәлем, балалар! Менің атым Сиқыршы. Жаңа жылдарың құтты болсын, сендерге шаттық тілеймін! Сендер неге көңілсіз отырсыңдар? Не болып қалды?
(Балалар болған жайды айтады).
.............................................
- Дұрыс, Жаңа жылды шыршаның жанында би билеп, ән айтып қарсы алу керек. Аяз атаны күту ол керемет қой! Қиындық болғанда мен әрдайым көмек беруге дайынмын.
Аяз Ата:
Ау-у! Ке-ле жа-тыр-мын!
Бір жыл бұрын сендерге,
Келіп едік біз бірге.
Міне келдік тағы
Ән айтып, би билеуге.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймыз, Қуаныш, бақыт тілейміз!
Аяз Ата: Балалар, не болды? Неге көңілсіз отырсыңдар? (Балалар не болғанын айтады).
Жүргізуші:
-Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
-Достар, қамықпаңдар, бұнын бәрін реттейміз. Бірақ сендер маған көмектесулерің керек. Көмектесесіңдер ме? Бәріміз бірге мына сиқырлы сөздерді айтайық:
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Жүргізуші:
-Қане, балалар, алыстан біздің өнерімізді тамашалауға келген Аяз ата мен Ақшақарға өнерімізді көрсетеміз ба?
Балалар:
-Әрине көрсетеміз.
Жүргізуші:
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жаңа жылды би билеп,
Әнмен қарсы алайық!
Ән/Би: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші:
-Аяз Ата, сен балаларға сыйлық әкелдің бе?
Аяз Ата: (жан-жағына қарап)
- Әрине! Бәріне сыйлық бар! Балалар, мен сендерге Жаңа жылдық керемет сыйлық беремін! Немерем маған көмек береғой қапшығымды сыртта шанамда тастап кетіп едім маған немерелерім әкеліп беріңдерші.
Аяз Ата:- 1,2,3,4,5, Қапшығымды ашайын, Сыйлықтарын шашайын!
(Қапшықтың ішінен: Гав-гав-гав!!!)
Аяз Ата: Ой, қапшық үреді?! (Қапшықтың ішінен ит шығады)
Ақшақар: Ой, мұнда ит отыр ғой!
Ит:
Жаңа жылдың иесі,
Ит жылы мен болам,
Қызық үшін тығылып
Қапқа келіп отырғам.
Алтын жібім бар менің,
Түзу жолға бастаған.
Қаптың қайда екенін
Басқа ешкім таппаған.
Аяз Ата: Жібім, жібім жүр ұзақ,
Сиқыр жаса, сен бірақ!
Қаптың қайда тұрғанын
Бізге нұсқа жақсылап! (Жіпті домалатып жіберіп, қапшықты алып шығады)
Аяз Ата: Алтын жібім жарадың, Сыйлыққа дәл апардың! (Сыйлықтарды тарату)
Таяғым кәне, көмектес!
Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл
болсын!
Жаңа келген ит жылына байланысты ән-шашу
Ән/Би: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші:
Жаңа жыл қызығын тойлайық,
Қуаныш өзара сыйлайық.
Бұл залға жиналған барша жұрт
Би билеп, ән айтып, ойнайық!
Ән/Би: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Жүргізуші
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш табыңдар.
Ешқашан да ауырмай,
Сабақты жақсы оқыңдар!
(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)
Жүргізуші:
-Бұл сағаттың дауысы емеспе?
Аяз ата:
-Ия, дұрыс айтасың. Бұл сағаттың дауысы. Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
-Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.
Жүргізуші: Құрметті достар, қадірлі ұстаздар, қонақтар!
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!