Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген
залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен
тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай
жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл!» (жаңа жылда
сол рас па?)
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынын екі
қоян шағады да:
1-қоян:
Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
2-қоян:
Жаңа жылдық мерекеге
Біз де келдік орманнан
Сендерменен ойнап –күліп
Көп қызыққа батуға.
Секіріп билеп жүрген
екі қоянның алдынан аю
шығады.
Қояндар: Амансыз ба, аю
паң!
Аю: Жаңа жылдың
алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Кел достарым билейік,
Түрлі қызық көрейік.
Түлкі келеді:
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Аю,
қоян: Рахмет,
түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Екі тиін
келеді:
1-Тиін:
Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салындар
2-тиін:
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Арыстан:
Аң патшасы арыстанмын
Жанжал-дауды мен басамын.
Жаңа жылдық мерекеде
Ән мен биден қалыспаймын.
Қасқыр:
Армысыңдар ағайын!
Қәне құшақ ашайық,
Жаңа жылың құтты болсын !
Достығымыз мықты болсын!
«Орман аңдарының биі»
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар!
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: қыста
Сақалы ақ бір атай
Жаңа жылда келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
Ол кім балалар?
Балалар: Аяз
Ата.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Ендеше
жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырмаймыз ба? Ол орманда адасып
жүрген болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! –
деп айғайлап шақырады.
(Мазасыз әуен ойнайды)
Қар Ханшасы
кіреді: Балалардың көңілді
болғанын ұнатпаймын. Бұл не қылған ән? Не қылған күлкі? Мен
сендерге әлі көрсетемін.
Тәрбиеші: Балалар, қар қаншасы
не деп кетті. Бұл жерге қайдан келді? Енді не
істейміз?
1-
бала: Біз одан қорықпаймыз.
Сенің даусың қорқынышты емес!
2-
бала: Біз сенен қорықпаймыз.
Біз қар атысып ойнаймыз.
Ойын: «Қар
атысу» (Орындықтардың астынан
қар алып, лақтыру)
Қар
Ханшасы: Ах, солай ма, жаман
қыздар мен ұлдар! Күліңдер, көңілденіңдер. Ал мен сендердің
шыршаларыңды алып кетемін.
Ойланып: Бірақ, мына шырша
үлкен. Мен оны қалай алып кетемін?!
Сол кезде шыршадағы
жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық
кілт өзі, (қолына алып) Өзі сондай жылтыр, әдемі. Мен оны алып
кетейін. (кетіп қалады)
Тәрбиеші: Балалар, мына Қар
ханшасы әйтеуір ешкімге тиіспей кетіп қалды ма? Қәне тойды
жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.
Әнімізді шыркап, атамызды шақырайықшы!
«Аяз ата әні» (жаңа жылда барлық
үйге)
Есіктің сыртынан қоңыраудың үні
естіледі.
Тәрбиеші: (сылдырмақтың дыбысы
шығады) Балалар, мынау ненің дыбысы? Бізге тағы да біреу асығып
келе жатқан сияқты.
Залға әуенмен сайқымазақ жүгіріп
келеді. Секіріп билейді.
Сайқымазақ: Ой, қандай әдемі
шырша?!
Жасыл желек жамылған.
Асыл моншақ тағылған
Қандай әсем шыршаңыз
Көптен күтіп сағынған
Сәләматсыңдар ма,
балалар! (Балалармен қол алысып, мұрынынан тартып амандасады) Мен
көңілді сайқымазақпын. Үнемі көңілді жүремін. Сендер жаңа жылда ән
салып, би билемейсіңдер ме? Сендер неғып
отырсыңдар?
Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ,
біздің көңілді сайқымазақтармен бірге би билеп
берші.
Сайқымазақ: Келіңдер билейік. Мен
би билегенді өте ұнатамын. Менің кішкене сайқымазақтарым
қайда?
Би: «Көңілді
сайқымазақтар»
(ұлдар қолдарына сылдырмақтар алып
билейді)
Сайқымазақ: Балалар, билерің де
әдемі, өздерің де әдемі екенсіңдер. Жарайсыңдар
балалар.
Аяз ата мен ақшақар да таяп қалған шығар.
Қане, бәріміз дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата,
Ақшақар,- деп дауыстайды.
Аяз
ата: Келе жатырмын, келе
жатырмын.
Аяулы аналарға, ардақты
ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар орындарынан тұрып қол
шапалақтайды.)
Аяз-ата: Рахмет,
балаларым!
Ақшақар: Қараңдаршы балалардың
киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым
сұлуланып кетіпті. Ендеше, Жаңа жыл тойын
тойлайық!
Тәрбиеші: Ақшақар, біздің
шыршамыздың шамы жанбай тұр. Сен бізге шырша шамын жағып бересің
бе?
Ақшақар: Балалар шырша шамын
бәріміз бірге жағайық:
Бір, еі, үш
Шырша жарқырай
түс. (таяғын
сермейді)
Шырша шамы жанып,
балалар қол шапалақтайды.
Аяз -
Ата: Ой! Бәрекелді,
жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып,
тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің
балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз -
Ата: Әрине, барлық сыйлық
мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар
иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап
тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз-
Ата: Иә,сол кілт
шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті
мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі
келген.
Аяз-
Ата: Қап, әттеген-ай!
Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан
кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым,
сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш
оны артқа қарай итереді)
Аяз-
Ата: Мына ұрлықшы мұнда
жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn
қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді.
Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса
өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына
Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып
қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі
жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың
кілттін?
Мыстан: Жоқ,
бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра
бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата!
Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді
орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына
келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: Жарайсьңдар,балалар,
жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым!
Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес
пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға
шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,
балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ
болсын!
Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!