жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Төрт ана"
Тақырыбы: Қасиетті төрт ана-тағдырыңның тынысы
Мақсаты:
Оқушылар өз жері мен елінің тарихын, салт-дәстүрін, тілін, ауыл тарихын білу, әдет-ғұрып пен салт-санасын қастерлеуге үйрену және білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, киіз үй, шаңырақ, шарлар, ленталар.
Нақыл сөздер.
1.Туған ел-Қыдырың.
2.Тіл –халықтың тарихы.
3.Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы-ой.
4.Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы , салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
5.Туған жері-түп қазығы, айбынды,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр- салт-санасы, тірегі:
Қадамына шуақ шашар үнемі.
6.Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
7.Туған жерде жаралдым,
Туған жерден нәр алдым.
Туған жерге әрқашан,
Бар бақытты арнадым
8.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
9.Ауыл –қазақтың ақ бесігі.
10.Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
11.Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
(Н.Назарбаев)
12.Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
13.Ауыл –ұлттық тәрбиенің ошағы.
14.Ауылында қарияң болса,жазып қойған хаттайын»
15.Ауыл –елдің кешегісі,бүгіні,ертеңі.
Ауыл-тарихтың түп тамыры.
Ауыл-елдіктің,ерліктің өшпес алауы.
Ауыл –қасиетті топырақтың,кәусар
судың,саф ауаның ортасы
Бабалар өсиеті мен аналар
Тағылымының ақ ордасы.
Сайыс сабағының барысы:
Өз талантын алыс-жақынға түгел танытқан беделді де белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты, Қазақстанның Қырғызстандағы өкілетті елшісі де болған Мұқтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен байланыстырылып өтеді.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқадан
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбынды,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр- салт-санасы, тірегі;
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр және қасіретті болса да,
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы.
Бұл төрт анамызды сақтау үшін мықты ел басшысы, ержүрек батырлары, дарынды
саясаткер елшілері, ақылшысы болу керек. Сондықтан, біз бүгін өз білімдерімізді шыңдай
түсуіміз керек.Оны ойын түрінде қайталап еске түсіретін боламыз.
Сайыс сабағы қайнар, бастау, бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхит деген бөлімдермен өтеді. Алдымен оқушылардан бұл сөздерді қай сабақпен байланысты екені анықталады, сөздердің мағынасы нені білдіреді- ортақ мағынасы су екені тұжырымдалады.
Адам өміріне таза, мөлдір су қандай керек болса, адамға таза, терең, нақты білім де сондай керек. «Білімсіздің күні қараң»- дегендей, енді, балалар, өз білімімізді осы мөлдір сулармен теңестіріп көрейік.Бұл сөздер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
1.Су анасы –бұлақ, сөз иесі- құлақ. 2.Дария жанынан құдық қазба.
3.Су ішкен құдығыңа түкірме. 4.Ақыл- дария, ой-теңіз.
5.Судың да сұрауы бар.
Сайыс сабағының жоспары: Оқушылар үш топқа бөлінеді.Әр топ өз орындарына жайғасады.
«Мұрагер» тобы.Ұраны: «Өткенді бағаламай, болашақты қадірлей алмайсың».
«Жұлдыз» тобы. Ұраны: «Жұлдыз болып жанамыз, оқып білім аламыз».
«Білім» тобы. Ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».
1.Бұлақ сайысы. Слайд
«Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой санағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған».
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
«Мұрагер» тобына 1.Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр қалай аталады? Ж:Шашу.
2.Қуанышты хабар жеткізуші адам қандай сөздерді айтады? Ж:Сүйінші, сүйінші.
3.Ыдысқа қырық қасық су құйып, шомылдыру, сәбидің қарын шашын алу дәстүрі қалай аталады? Ж:Қырқынан шығару
«Жұлдыз» тобына
1.Қаз-қаз балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам! — Қай рәсімге қатысты? Ж:Тұсау кесер
2.Алас.алас аласы
Келді міне, баласы.
Ұйықтап дем аласың,
Құнап оянсын! Қай рәсімге қатысты? Ж:Бесікке бөлеу
3.Балалардың,жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый қалай аталады? Ж:Байғазы
«Білім» тобына
1.Тойды өлеңмен бастау қалай аталады? Ж:Тойбастар
2.Келін келді,көріңіз,
Көрімдігін беріңіз,
Анау-мынау демеңіз
Түсін айтып қойыңыз,-қай рәсімге қатысты?
Ж:Беташар 3.Алыс сапарға,саяхатқа,сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне,көрші-көлемдеріне,сыйлас адамдарына,жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.Ол қалай аталады? Ж:Базарлық
ІІ.Өзен сайысы. Слайд
Ана тілің -арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте!
Тілге байланысты сұрақтар.
«Мұрагер» тобына
1.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? Олар қандай дыбыстар? Ж: 9 (ә,ү,і,ө,ұ,ң,ғ,қ,һ)
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды? Ж:1989 жыл. 3.Үш тілділік оқыту жүйесіне қай тілдер кіреді? Ж: қазақ, орыс, ағылшын
«Жұлдыз» тобына
1.Қазақ әліпбиінің авторын ата. Ж: А.Байтұрсынов 2.Тіл мерекесін қашан тойлаймыз? Ж: 22-қыркүйекте 3.Тіл туралы бір мақал айт. Тіл –халықтың тарихы.
«Білім» тобына
1.Сөйлем неден құралады? Ж: сөздерден 2.Мұғалім сөзін үш тілде айт Ж: мұғалім, учитель, teacher 3.Дыбысты немен таңбалаймыз? Ж: Әріп
ІІІ. Көл сайысы. Слайд
Ауылымның өткен өмір іздері.
Арттағыға өнеге болған істері.
Кейінгі ұрпақ біліп өссін, айтыңдар,
Қадірлесін туған елін, біздерді.
Ауылға, ауыл адамдарына қатысты сұрақтар.
«Мұрагер» тобына
1.Благовещенко колхозы қашан құрылды?
2.Аулымыздағы мәдениет үиі қай көшеде орналасқан? Ж: Октябрь
3. Туған жер туралы бір мақал айт.
«Жұлдыз» тобына
1.Аулымыздағы,яғни біз оқып жатқан мектеп қай жылы құрылған? Ж. 1965 ж
2.Казіргі кезде біздің аулымызды кім басқарады?Ж: Варшакидзе Омирали Пашалиевич
3.Биз қай облыс,қай аудан, қай ауылда тұрамыз? Ж: Жамбыл,Қордай, Қайнар
«Білім» тобына 1. Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? Ж:
2.Ауыл емханасы қай көшеде орналасқан? Ж: Парк көшесінде
3.Ауылымызда қанша ұлт өкілдері тұрады? Ж: Шамамен 15-тей
ІV.Теңіз сайысы. Слайд
Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
Тарихи тұлғалар туралы сұрақтар.
«Мұрагер» тобына
1.Дина Нұрпейісоваға домбырасын ұстатқан күйші кім? Ж:Күй алыбы-Құрманғазы.
2.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? Ж:1941-1945 ж
3. Қазақ ханы, батыл қолбасшы, 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен кім? Ж:Абылай хан (1711-1781жж)
«Жұлдыз» тобына
1.Қазақстан халқы қай жылдары ашаршылық жылдарды басынан өткізді? Ж: 1930-1932
2.Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық қорғаны болған батырларды ата. Ж: Қаракерей Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Ағыбай,махамбет,Жақия,Исатай. 3. .Құмай тазысынан, қыран құсынан, сүйген жарынан, тұлпар атынан айырылып өмірден баз кешкен ақын, әнші-сазгер кім? Ж: Ақан сері Қорамсаұлы.
«Білім» тобына 1. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан және «Қазақ хрестоматиясының » авторы кім? Ж:Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жылдар)
2. Спорт әлемінде дүниежүзілік даңққа бөленген тұңғыш қазақ кім?
Ж:Қажымұқан Мұңайтпасов (1883-1948 жылдар)
3.Ұлы отан соғысының батырларын ата. Ж:Бауыржан,Әлия, Мәншүк,Рахымжан
V.Мұхит сайысы. Топ басшылар сайысы
Тәуелсіздік-көтерген азат туым,
Есте сақтар елінің азат мұңын.
Өшкені жанып,өлгені тірілгендей,
Еркіндікпен бақытты қазақ бүгін. Тәуелсіздікке қатысты сұрақтар.
«Мұрагер» тобына
1.ҚР қай жылы тәуелсіздік алды? Ж: 1991 жылы
2.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? Ж: Ту, Елтаңба,Әнұран.
3.ҚР бірінші ғарышкері кім? Ж: Тоқтар Әубәкіров 1991 жыл 2 қазан
«Жұлдыз» тобына
1.Қазақстанның Президенті тұңғыш рет қай жылы сайланды? Ж:991 жыл 1желтоқсан
3.Қазақстан дүниежүзінде көлемі жағынан нешінші орында? Ж: 9
3. Тудың авторы кім? Ж:Шәкен Ниязбеков
«Білім» тобына
1.Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл толды?
2.ҚР неше мемлекетпен шекаралас? Ж:5 Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан
3. .ҚР ұлттық валютасы қандай және қашан айналысқа шықты?
Ж: Теңге 1993 жылы 15 қарашада айналысқа шықты.
Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша
оқушылар мына парақтарға «Бүгінгі сабақ бізге не берді?» деген
сұрақ бойынша ой толғаныс
жазыңдар.
Тілім барда қазағым бар, халқым
бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым
бар.
Кең даладай жиналмаған
шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар
аңқылдақ
демекші өз тарихымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап, тілімізді құрметтеп, ата-бабамыз қызғыштай қорғаған жерін қорғау келешек ұрпақ сендердің қолдарыңда.Білімдеріңді шыңдай беріңдер деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
1.Благовещенко колхозы қашан құрылды?
2.Ең алғаш колхозды кім басқарды?
3.Ұлы Отан соғысы басталғанда шағын ауылдан қанша адам Отан қорғауға аттанды?
4.Ауылымыздағы «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталғандар кімдер?
5.Қайнар ауылында орналасқан мектеп ғимараты қай жылы салынды?
6.Қазір Қайнар ауылын кім басқарады?
7.Ауылымыздың ең қарт тұрғынын атаңдар.
8.Ауылымыздың батыр аналарын атаңдар.
9.Қайнар ауылында қанша Ұлт өкілдері тұрады?
1.Благовещенко колхозы қашан құрылды?
2.Ең алғаш колхозды кім басқарды?
3.Ұлы Отан соғысы басталғанда шағын ауылдан қанша адам Отан қорғауға аттанды?
4.Ауылымыздағы «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталғандар кімдер?
5.Қайнар ауылында орналасқан мектеп ғимараты қай жылы салынды?
6.Қазір Қайнар ауылын кім басқарады?
7.Ауылымыздың ең қарт тұрғынын атаңдар.
8.Ауылымыздың батыр аналарын атаңдар.
9.Қайнар ауылында қанша Ұлт өкілдері тұрады?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген