Төрт түлігім – ырысым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төрт түлігім – ырысым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім:-Қазақ халқы ерте уақыттан мал шаруашылығымен айналысқан Халық. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы ем, әрі жек-жат жұртымен жасайтын алыс берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбат дүние болғаны белгілі. Халық бірін-бірі көргенде «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Яғни қазақ халқының өмірі, салт-дәстүрі осы төрт-түлікпен тығыз байланыста болған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т ә р б и е с а ғ а т ы

Тақырыбы: Төрт түлігім – ырысым.

Мақсаты: Үй жануарларын таныстырып, төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Балаларға жануарларды күтіп бағуға сүйіспеншілігін ояту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Аңдар, үй жануарлары мен төлдердің суреттері, ұршық пен мал жүні, тоқылған киімдер (шұлық, жеңсіз) , айран, құрт, ірімшік, бренза, балқаймақ, шұбат, қымыз, май, арқан, тарақ, киіз, көрпе.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Табиғаттағы тірі денелерді атайық

-Қандай жануарларды білеміз?

-Мына жануарларды қалай атаймыз?

-Жабайы аңдар.

- Мына жануарларды қалай атаймыз?

-Үй жануарлары, яғни төрт түлік мал дейміз.

-Олай болса, балалар, бүгін біз төрт түлік малдар және төлдері туралы айтатын боламыз. Малдардың пірлерімен, олардан алынатын өнімдермен танысамыз.Төрт түліктер туралы өлеңдер айтып, жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдер айтамыз.

Мұғалім:-Қазақ халқы ерте уақыттан мал шаруашылығымен айналысқан Халық. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы ем, әрі жек-жат жұртымен жасайтын алыс берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбат дүние болғаны белгілі. Халық бірін-бірі көргенде «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Яғни қазақ халқының өмірі, салт-дәстүрі осы төрт-түлікпен тығыз байланыста болған.

Жұмбақ айту: Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Бұл қандай жануар? (Түйе)

-Олай болса, «Төрт түліктің төресі- түйе» туралы не білеміз?

Арайлым: Түйе-түлік басы. Түйе- көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен

Шұбат, балқаймақ, құрт дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды, көрпе

тігеді

Қожакелді: Түйе – байлық, салтанат

Түйе атасы - Ойсылқара.

Екі көзі танадай

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап

Енесіне қарамай

Ойсылқара баласы

Ботақаным қайдасың?

Көс, көс.

Рамазан:Түйе төлі ботақан

Мөлдіреп көзі ойнаған.

Ең зор түлік түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң, сүтім- шұбат

Дертке дауа, жанға қуат.

Ақбота: Шөлді жайлап, қыстаған,

Жалпақ табан, күс табан.

Ырысы бар адамның,

Ойсыл қара ұстаған.

Біздің байтақ өлкені,

Әрлі-берлі ең кемі

Бір айналып жүзетін

Ол адамның желкені.

Мұғалім:

-Өте жақсы.Түйе атасын қалай атаймыз?

-Түйе төлін қалай атаймыз?

Түйені қалай шақырамыз?

Түйе қалай дыбыстайды?

-Түйе сүтінен не дайындайды?

-Төрт түлік малдың ішінде ең қасиеттісі түйе болып есептеледі. Ол қырық күн шөлге шыдайды. Жүк артса- көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған.

Мұғалім жұмбақ жасырады:

1. Көкке шаншып құйрығын, 2. Қамыс құлақ

Шауып келеді жүйрігім. Тостаған тұяқ

Бұл қандай жануар? Мінсең - қанат

Сүті – дәрі,

Еті - тамақ (жылқы)

Мұғалім: « Жылқы – ер қанаты» Жылқы туралы не білеміз?

Рамазан: Жылқы – төрт түліктің бірі. Саусаң – қымызы сусын, мінсең көлік.Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Расул: Жылқы – сәндік, мақтан.

Жылқы атасы – Қамбарата

Әжем жиі сауады

Боз биені баяғы

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.

Құлыны да тояды,

Сабамыз да толады.

Қанады әбден қымызға

Біздің үйдің қонағы.

Асылбек: Құлдыр-құлдыр құлыншақ,

Жібек жалды құлыншақ.

Жүйріктігі құйындай

Құлыншақты мінде шап

Құлыншағым - құндызым

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Нұрай: Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбар ата өсірген,

Құлыным менің, қайдасың?

Құрау, құрау!

Күмбірлеген әні бар,

Желкілдеген жалы бар.

Желкілдейді жүйрігім,

Желмен шапқан жануар.

Жылқы төлі – құлыншақ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.

Мұғалім:

-Өте жақсы. Жылқы атасын қалай атаймыз?

- Жылқы төлін қалай атаймыз?

- Жылқыны қалай шақырады?

- Жылқы қалай кісінейді?

- Жылқының сүтіне не дайындайды?

Мұғалім: Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Жылқы - жүйрік жануар, көлік ретінде мінген. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар, оны үлкен ас тойларда жарысқа салып, бәйгеге қосқан. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған.

Жұмбақ: Айран берген, құрт берген,

Шелек-шелек сүт берген,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр)

-Олай болса, сиыр туралы не білеміз?

Назерке: Сиыр – ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды, етін азық етеді. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

Мейіржан: Сиыр - қанағат, ақтық

Сиыр атасы - Зеңгібаба.

Мінезі жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал

Етім – дәмді, сүтім – бал

Айтолқын: Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө - мө» деп сүт сұрайды.

Ақ бұзауды бағамын,

Апамнан алғыс аламын.

Келеді өсіп күн санап,

Қоямын ба тұмшалап.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

Нұржанат: Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған.

Зеңгібаба өсірген,

Әукешім менің, қайдасың?

Аухау, аухау !

Айша: Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізіңнің сүйірін!

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің.

Мұғалім:

-Өте жақсы. Сиыр атасын қалай атаймыз?

- Сиыр төлін қалай атаймыз?

- Сиырды қалай шақырады?

- Сиыр қалай мөңірейді?

- Сиырдың сүтіне не дайындайды?

Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Бұл қандай жануар?

Мұғалім: «Қой – төрт түліктің момыны» Қой туралы не білеміз?

Самал: Қой – төрт түліктің ұсағы. Терісінен тон тігеді, Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою болады.

Ақбота: Қой – қазына, мырзалық,

Қой атасы - Шопаната

Кішкене , момақан,

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

Замира: Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопаната түлегі,

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт !

Рамазан; «Мәә - мәә» деген әні бар

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

Жайылады аңғарда,

Маңырайды албарда.

Тістемейтін, теппейтін.

Қойдан момын мал бар ма?

Мұғалім:

-Өте жақсы. Қой атасын қалай атаймыз?

- Қойдың төлін қалай атаймыз?

- Қойды қалай шақырады?

- Қой қалай маңырайды?

- Қойдың сүтіне не дайындайды?

-Қой жүнінен не жасалады?

- Жіп иіріп, киім тоқылады. Киіз басады, терісінен тон тігеді.

Мұғалім: Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта - ықыласы мол – ақ. Қой майда , әрі өсімтал, момақан.

Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істек

Өзіне лайықтап киім пішкен

Секіріп-секіріп түскен

Бұл қай жануар ? (ешкі)

Мұғалім :

-«Ешкі – өсімтал мал» Ешкі туралы не білеміз ?

Ақбаян: Ешкі маған түбітін берді,-

Қолғап кидім.

Қой маған жүнін берді,-

Қалпақ кидім.

Нұрай: Ешкі төлі – лақ,

Тыныш тұрмайды ол бірақ

Шөре-шөре , лағым,

Тентек болма , шырағым.

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Ешкі иесі – Сексеката.

Ақтоты: Жауын жауса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың ?

Шөре, шөре !

Ешкі деген жануар

Лақ кезден шынығар.

Жапырағы жайқалған,

Ағаш көрсе жыны бар.

Мұғалім:

-Өте жақсы. Ешкі иесін қалай атаймыз?

- Ешкі төлін қалай атаймыз?

- Ешкіні қалай шақырады?

- Ешкі қалай маңырайды?

-Ешкі жүнінен не тоқылады?

Мұғалім:

-Дұрыс айтасыңдар. Ешкі өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.

Мұғалім:

-Балалар, төрт түлік мал туралы қандай тыйым сөздер білеміз?

Мейіржан: Малды теппе, ақты төкпе.

Меруерт: Малды басынан ұрма.

Арайлым: Малға теріс мінбе.



Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер



Ақбота: Сиырдың сүті тілінде.

Расул: Сиыр сауған шөлдемес.

Рамазан: Ат-адамның қанаты.

Қожакелді: Аттың көркі

Құйрық-жалы, құлағы.

Таудың көркі

Тасы менен бұлағы.

Арайлым Түйе атасы - нар,

Ағаш атасы – шынар.

Қамажай: Қойдың сүті - қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

Назерке: Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

Қорытындылау.

Ойын: «Төлдері қайда?»

Мұғалім: Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылыққа қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиырдың мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған киімдер , көрпе аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасында қайнатып емге пайдаланған.Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай құнды мал болғандықтан ,қазақтар өз перзенттерін де «құлыным » , «қозым», «қошақаным», «ботам» деп айналып, еркелетіп отырған.

Хор «Қошақаным»

Сабақты аяқтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі