Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төрт түлік

Материал туралы қысқаша түсінік
2017-2018 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Мектеп: № 10 ОМ

Күні: 20.11.2017жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Қуландиева Б.Қ.

Сынып: 5 «Г»


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай,одағай сөздерді еркін қолданып,диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыпты болжайды, тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Одағай сөздерді еркін қолданады, диалогке даярлықсыз түседі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Жарнама мәтінін құрастырады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастырады

Одағай сөздерді еркін қолданып,диалогке даярлықсыз қатысады,өз пікірін білдіреді

Жанрлық ерекшеліктерге сәйкес жарнама құрастырып жазады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шақыру одағайлары еске түсіріледі (әукім-әукім, -шөре-шөре, моһ-моһ, -қырау-қырау....)

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: сүт өнімдері, емдік қасиеті, дәруменге бай,

Талқылауға арналған сұрақтар:

Төрт түліктің пайдасы қандай? Қандай тағамдар әзірленеді? Қазіргі таңда неліктен төрт түлік өнімдеріне сұраныс жоғары?







Алдыңғы оқу:

«Жазда ауылға барғанда» тақырыбына шолу. «Ыстық орындық» Оқушылар алдыңғы сабақтың мазмұнын еске түсіріп, өз көзқарасын білдіруге дағдыланды. Төрт түлік туралы түсінік алды.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


ресурстар


Сабақтың басы








Шаттық шеңбері. Сыныпта жағымды ахуал туғызу.

«Ыстық орындық» Алдыңғы оқуға шолу

Төрт түліктің түрлеріне қатысты тірек сөздер тәсілі арқылы топқа бөлу

І топ «Ойсылқара» (түйе, бота, тайлақ, інген, нар, бура, атан)

ІІ топ «Шопан ата» (Қой, қозы, тұсақ, саулық, қошқар,)

ІІІ топ «Қамбар ата» (құлын, тай, бесті, дөнен, бие, айғыр,)

ІҮ топ «Зеңгібаба» (бұзау, баспақ,қашар, тайөгіз, бұқа)




Интербелсенді тақтадан ауыл, жайылып жүрген мал суреттері

Көрсетіледі


Сабақтың ортасы



















Тыңдалым алдындағы тапсырма: Иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Балалар, сіздер дұрыс болжадыңыздар.

-Осы суретке қарап, бүгінгі топқа бөліну тәсіліне қарап бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыздар?

-Ия, дұрыс айтасыздар. Сабақтың тақырыбы «Төрт түлік»

Төрт түліктің пайдасы қандай? Қандай тағамдар әзірленеді? Қазіргі таңда неліктен төрт түлік өнімдеріне сұраныс жоғары?

Жылқы - малдың патшасы.

Ат-ердің қанаты.


Тыңдалым және айтылым тапсырмасы

Үнтаспадан мәтін тыңдайды.

Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Топта мәтіннің мазмұнын талқылаңдар

Мал бағуды кәсіп еткен қазақ халқы қой,сиыр, жылқы мен түйені төрт түлік деп атайды. Кисе киім, мінсе ат, ішсе сусын, жесе тамақ болған төрт түлікті халқымыз қымбат бағалайды.. Әсіресе, жылқы мен түйені киелі мал деп есептейді. Себебі жылқы - аса жершіл және иесін жауға тастамайтын адал жануар. Тағы бір ерекшелігі жылқы күй таңдамайды. Қыстың қақаған аязында қар астынан азығын өзі тауып жеп жүре береді. Ал түйенің ботасын жоқтағанда адамша егілетіні жайында аңыздар көп. Сонымен қатар, түйе -шөлге өте шыдамды мал. Ол апта бойы су ішпей жүре алады.

Т. Ширату жаттығуы жүргізіледі

І топ. Мәтін мазмұнын 5 сөйлеммен түсіндір.

ІІ топ. Мәтінді күрделендір. Одағай сөздерді қолдану арқылы

ІІІ топ Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр

ІҮ топ Мәтін бойынша қарапайым жоспар құр.

«Қ.Б» Кері байланыс

Топтар бір-біріне кері байланыс беріп, бағалайды.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма . Ж.«Маңыздылық аймағы» Бүгінгі тақырыпқа қатысты, өз пікірін батыл айту.

Жазылым алдында оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша ойларын жүйелеу мақсатында ұсынамын.

Т. Жазылым тапсырмасы

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, әр топ төрт түлік өнімін насихаттайтын жарнама мәтінін құрастырады.

І «Ойсылқара» тобы шұбатты жарнамалайды.

ІІ «Шопан ата» тобы қой өнімдерін насихаттайды

ІІІ «Қамбар ата» тобы жылқы өнімдерін, қымыз, қазы-қарта, жал-жая жарнамалайды

ІҮ «Зеңгібаба» тобы сиырдан алынатын өнімдерді жарнамалайды.

Қажетті сөз тіркестері: емдік қасиетке ие, дәрумендерге бай, табиғи өнімдер, қоспасы жоқ.

Дескриптор

Жарнаманы рәсімделуіне сай құрастырады.

Сөз тіркестерін орынды қолданады.

Төрт түлік өнімдерін насихаттайды.

Қ.Б. Өзін-өзі бағалау



АКТ-ны қолдану. Үнтаспа





Рухани құндылықтар

сөз болады



















Одағай түрлері еске түсіріледі










Тақтадан мал өнімдерінің суреті көрсетіліп тұрады


Есте сақтаңдар!

Жарнама-тауарға сұранысты арттыру мақсатында таратылатын хабарлама. Жарнама теледидарда, газетте, ғаламторда және көшедегі плакаттар арқылы таратылады

Сабақтың соңы


мин

Оқушы рефлексиясы:

Мен білген бір нәрсе...

Мен білмейтін екі нәрсе...

Мен біліп кеткен үш нәрсе...



Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушыларды төрт түліктің түрлеріне қатысты тірек сөздер тәсілі арқылы топтастырамын.

Жарнама жасау үлгісін ұсынамын. Қолданылатын тірек сөздерді үлестіремін. (Қажетті сөз тіркестері: емдік қасиетке ие, дәрумендерге бай, табиғи өнімдер, қоспасы жоқ)


Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Ширату жаттығулары кезіндегі топтық жұмысты кері байланыспен, жұптық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен, жазылым кезінде өзін –өзі бағалау әдісі және мұғалім тарапынан бағалау әдісін қолданамын., сабақ соңында оқушы рефлексиясын «Бес бармақ » әдісімен жүргіземін.

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Бейнелеу өнерімен байланыс болады

Интербелсенді тақтаны пайдаланамын


Түрлі дереккөздермен жұмыс жасау, слайд,

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Алынған тапсырмалар оқу мақсатына сай келді. Әріптестер тарапынан бағалауға ұсыныстар болды. Жазылым тапсырмасына бағалау критерийлерін енгізді ескертті. Ұсыныстарын қабылдап, жоспарыма өзгерту енгіздім.

Әріптестерім жазылым тапсырмасын жоғары бағалады.























Қорытынды бағалау


Сәтті


1

2.


Сәтсіз

1.

2.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12