|
Мектеп: №113
Әл-Фараби атындағы жом
|
|
9-тарау. Төрт түлік мал мен
егіншілік-ел
берекесі.
Сабақ
тақырыбы: 7-8 сабақ.Төрт түліктің
пайдасы
|
|
Күні
|
Мұғалімнің
есімі
Юлдашева
Н
|
|
Сынып: 7
«Б»
|
Қатысқандар саны:
14
|
Қатыспағандар
саны
|
|
Сабаққа
негізделген оқу мақсаты
|
7.1.2.1- тыңдалған мәтіннің
негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін
анықтау;
7.5.1.7- септеулік шылаулардың
қызметін білу, ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды
қолдану;
|
|
Сабақ
мақсаттары:
|
Барлық
оқушылар:тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеотырып, ақпараттың өзектілігін анықтайды, септеулік шылау
қызметін біледі;
Оқушылардың басым
бөлігі:тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді, тақырыптың өзектілігін талқылайды. Септеулік шылау
түрлерін ашып көрсетеді;
Кейбір
оқушылар:тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді,тақырыптың өзектілігін талқылай отырып, бірнеше дәлел
келтіреді.Септеулік шылауды мәтінмен байланыстыра отырып, сөйлем
ішінде орынды қолдана
алады;
|
|
Бағалау
критерийлері:
(жетістік
критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін
нәтиже)
|
-
Тыңдалған
мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, өзектілігі мен негізгі ақпаратты
анықтайды;
-
Тыңдалған мәтін
бойынша сұрақтарға толық әрі нақты жауап
береді;
-
Шылау түрлерін
біледі;
-
Септеулік шылау түрлерін
ажырата алады, сөйлем ішінде орынды
қолданады;
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Тілдік
дағдылар: тыңдалым,
айтылым
|
|
Терминология: асыраушы, жамылғы көрпелер,
иленген тері
|
|
Сөз
тіркестері: Менің ойымша...,
біріншіден...,
сондай-ақ...;
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Әрбір оқушының
пікірін ескере отырып, өзін-өзі яки өзара бағалау арқылы
жауапкершілігін арттырып, жеке тұлға ретінде
қалыптастыру;
|
|
Пәнаралық
байланыстар
|
әдебиет, «Төрт
түліктің пірлері» атты әңгіме; түсіндірме
сөздік;
|
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Ғаламтордан қажет ақпарат
іздеу, интерактивті тақтаны белсенді оқытуға қолдау көрсетуге
арналған құрал ретінде
пайдалану;
|
|
Алдыңғы оқу/
Бастапқы білім
|
Төрт түлік мал
ұғымын біледі,«Төрт түліктің пірлері» әңгімесімен таныс, шылау
түрлерін ажыратады;
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған
жаттығулар
|
Ресурстар
|
|
Басталуы
12
мин.
|
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу,
түгелдеу,оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылардың бүгінгі
көңіл-күйін сұрау арқылы жағымды психологиялық ахуал
туғызу;
Оқушыларды «Жұбыңды
тап» әдісі арқылы жұптастыру. Ол
үшін оқушыларғаөткен тақырып бойынша сұрақтар мен олардың
жауаптарыжазылған кеспе қағаздары таратылады. Оқушылар сұрағы мен
жауабын табу арқылы (сұрақ-жауап
болып)жұптасады.
Мысалы:
1
жұп:Төрт түлікті
ата.
Түйе,жылқы,сиыр,қой(ешкі)
2
жұп:Қазақ халқы жылқыны қалай
дәріптеген?
Қазақ халқы жылқыны,ең алдымен
«ел қорғағанердің жан серігі»деп
дәріптеген.
3
жұп:Жылқының көру аймағы
қандай?
Жылқының көру аймағы 360
градус.
4
жұп:Жылқы қандай түстерді ажырата
алмайды?
Жылқы қызыл мен көк түсті
ажырата алмайды.
5
жұп:Жылқының жасы мен денсаулық
жағдайын атбегілер неге қарап
білген?
Жылқының жасы мен денсаулық
жағдайын атбегілер тісіне қарап
білген.
6
жұп:Қазақ халқы жылқының
қатысуымен қандай жарыстар мен ойындар
өткізілген?
Көкпар, қыз қуу, бәйге,
аударыспақ,теңге ілу
7
жұп:Жылқының көзі түнде көре
ме?
Жылқының көзі түнде өте жақсы
көреді?
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау. Жеке
жұмыс.
Үй
тапсырмасы «Топтастыру» әдісі бойынша жүргізіледі.
Оқушылар берілген кестені толтырып, шылау түрлерін ажыратып жазып
шығу керек. Сондай-ақ шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығын
атап көрсету керек.
Шылаулар:мен,бен, пен, да (де, та, те), және, бірақ,
алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда
да. үшін,
сайын,
сияқты,туралы, бері бұрын, қатар,
бірге, қоса ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды,
(-ді), шейін (дейін),
бетер;
Дескриптор:
Кері байланыс
беру.
Қалыптастырушы
бағалау: оқушылар өзара бағалау жүргізіп, смайликпен
бағалайды;

|
Оқулық
Қазақ
тілі
Бәйшешек
Өткентақырып
бойынша сұрақтар мен олардың жауаптары жазылған кеспе
қағаздар
шылау түрлері
жазылған кестелер
Смайликтер
|
|
Ортасы
20
мин.
|
Жаңа сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында «Төрт түлік малдың
пайдасы» атты сурет көрсете
отырып, «Миға
шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың
тақырыбы ашылады.
Тақтадағы суретке
мұқият қарап, не бейнеленіп тұрғанын айтыңыз? Оның сіздерге
қаншалықты пайдасы бар? Бұл суреттің біздің сабағымызбен байланысы
бар ма? т.с.с сұрақтарды қоюға
болады.

1-тапсырма.
Мәтінмен
жұмыс.
Бірлескен
оқу.
Оқушылар оқулықта
берілген «Төрт түліктің
пайдасы» атты мәтінді аудиожазбадан
тыңдап, мазмұнымен танысады. Сол мәтіннің ішінен тақырыпқа
байланысты берілген жаңа сөздерді(асыраушы, жамылғы
көрпелер, иленген тері) табады.«Оқиға
картасы» әдісі арқылы оқушылар мәтіннің
ішінен ең негізгі ақпаратты теріп, үш қадам арқылы (басы,
ортасы,соңы) баяндайды.
Дескриптор:
-
мәтінді
аудиожазбадан мұқият
тыңдайды;
-
мәтін ішінен жаңа
сөздерді табады;
-
мәтіндегі негізгі
ақпаратты анықтайды;
Кері байланыс
беру.
Қалыптастырушы
бағалау: Мадақтау сөздері жазылған күннің суреті (жарайсың, өте
жақсы)
2-тапсырма. Жеке
жұмыс.Оқушылар«Сұрақ-Жауап» әдісі арқылы мәтін бойынша
оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, өздері мәтіннен тапқан
жаңа сөздерді түсіндіре отырып, талдайды. (мұғалім жаңа сөздерді
түсіндіруде көмек беруі
мүмкін)
Сұрақтар:
-
Қазақ халқы түйені
қалай атайды?
-
Түйенің қандай
ерекше қасиеті бар?
-
Сиыр малының қандай
пайдасы бар?
-
Сиырдың мүйізінен не
жасаған?
-
Қойдың жүнінен
қандай бұйым жасауға болады?
-
Жылқының пайдасы
қандай?
Дескриптор:
-
Оқушылар берілген
сұрақтарға нақты жауап
береді;
-
Жаңа сөздердің
мағынасын түсіндіреді.
-
Жаңа сөздерді
өмірмен байланыстыра
талдайды.
Кері байланыс
беру.
Қалыптастырушы
бағалау: екі жұлдыз, бір
тілек
3-тапсырма. Жеке
жұмыс.«Семантикалық картаны толтыру»
әдісі.Оқушыларға жеке-жеке
семантикалық карталар таратылады. Онда оқушылар берілген септеулік
шылаулардың қай септікке тән екендігін тауып, сол септіктің
тұсына «+» белгісін қояды. Көп нүктенің
орнына тиісті септеулік шылауды
қояды.
Семантикалық
карта
|
Шылау
|
Атау
|
Барыс
|
Шығыс
|
Көмектес
|
|
Бұрын
|
|
|
+
|
|
|
Жуық
|
|
|
|
|
|
Қабат
|
|
|
|
|
|
Туралы
|
|
|
|
|
|
Сайын
|
|
|
|
|
|
Қатар
|
|
|
|
|
|
Кейін
|
|
|
|
|
|
Дейін
|
|
|
|
|
|
Арқылы
|
|
|
|
|
|
Үшін
|
|
|
|
|
Дескриптор:
Кері байланыс
беру.
Қалыптастырушы бағалау:
мадақтау сөздері (жарайсың, әлі де
ойлан)
4-тапсырма. Жеке
жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті септеулік шылауды
қой.
1.Төрт түлік малдың
пайдасы ... жазылған деректер
көп.
2.Түйе ... ешбір
жануар шөлге шыдамды
болмайды.
3.Қой-төрт түліктің
ішіндегі қазақ ...
сүйіктісі.
4.Жер жыртуға
қазақтар сиырмен ... жылқыны да
пайдаланған.
5.Қой шаруашылығы -
әлі күнге ... Қазақстанның мал шаруашылығының басты
саласы.
6. Құнанбайдың жүзге
... жылқысы, мыңға ... қойы
болған.
7.Қазақ халқының
тыныс-тіршілігі мен төрт түлік малы ... тарихтан мол ақпарат алуға
болады.
Дескриптор:
Кері байланыс
беру.
Қалыптастырушы
бағалау: бутерброд

|
Интербелсенді
тақта, слайд
Мәтін тақырыбы
жазылған аудиожазба
Мадақтау сөздері
жазыған күн суреті

Семантикалық
карта
Смайликтер
Сөйлемдер
жазылған кесепе қағаздар
|
|
Аяқталуы
8
мин.
|
Кері
байланыс
«Тегтер бұлты»
әдісі арқылы жүзеге асады. Онда оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ой
қорытынды жасайды.
Мен .........
таныстым.
Маған............
оңай болған жоқ.
Мен
................. қол
жеткіздім.
Мен ................
істей алдым.
......................... болса жақсы болар
еді.
Менің
.....................есімде
қалды.
Мен........................ істеп
көремін.
Бағалау
«Жұлдызды кімге
бересің?» атты әдіс арқылы жүзеге асады.
Мұғалім сабақ соңында «Белсенді оқушы», «Ұтымды жауап», «Креативті
ой», «Шапшаң оқушы» атты номинацияларды атайды. Сөйтіп оқушылардың
пікірін тыңдай отырып,бүгінгі сабақта белсенді болған оқушыларға
жұлдызшалар таратылады.

Үйге
тапсырма:
5-тапсырма.
Мәтінде кездесетін
мақал-мәтелдер мен тиым сөздердің мағынасын ашу. Септеулік шылаудың
әрбір түрін қатыстыра 10 сөйлем жазып
келу.
|
Кері байланыс
парағы «Тегтер бұлты»
Жұлдызшалар

|
|
Қосымша
ақпарат
|
|
Саралау - Сіз қосымша көмек
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай
міндет қоюды
жоспарлайсыз?
|
Сабақты бастамас
бұрын мен оқушыларды «Жұбыңды
тап» әдісі арқылы жұптастырамын.
Онда оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар
жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар сұрақ-жауап болып жұптасу
керек.Бұл әдіс арқылы тек жұпқа бөлу емес, сонымен қатар өткен
тақырып бойынша алған білімдерін тексеру жүзеге
асады.
Үй
тапсырмасы «Топтастыру» әдісі арқылы жүзеге асады.
Онда оқушыларға шылау түрлері жазылған кеспе қағаздары таратылады.
Оқушылар берілген шылауларды түріне қарай (жалғаулық, демеулік,
септеулік) ажыратып жазады. Сондай-ақ, шылаудың басқа сөз
таптарынан айырмашылығын да атап
көрсетеді.
Жаңа сабақты
оқушылар «Миға
шабуыл» әдісі арқылы ашады. Онда
оқушыларға интербелсенді тақтада сурет көрсетіледі. Сол суретті
көре отырып, оқушылар жаңа сабақ тақырыбын болжайды. Одан
соң «Оқиға
картасы» әдісі арқылы оқушылар мәтіннің
ішінен ең негізгі ақпаратты теріп, үш қадам арқылы (басы,
ортасы,соңы) баяндайды. Бұл әдіс арқылы оқушылардың есте сақтау
қабілетімен қатар, мәліметті қаншалықты деңгейде саралай білетінін
көруге болады.
«Сұрақ-Жауап» әдісі арқылы оқушылар мәтін
бойынша оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, өздері мәтіннен
тапқан жаңа сөздерді түсіндіреді.Бұл жерде жаңа сөздердің мағынасын
түсіндіруде мұғалім көмек беріп, оқушылардың жауабын толықтырып
отырады.
«Семантикалық
картаны толтыру» әдісін қолдану арқылы оқушылар
сабақтан алған септеулік шылау туралы білімдерін жинақтап, сол
септеулік шылауларды сөйлем ішінде орынды қолдануды
үйренеді.
Кері
байланыс«Мұғалімге хат» әдісі арқылы жүзеге асады.
Онда оқушылар 1-2 сөйлеммен сабақтың түсінбеген тұстарын жазады.
Бұл әдіс мұғалімнің келесі сабақта нені ескеріп, нені қайта
оқушыларға түсіндіру керектігін білуге көмек
береді.
Қорытынды
бағалау «Жұлдызды кімге
бересің?» атты әдіс арқылы жүзеге асады.
Оқушылар сабақ соңында сабақтың өн бойында «Жетті», «Талпынды» атты
алған смайликтерін есептейді, ең көп смайлик жинаған оқушыларға
жұлдызша беріледі. Сондай-ақ оқушылардың пікірін тыңдай отырып,
бүгінгі сабақта белсенді болған оқушыларға да жұлдызшалар
таратылады. Бұл жерде тек мұғалім тарапынан бағалау емес, сонымен
қатар оқушы пікірі де есепке алынады, өзара бағалау да
жүреді.
|
|
Бағалау -
Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай
жоспарлайыз?
|
Сабақ барысында мен
оқушылардың білім деңгейін, жеткен жетістіктерін бағалау мақсатында
қалыптастырушы бағалауды қолданамын. Оны мен сабақ критерийлеріне
негізделіп құрылған дескрипторлады пайдаландым. Сабақ соңында мен
«Белсенді оқушы», «Ұтымды жауап», «Креативті ой», «Шапшаң оқушы»
атты номинацияларды атаймын. Сөйтіп оқушылардың пікірін тыңдай
отырып, бүгінгі сабақта белсенді болған оқушыларға жұлдызшалар
таратамын.
|
|
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен орындаған
саралау шаралары тиімді болды
ма?
Мен бүкіл уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
|
|
|
Қорытынды
бағамдау
|
|
Қандай екі нәрсе
табысты болды (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе
сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында
сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы
не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге
көңіл бөлу керек?
1.
2.
|