«Тотығу. Оксидтер. Олардың атаулары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тотығу. Оксидтер. Олардың атаулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Бейорганикалық қосылыстардың бірі оксидтермен танысып, олардың атауларымен танысу, тотығу реакциясына анықтама беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ.
















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың атаулары»

(8-сынып)













Химия-биология мұғалімі: Молдабаева Ж.Е








Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың атаулары»



Сабақтың мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың бірі оксидтермен танысып, олардың атауларымен танысу, тотығу реакциясына анықтама беру.


Міндеттері:

Білім беру: Заттардың оттекпен әрекеттесуі-тотығу реакциясы, екі элементтен тұратын біреуі оттек болатын қосылыстарды оксидтер екенін түсіндіру.


Дамыту:Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы білім дамыту.


Тәрбиелеу:Жауапкершілік, ізденімпаздық, ұжымшылдық сезімге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Құрал-жабдықтар: периодтық кесте, кітап, карточкалар.


Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі.(1-2 минут)

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (10-15 минут)

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқыту. (10-15 минут)

ІV. Жаңа тақырыпты қорытындылау. (5-6 минут)

V. Бекіту. (5-8 минут)

VI. Үйге тапсырма .(1-2 минут)

VII. Бағалау. (1-2 минут)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме балалар! Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ?

- Жаңа тақырыпты бастамас бұрын біз үй жұмысын тексерейік.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Оттек қандай заттармен әрекеттеседі?

2.Реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығару реакциясы қандай реакция?

3.Көмірдің оттекпен әрекеттесу реакциясы қалай жүреді жалпы сипаттама?

4.Күкірттің оттекпен әрекеттесу реакциясы?

5. Фосфордың оттекпен әрекеттесу реакциясы?

6.Темірдің оттекпен әректтесу реакциясы?

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқыту.

Заттардың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясына жатады. Оттек заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қызметін атқарады. Оттек барлық металдармен және бейметалдармен әреттесіп, оксидтер түзеді. Мысалы:

4AL+3O2=2AL2O3

2Cu+O2=2CuO


Мұндағы оттек алюминий, мыс атомдарын тотықтырып, алюминий оксидін және мыс (ІІ) оксидін түзеді.


Жай заттардың оттекпен әрекеттесуінің жалпы сызбасы:


жай зат

оттек

оксид


+ =


Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар.


Оксидтердің құрамы екі элементтен тұратындықтан биэлементті қосылыстарға жатады. Биэлементті қосылыстардың формуласында, алдымен тиісті элемент атомының, одан соң оттек атомының таңбасы жазылады.

Мысалы:

Fe2O3-темір (ІІІ) оксиді, дитемір триоксиді.

CuO-мыс (ІІ) оксиді, мыс монооксиді

SO3-күкірт (VІ) оксиді, күкірт триоксиді.

Mn2O7-марганец (VІІ) оксиді ,димарганец гептаоксиді.

AL2O3-алюминий (ІІІ) оксиді немесе диалюминий триоксиді.


Атомдар саны грекше оқылады, яғни моно-бір, ди-екі, три-үш, тетра-төрт, пента-бес, гекса-алты, гепта-жеті т.б

ІV. Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Заттардың оттекпен әрекеттесуі –тотығу реакциясы болып табылады.

Оксидтер дегеніміз- біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған, биэлементті қосылыстар.

V. Бекіту.

Есеп шығару.


1

Формулалары келтірілген заттардың ішінен : KOH, CaO, H2S, H2O, CO2, ALCL3, AL2O3, Fe3O4, SO2.


2

Формулалары берілген оксидтердегі: H2O, B2O3, N2O5, P2O5, N2O3, Fe2O3,Cu2O, Ag2O

Оттекпен байланысып тұрған элементтердің валенттіліктерін элемент таңбасының үстіне жазыңдар.


3

Оксидтердің формулаларын құраңдар:

AL(ІІІ), Li(І), N(V), Hg(І), Cr(ІІІ), Mn (VII)

VI. Үйге тапсырма. §23 оқу,66-бет

1,2,3-стандартты деңгей,

4,5-алгоритмдік деңгей,

6 эврикалық деңгей.


VII. Бағалау.

Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!


DrawObject1


DrawObject2






































DrawObject3












DrawObject4









DrawObject5



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі