Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тотығу тотықсыздану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тотығу тотықсыздану 10 сынып қысқартылған мерзімдік жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________ Оқу ісінің меңгерушісі

А.Т.Абаева


«Қаратал орта мектеп – бақшасы» КММ химия пәні мұғалімі Скакова Аяулым Аскатовнаның қысқа мерзімдік жоспары


Күні


Сынып

10

Сабақтың тақырыбы

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сабақтың мақсаты

Тақырып туралы мәлімет бере отырып, тақырыптың мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге дағдай жасау.есептерді шығарылу жолдарын үйрету арқылы сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді.

Түйінді идея

Өмір бойы өздігінен үйрену.

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе.

Ұйымдастыру. Амандасу.

Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке»

Топқа бөлу. «Есімдер»

Үй тапсырмасы: «Еркін микрофон»

Мақсатын айту.


От шашу





Жүрек макеті,





Жаңа материалдың таныстырылымы.

«Сұрақты тап» әдісі

«Жаңа тақырыпты біз былай түсінеміз»


Топтық бағалау

Интербелсенді тақта, стикерлер, плакат, маркер

Жаңа материалды қолдану.

Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.

Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.

Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.

Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.

ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:

Na0-ē=Na+

Iē=I0

N-3-5 ē=N+2

Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:

Cr+6+3ē=r+3,

S0+2ē=S-2,

Mn+7+5 ē=Mn+2,

Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.

Тотықтырғыш

Тотықсыздандырғыш

+

-

тотығу дәрежесі төмендейді

тотығу дәрежесі артады

тотықсызданады

тотығады

Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері – F2, O2, O3, H2O2, Cl2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO3, H2SO4 (тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNO3 және HCl қоспасы), HNO2, NO2, KMnO4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO2, K2Cr2O2, CrO3, PbO2 және т.б.; әлсіздері – I2, бром суы (Br2+H2O), SO2, Fe3+ және т.б.

Маңызды тотықсыздандырғыштар:күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH3, H3PO3, C, CO, Fe2+, Cr2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2

2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.

0 +1+ 6 -2 +3 +6 -2 0
Al+H
2SO4Al2(SO4)3+H2

3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.


0 +1+6-2 +3+6-2 0
Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):

Al - 3ē Al0 +3 3 2
2H
+1 + 2ē = H2 2 3

5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.


2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.

2 2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.

1. Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу


K+1Mn+7O4-2+ H+1Cl-1 → K+1Cl-1 + Mn+2Cl2 + Cl20 + H2+1O-2

2. Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.

Mn+7 → Mn+2

Cl-1→ Cl0

3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.

Mn+7 +5ē = Mn+2

Cl-1 -ē = Cl0

Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.

2Cl-1 -2ē = Cl20

4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.

Mn+7 +5e = Mn+2 2 ТТШ

2Cl-1 -2ē = Cl20 5 ТСШ

осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.

2KMnO4 +10HCl → KCl +2MnCl2 +5Cl2+H2O

5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.

2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O

ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.

Оқулықпен жұмыс

5

Мынадай реакциялардан тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар, олардың тотығу дәрежелері қалай өзгеретінін көрсетіңдер:

А) Zn+Cl2=ZnCl2

Ә) P2O5 +5C=2P+5CO

Б)2KClO3→2KCl+3O2

6

Электрондық баланс әдісімен мынадай тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрыңдар:

А) C+HNO3=CO2+NO+H2O

Ә)H2S+H2SO3=S+H2O

Б)KI+KIO3+H2SO4=I2+K2SO4+H2O

8

Орынбасу және алмасу реакцияларының теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойыңдар:

А) CuSO4+Fe→

Ә)KI+ …→KCl+…

Б) AgNO3+…→Ag2SO4↓+…

B) Ca(OH)2+HNO3





Өзін-өзі бағалау




периодтық жүйе.







Қорытынды.

«Кезбе тілші» әдісі

Өзін-өзі бағалау


Қосымша оқу


Үйге тапсырма



§



Рефлексия




Маған қызық болды-

Мен қиналдым-

Маған түсініксіз болды -


Үлестірмелі парақша



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12