Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Tourism and English language» «Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тілі пәнін оқытатын мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі КММ



Келісемін Бекітемін

Директордың оқу ісі Мектеп директоры

жөніндегі орынбасары: Н Аульбекова Ж.М.Маймакова







«Tourism and English language»



«Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының бағдарламасы

(оқушы компоненті)

7-сынып







Бағыты: Саяхат



Құрастырған: Танкубаева А.О.

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
















2020-2021 оқу жыл

Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған «Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының бағдарламасы оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Өз елінің түпкі мәдениеті мен тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныстыра алатын болады. Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.









Курстың бағыты: Саяхат



Курстың мақсаты

Оқушылардың шет елдер туристеріне өз өлкесін, елін таныстыруда өз ойын еркін жеткізе білу, оқушылардың коммуникативтілігін дамыту



Курстың міндеттері

  • Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

  • Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.

  • Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру

Өзектілігі:

  1. Бағдарламаның өзектілігі елімізде, Төлеби ауданында туризм басты мәселе болуда, сондықтан жеткіншектеріміз туристтерге туған жерімізді еркін жарнамалап, өз бетінше саяхатшыларды алып жүруге, киелі жерлерді ағылшын тілінде таныстыруға мүмкіндік алады.

  2. Оқушылар өзге шет мемлекет азаматтарымен қарым қатынасқа өз бетінше түсіп, ақпарат алмасады.

  3. Өзінің туған өлкесіне құрметі, отанға деген адалдық сезімі күшейе түседі

  4. Оқушы өзін көпшілік ортада ұстау әдебін үйреніп, өзгеге үйрете алады.





Жаңалығы: Туризм саласындағы тілдік қажеттілікті жүзеге асыру ерекшелігі.

Ерекшелігі: Көпшілік алдында өзін – өзі ұстау мәдениетін практикада қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар жеке тұлға ретінде қалыптаса отырып, өзін – өзі тәрбиелейді.

  2. Оқушылар көпшілікпен араласуды, өзге елдердің мәдениетімен танысады.

  3. Оқушылар жарнамалаудың қыр – сырын үйренеді.

  4. Оқушылар туризм дамуына өз үлесін қосады.


















«Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының күнтізбелік -тақырыптық жоспары

Ұсынылып отырған курс бағдарламасы 1 оқу жылына, аптасына 1 сағатқа негізделіп құрылған. 34 аптаға жылына 34 сағаттан тұрады кіріспе (1сағат),негізгі бөлім 32 сағат, қайталауға (1сағат)

Theme

hour

date

Introduction

1


On board

1


In – flight meals

1


Landing card

1


Baggage in hall

1


A ride downtown

1


Hotel check – in

1


An appointment

1


Breakfast buffet

1


Hotel reception

1


City guide

1


A taxi ride

1


Visitors

1


Connections

1


Fast food

1


Gift store

1


Small talk

1


Routines

1


Lunch

1


Dealing with problems

1


Meeting people

1


About yourself

1


Attractions

1


The menu

1


At the table

1


Interests

1


E - mail

1


Flightseeing

1


At the airport

1


Making friends

1


Souvenirs

1


Communications

1


Good bye

1


Revision

1




Білімді тексеру әдістері:

БФЕ шаблоны - CAF (Consider All Factors)

Креативті матрица - CREATIVE MATRIX

Факт немесе Пікір - FACT or OPINION

Әуе шары - HOT AIR BALLOON

Ыстық орындық - Hot chair

Тұжырымдамалық карта - MIND MAPS

Теледидар дикторы - RADIO PHONE-IN



Әдебиеттер

  1. A Practical English Grammar. Oxford University Press.


  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте»


  1. Қосымша материалдар интернет ресурстарынан алынды.


  1. www.ustaz.ks , www.45min.kz , www.bilimdiler.kz



  1. Basic survival. Macmillan





























Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Танкубаева Абиба Оспановнаның

«Tourism and English language» тақырыбындағы

7-сыныптарға арналған оқушы компоненті курсының авторлық

бағдарламасына

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2020
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12