400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Трапеция 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға пайдалануға қолайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Желілер және қауіпсіздік

Күні:09.06.2017ж

Сынып: 7

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Адилгереева А.Н.

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Вирусқа қарсы қауіпсіздік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.4.2.1-Компьютерді зиянды программалардан қорғау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

  • Вирустың не екенін, вирустың компьютерді зақымдау белгілерін, ақпаратты қорғауды, вирусқа қарсы қауіпсіздік ережелерін және вирусқа тексеруді біледі.

Оқушылардыңкөпшілігіістейалады:

  • Вирусқа қарсы програмаларды біледі және оларды ажыратып, қолдана алады.

Кейбіроқушыларістеугеқабілетті:

  • Компьютерді вирустан қорғау жолдарын, вирустардың жіктелуін ажырата алады.

Бағалау критерийлері

  1. Компьютерлік вирус ұғымын біліді;

  2. Компьютерді зиянды программалардан қорғауды біледі;

  3. Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Компьютерлік вирус- компьютерный вирус- Computer virus

антивирустік программа- антивирусная программа- antivirus program

детектор - detector

доктор- doctor

ревизор- audit

желілік вирустар- сетевые вирусы-Network viruses

макровирустар –макровирусы-macro-viruses

Диалог құруға жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Арнайы жазылған шағын көлемді бағдарламаны ..... деп атаймыз. (компьютерлік вирустар)

  • Вирустар негізгі екі ..... вирустар болып бөлінеді. (резиденттік және резиденттік емес)

  • Қарапайым бағдарламаларға кіріп алып, жасырын жататын, тек белгілі бір шарттар орындалғанда ғана әсер ете бастайтын вирус ..... деп аталады. (логикалық бомбалар)

  • Вирустан сақтану үшін арнайы бағдарламалар ..... болып бөлінеді. (детектор, доктор, ревизор)

  • Тек белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келетін ..... бағдарламалар. (детектор)

Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік пен компьютердегі ақпарат қауіпсіздігін байланыстыра түсіндіру арқылы, азаматтық жауапкершілік құндылықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Биология (азық- түліктердегі органикалық заттарды көбейту, химиялық қоспалардың коп мөлшерде қосылуына жол бермеу), ағылшын тілі (тұрақты және тұрақты емес үстеулердің құрылымын қолдану)

Алдыңғы бөлім

Компьютерлік желі ұғымынбіліді;

Компьютерлік желілердің жіктелуін, компьютерлік желілер топологиясын біледі.











































Сабақтың басы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс

Сабақтың басы

4 минут

















5 минут




Сәлемдесу.Класты ұйымдастыру

Тренинг:«Шаттық шеңбері»

Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін көтеру, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушылар бір - біріне өздерінің аттарын және аттарының бас әрпінен келетін информатикаға қатысты термин сөздерді айтады.

Топтастыру.

Мақсаты:Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірінің ойын тындауға үйрету.

К омпьютер, ноутбук және планшеттің суреті бар қағаздарды таңдайды. Ол суреттердің артында детектор, доктор, ревизорсөздері жазулы тұрады.

1 -топ суреті «детектор», 2-топ суреті «доктор», 3- топ суреті «ревизор»

«Техникалық диктант» әдісі (топтық жұмыс)

(үй тапсырмасы тексеріледі)

Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Ү ш топқа ортақ дұрыс және бұрыс сөйлемдер оқылады. Дұрыс сөйлемге “+”, дұрыс емес сөйлемге “-”таңбасын қою арқылы орындайды.

Бағалау: үш шапалақ.







Кеспе қағаздағы суреттер













Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы

2 минут












14 минут







1 минут


Сабақ тақырыбын тану. Ребус шешу«Антивирус» (жеке, топтық жұмыс)

Мақсаты:Жаңа сабақтың тақырыпты ашу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3,5 ,, 4,5,9 ,,


Ребусты шешу арқылы бүгінгі тақырыбымызбен байланысты бір термин сөзді таба аласыздар деп нұсқау беремін.


Бағалау: саусақ арқылы бағалау.

«Жигсо» әдісі . (жеке, топтық жұмыс)

Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша теориялық білімдерін және білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеттерін арттыру.

1.Мәтінді жеке түсініп оқып алады;

2. Талқылайды;

3. Постерге түсіріп, әр топ қорғайды;

Б Рисунок 1 ағалау: 2жұлдыз, 1 тілек.


Сергіту сәті

Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңілдерін көтеру.






Интерактивті тақта










мәтін парақтары,

флипчарт, марк





видеобейне

Сабақтың соңы









10 минут











































6 минут











3 минут

Деңгейлік тапсырма (жеке жұмыс)

Мақсаты:Әр оқушының білімін деңгей бойынша тексеріп, сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын анықтау.

1 деңгей.

1. Жұмыс үстелінен антивирустық программаны табыңдар.

2. Компьютерді вирусқа тексеріңдер.

2-деңгей.

  1. Берілген антивирустық бағдарламалардың атауы мен белгілерін сәйкестендір:

Антивирус атауы

Белгісі

Avast

Doctor Web

Eset Nod 32

Avira

Kaspersky

Norton

2. Жұмыс үстелінен антивирустық программаны тауып, компьютерді вирусқа тексеріңдер.

3-деңгей.

  1. Берілген антивирустық бағдарламалардың атауы мен белгілерін сәйкестендір.

  2. ИGroup 1 нтернеттен “360 Total Security” атты вирустан қорғау программасын жүктеңдер. Жүктелген программаның көмегімен компьютерлеріңдегі вирусты тексеруден өткізіңдер.

Бағалау: смайлик арқылы бағалау.

Дискриптор: - вирусқа қарсы

бағдарламалармен жұмыс

жасайды;

  • антивирустық

бағдарламалардың атауларын

ажыратады.



«Өзіңді тексер» әдісі (жұптық жұмыс)

Мақсаты: Оқушылардың сабақ бойы алған білімдерін жүйелеп, жеке және жұптық жұмыс жасауға, шапшаңдыққа үйрету.

MyTest бағдарламасында шағын тест орындатамын.

Ынталандырушы бағалау (ауызша мадақтау)

Дискриптор: - компьютерлік вирус туралы

біледі;

  • компьютерді қорғауды біледі;

  • вирусқа қарсы

бағдарламалардың

ажыратады.

Кері байланыс «Бутерброды»

Мақсаты:

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау,

білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін, бүгінгі тақырып бойынша қай деңгейде тұрғандығын анықтау.

Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін сындарлы сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру.

















Компьтер, кеспе қағаздары























смайликтер

















стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныпта жақсы атмосфера қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін»ұйымдастыру, алдыңғы білімді еске түсіру үшін «Сөзді тап» әдісін қолданамын.Бүгінгі сабақтың тақырыбын «Ребус» шешу арқылы ашқызу. Сыныпта оқушылар әр деңгейде болғандықтан оларға деңгейлік тапсырмаларды беремін.

Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын. Бас бармақ әдісі, смайликтер арқылы, үш шапалақ,

Дене,көз гимнастикасы жасалынады (немесе қысқа уақыттық сергіту сәті жүргізіледі).

Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі