Тақырып бойынша 31 материал табылды

Трапецияның ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Аудан

Күні: 30.01.2020ж.

Сынып: 8 «А»

Пәні: Геометрия

Мектеп: Қаспан орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Б.Лаханова

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Трапецияның ауданы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсат тары (оқу бағдарлама сына сілтеме)

8.1.3.1.13

трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Трапецияның ауданының формуласын біледі

Басым оқушылар: Трапеция ауданының формулаларын түрлендіріп есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: күрделі есептерді шығара алады


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...


Бағалау критерийлері

- трапецияның ауданының формулаларын біледі;

- трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.





Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы есептеу жұмыстарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Бір-біріне құрметпен қарауға баулу, адамгершілік қасиеттерін нығайту. Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену.





Пәнаралық байланыс

Практикалық есептер арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.


Алдыңғы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарл. кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

0-3 мин





3-10 мин

А)Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Б)Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді белгілейді.

«Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен материалды қайталау.

  1. Трапеция дегеніміз не?

Трапеция деп тек қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрышты атайды.

  1. Трапецияның элементтерін атаңдар?

Трапецияның төбелері, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапециияның диагональдері, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, бұрыштары.

  1. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.

  1. Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?

Тең бүйірлі трапеция, тік бұрышты трапеция

  1. Трапецияның ауданын табу формуласы

а) Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу

Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең. ,

 — трапецияның ауданы,  — табаны,  — табаны, h – биіктігі

б) Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу

S = m*h
S
 —трапецияның ауданы, h — биіктігі, m —трапецияның орта сызығы

с) Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу;

S —трапецияның ауданы, d1,d2 — трапецияның диагональдері
α — трапецияның d1 және d2 диагональдері арасындағы бұрыш

д) Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу.





слайд №2

форму

лалар;

слайд №3


Сабақ

тың ортасы

10-35мин

Тапсырма №1

«Ширату тесті» \жеке жұмыс\

  1. Трапеция ауданы келесі формуламен есептелінеді:

А) В) С)

2. Трапецияның параллель қабырғалары 6 см және 9 см, ал оның биіктігі

4 см. Трапеция ауданы:

А) 216 см2 В) 60 см2 С) 30 см2


3. Трапеция ауданы .... . . . . . .тең.

А) табандарының қосындысын биіктікке көбейткенге

В) табандарының жарты қосындысын биіктікке көбейткенге

С) табандарын биіктікке көбейткенге


4. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса,

трапецияның ауданын тап.

А) 60 см2 В) 16 см2 С) 30 см2


  1. Трапецияның бүйір қабырғаларын орталарын қосатын кесіндіні

трапецияның ....... . . . . деп атайды.

А) диагональ В) биіктігі С) орта сызығы

  1. Трапеция биіктігі 20 см, ауданы - 400 см2 . Трапецияның орта сызығын табыңыз.

А) 100 В) 20 С) 22

7. Трапеция табандары 10 см және 35 см, ал ауданы 225 см2. Трапеция

биіктігін табыңыз.

А) 9 В) 10 С) 7

8. Трапецияның орта сызығы табандарының … … … … . тең.

А) қосындысының жартысына В) көбейтіндісіне С) қосындысына

Жауабы: 1.С; 2.С; 3.В; 4.А; 5.С; 6.В; 7.В; 8.А;


Бағалау критерийі:- трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Дескриптор:

  • трапецияның ауданын табу формуласын біледі.

  • трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табады;

Бағалау: өзара бағалау жүреді.


Тапсырма №2

«Жұпта талқылау» әдісі \жұптық жұмыс\


а) Трапеция ауданы 36 см2, ал биіктігі 2 см-ге тең. Егер трапеция табандары 4:5 қатынаста болса, табандарын табыңыз. Жауабы: 16 және 20 см.

Бағалау критерийі: - трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Дескриптор:

  • Трапецияның биіктігін дұрыс табады;

  • Трапецияның табандарын дұрыс табады;

  • Трапеция ауданының формуласын қолданады;

  • Трапецияның ауданын дұрыс есептейді.

Сергіту сәті: «Шрифтограмма»

ТІК + ІК + БИ = БИІКТІК

ГО +ДИА + НАЛЬ = ДИАГОНАЛЬ

МУ+ РОФ + ЛА = ФОРМУЛА

АРТ + ЯИЦ + ПЕ = ТРАПЕЦИЯ

РҰБ+ШЫ+ҮШ=ҮШБҰРЫШ

НАНТ+КРИ+СИД+МИ=ДИСКРИМИНАНТ


Тапсырма №3

«Конвертегі есептер»

1. Трапецияның биіктігі 7 см, ал табандарының біреуі екіншісінен 5 есе үлкен. Егер трапеция ауданы 84 см2 болса, оның табандарын тап. Ж: 4 және 20

2

Тік бұрышты трапецияның табандары 6 см және 9 см, ал үлкен бүйір қабырғасы 5 см –ге тең. Трапецияның ауданын табыңыз. Жауабы: 30 см2

3

Тең бүйірлі трапецияның табан қабырғалары 8 және 14 см тең, ал ауданы 44 см тең. Трапецияның бүйір қабырғаларын табыңдар.

Бағалау критерийі: - трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Дескриптор:

  • Трапецияның биіктігін дұрыс табады;

  • Трапецияның табандарын дұрыс табады;

  • Трапеция ауданының формуласын қолданады;

  • Трапецияның ауданын дұрыс есептейді.


слайд №4

үлестір

мелер;

.


Сабақтың соңы

( 36-40мин)

Кеірі байланыс

Бүгін мен ................ білдім

Маған ........ қызықты болды

Маған ..................... қиын болды

Мен ......... тапсырманы орындадым

Мен .................................... түсіндім

Енді мен ..........................................

Үйге тапсырма беру. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сыныпта талқылап, ойларын жинақтап, қалай орындауға болатынына бағыт алады.

Бағалау. «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы бағалап өту


Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау—оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қосымша есептік тапсырмалар беру арқылы

Өзара бағалау жүргізу арқылы, жұптық бағалау, дескрипторлар арқылы бағалау жүргіземін


Интербелсенді тақтаны уақытылы қодану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұр ыс қойылған ба? Ия

Оқушылардың барлы ғы ОМ қол жеткізді ме? Ия

Жет кізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргіз ілді ме? Ия

Сабақтың уақыттық кезең дері сақталды ма? Ия

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? жоқ

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды?



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2021
827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12